GIGA Басқарушы комитеті Қазақстанда өзінің бірінші отырысын өткізді

2021 жылы GIGA бастамасының арқасында 38 қазақстандық мектеп пен 20 мыңға жуық бала интернетке қол жеткізді

24 Қаңтар 2022
UNICEF Kazakhstan/2021/Ruslan Karsamov
UNICEF Kazakhstan/2021/Ruslan Karsamov

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар 2022 жыл – Бүгін елордада Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Асхат Оразбектің төрағалығымен GIGA Басқарушы комитетінің бірінші отырысы өтті. Комитет 2021 жылы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ), БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Халықаралық электр байланыс одағы (ХЭО) арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде құрылды. Ол Қазақстан Үкіметі тарапынан жобаны үйлестіруде жетекші рөл атқарады.

Комитет мүшелері бірінші отырыста Giga бастамасының жұмыс нәтижелерін, жыл барысында жеткен жетістіктерін, атап айтқанда Түркістан облысындағы 38 ауыл мектебін кең жолақты интернетке қосуын және 2022 жылға қойылған жоспардарды талқылады. Дәлірек айтқанда, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-мен (ҚР БҒМ) бірлесіп қосылған мектептердегі интернет жылдамдығын мониторингілеу, сондай-ақ интернетте балаларды қорғау үшін қауіпсіз және сенімді цифрлық кеңістік құру бойынша міндеттер.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оразбек GIGA Басқарушы кеңесінің бірінші отырысында аталмыш бастаманы Қазақстанда жүзеге асырғаны үшін ЮНИСЕФ пен ХЭО-ға алғыс білдірді. Ол пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан, өткен жылы белгілі оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті: «Түркістан облысында мектептерді кең жолақты интернетке қосу бойынша алғашқы қадамдар жасалды. БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы Өкілдігі тарапынан алдағы бес жылда барлық қазақстандық балаларды интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді жұмыс жоспары әзірленді». Сөз соңында вице-министр Қазақстанның 2020 жылы Қазақстан Үкіметі, ЮНИСЕФ және ХЭО арасында қол жеткізген келісімдердің мақсатына сенім білдірді.

Түркістан облысының әкімдігі мектептерді Қазақстанның басқа облыстарында тарату үшін оларды қосудың табысты моделі тәжірибесімен бөлісті. Giga бастамасының арқасында Түркістан облысының ауылдарында қосылған интернет аймақ мектептеріне оң әсер етеді. Оқушылар онлайн-білім беру ресурстарына қол жеткізді.

Отырысқа Қазақстан ЮНИСЕФ, ХЭО Өңірлік бөлімшесі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, «Зерде» Ұлттық ақпараттық холдингі», «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркі» Корпоративтік қоры, Алматы Менеджмент Университеті ББМ, Түркістан облысының әкімдігі, ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ қатысты.

GIGA - бұл ЮНИСЕФ пен ХЭО-ның әрбір мектепті кең жолақты интернетке қосу жөніндегі жаһандық бастамасы, оған Қазақстан әрбір баланы сапалы білім алу және одан әрі мамандық таңдау үшін кең ауқымды мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін қосылды. Бүгінгі таңда әлемнің 41 елінде 1 000 0000 мектеп GIGA картасына енгізілді, ал 3200 мектеп бастаманың серіктестеріне айналды. Олардың қатарына Түркістан облысының 38 ауыл мектебі де бар.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен сапалы білім беру қызметін қамтамасыз ету үшін мұғалімдердің құзыреттілігі мен цифрлық дағдыларын арттырудың да маңызды екенін атап өтті. Сондықтан 2021 жылдың желтоқсан айында Giga бастамасы аясында интернетке қосылған Түркістан облысының 60 бастауыш және орта мектептерінің мұғалімдері инклюзивті аралас оқыту курсы бойынша платформа арқылы әдістемелік қолдау көрсету мүмкіндігімен аралас оқыту бойынша ЮНИСЕФ-тің 72 сағаттық онлайн-бағдарламасынан өтті. Аралас оқыту дегеніміз - цифрлық оқыту элементтерімен аудиторлық оқытудың дәстүрлі формаларын біріктіру. Ван Дизен мырза 2022 жылы ақпанда ҚР БҒМ жанындағы Ақпараттық-талдау орталығымен (АТО) ынтымақтастықта интернет қызметтерінің сапасын мониторингілеу және бағалау үшін интернеттің нақты жылдамдығы туралы мәліметтерді беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату бойынша мектептерде жұмыс басталатынын мәлімдеді. «Қазақстанда қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан балалар әлі де қиындықтарға тап болуда. Ауылдық және қалалық балалар арасында цифрлық алшақтық әлі де бар. Бұл төмен жылдамдықтың немесе интернеттің болмауының салдары. Бұл білім беру ресурстарына қол жеткізуді қиындатады, білім беру сапасына және баланың әлеуетін дамытуға нұқсан келтіреді. Бүгінгі отырыс және онда қабылданған шешімдер мектептерді басқа өңірлерде сапалы интернетке қосуды жалғастыруға көмектеседі деп үміттенемін, бұл цифрлық алшақтықты азайтуға және тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір қазақстандық бала үшін білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп үміттенемін», - деді Артур ван Дизен.

ТМД елдеріне арналған ХЭО Өңірлік бөлімшесінің Өңірлік директоры Наталья Мочу әлемдегі барлық интернет пайдаланушылардың үштен бірін балалар құрайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл үрдіс Қазақстанда да байқалады, онда 6-15 жас аралығындағы балалардың 85 пайызы интернет қолданушылары болып табылады. Интернет ұсынатын мүмкіндіктер тәуекелдермен де ұштастырылған. «Сондықтан мектептерді қосу барлық Интернет пайдаланушылардың, әсіресе балалар мен жастардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану туралы білімдерін арттырумен қатар жүруі тиіс», - деп атап өтті Мочу ханым. ХЭО Басқарушы комитетінің отырысында ХЭО мен ЮНИСЕФ-тің күш-жігерін біріктіре отырып, интернетте балаларды қорғау үшін қауіпсіз және сенімді цифрлық кеңістік құру жөніндегі нормативтік-құқықтық және өзге де шараларға, соның ішінде АКТ саласында пайдаланылатын шараларға шолу жасауды ұсынды. Бұл шолу ХЭО-ның балаларды онлайн қорғау жөніндегі Нұсқаулығына негізделеді деп күтілуде. Мочу ханым былай деп қосты: «Басқарушы комитет - бұл күш-жігерді біріктіріп, әр ауыл мектебін қосуға қол жеткізе алатын және осы мектептерді ауылдық елді мекендерді қосу хабына айналдыратын алаң болып табылады».

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.