Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ-тің бірлескен бағдарламасы 1500 балаға Қазақстанда туу туралы құжат алуға көмектесті

ЕО, ЮНИСЕФ және ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бірлескен жұмыс нәтижелері және көші-қон процестерінде балаларға қатысты кездесетін мәселелер туралы айтып берді

26 Мамыр 2022
Children in migration 2022
Children in migration 2022

АЛМАТЫ, 2022 ж. 27 мамыр – Көші-қон процесінде 1000-нан астам бала Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, сондай-ақ ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен әріптестікте іске асырылатын Еуропалық Одақ пен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Бірлескен бағдарламасының арқасында білім беру, әлеуметтік және басқа да қызметтерге қол жеткізді. Бүгін Алматыда Еуропалық Одақ қаржыландыратын Қазақстандағы көші-қон процестерінде балаларды қорғау жөніндегі бірлескен төрт жылдық бағдарламаның нәтижелері (2017-2022 жж.) ұсынылды.

Ресми деректер бойынша, 2020 жылы Қазақстанға 2 млн 35 мыңнан астам шетелдік келген (2019 жылы – 6 088 252), оның ішінде 371 193 азаматқа уақытша тұруға рұқсат берілген. Көбінесе олар медицина мен білімге қол жеткізуді, сондай-ақ қанаудан, зорлық-зомбылықтан және ұсталудан қорғау тетіктерін қажет ететін балалармен бірге келеді. БҰҰ бағалауы бойынша, 2019 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда елден тыс жерде туылған 432 420 бала өмір сүреді. Бұл сан көші-қон процесінде әртүрлі қауіп-қатерлерге тап болуы мүмкін балалардың санын көрсетуі ықтимал.

«Толық төрт жылдық жұмыстың маңызды нәтижесі құжаттары жоқ аналардан туылған балаларды тіркеудің заңнамалық негізін құру болды. Соңғы үш жыл ішінде медициналық мекемелерде туылған 1500 бала туу туралы құжаттарын алды. Бұл дегеніміз, олар балабақшаға, мектепке барып, орта білім туралы сертификат ала алады, сондай-ақ медициналық көмек пен қажетті әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алады. Бұл балалар «көрінбейтін» балалар санынан шығады. Құжаттау мәселелері - мигранттар мен олардың отбасылары жиі кездесетін мәселелердің бірі. Аталған мәселелер ата-анасынан айрылу қаупінен бастап олардың көші-қон мәртебесі негізінде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартуға дейін балалар үшін ауыр зардаптарға алып келеді. ЮНИСЕФ ұлтына, азаматтығына, көші-қон мәртебесі мен елге келу мәртебесінің болуы немесе болмауына қарамастан, барлық балаларға ҚР азаматтары-балалармен тең дәрежеде білім алуға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге шақырады», - деп атап өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі Артур ван Дизен.

Ол сондай-ақ бағдарлама нәтижелеріне бірінші кезекте бірқатар тартылған тараптардың, оның ішінде ҚР уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, елшіліктердің, қоғамдық ұйымдардың, Еуропалық Одақтың, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның және тағы басқалардың үйлестірілген күш-жігерінің арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. Артур ван Дизен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылығымен төрт жылдық бағдарлама шеңберінде әзірленген қорғау қызметтерін көрсету моделі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында "Родник", "Сана сезім" ҮЕҰ және Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросымен (АҚЗСҚХБ) бірлесіп сәтті тестіленгенін атап өтті. Нәтижесінде көші-қон процестерінде 1273 бала мемлекеттік балаларды қолдау орталықтары мен қоғамдық ұйымдар базасында қорғау, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қызметтер алды. ЮНИСЕФ пен ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бұл тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне таратуды ұсынып отыр.

«Бағдарлама нәтижесінде жүйені одан әрі нығайту, көші-қон процестеріндегі балалар үшін көрсетілетін қызметтерді және нормативтік-құқықтық базаны жақсарту жөнінде бірқатар маңызды ұсынымдар әзірленді. Мен уәкілетті мемлекеттік органдарға дайындалған ұсыныстарды жұмысқа қабылдауды ұсынғым келеді. Халықаралық серіктестерге ынтымақтастық пен қолдау үшін алғыс айтқым келеді және Қазақстандағы әрбір баланың игілігі үшін одан әрі бірлескен жұмысқа дайын екенімізді білдіргім келеді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.

Бағдарлама барысында көші-қонда балалармен жұмыс істейтін мамандардың кадрлық әлеуеті артты. Халықаралық стандарттарға сәйкес, балалармен тікелей жұмыс жүргізетін 1000-ға жуық қазір жұмыс істейтін және болашақ мамандар оқытылды.

Әр түрлі ведомстволар өкілдерінің қосылып жұмыс жасауын талап ететін көші-қон процестеріндегі балалардың күрделі жағдайлары жедел шешілген алаңдағы ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің жұмысы өзінің тиімділігін көрсетті.

Еліміздің астанасы мен Алматы қаласында балаларды қолдау және бейімдеу орталықтары базасында көші-қон процесінде балаларға арналған достық қолдау көрсету бөлмелері ашылды. Жөнделген үй-жайлар балаларға осы орталықтарда уақытша болған кезінде қамқорлық пен қолдауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың анықталған отбасы мүшелерімен қарым-қатынасына ықпал етеді.

«Көші-қон процестеріндегі балалар бала ретінде де және мигрант ретінде де екі есе осал болады. Оларға ерекше назар аударып, қорғау және сапалы қызметтер көрсету қажет. Біз ЮНИСЕФ-пен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен және Балалар құқықтарын қорғау комитетімен әріптестігіміз нақты нәтижелер беріп, көші-қон процестеріндегі көптеген балалар қосымша қорғанысқа ие болғанына қуаныштымыз. Біз әрқашан балалар үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек және олардың құқықтарын қорғауда ешқашан ымыраға келмеуіміз керек», - деп түйіндейді Қазақстандағы Еуропалық Одақтың елшісі Кестутис Янкаускас мырза.

Бағдарлама шеңберінде алғаш рет көші-қонға ұшыраған және Қазақстанда қасында ілесіп жүрген адамсыз және ажыратылған балалар туралы зерттеу жүргізілді. Жүргізілген талдау негізінде жасына қарамастан, шекарадан өту кезінде барлық балаларды тіркеу қажеттілігі; кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына балаларды орналастыруда туыстардың қамқорлығының басымдығы не балаларды отбасына орналастырудың өзге балама нысандары; кейс-менеджментті нығайту; отбасының жұмыс істеуін жақсарту және отбасылардың қажетсіз ажырауын болдырмау үшін қиындықтарды еңсеру үшін әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті арттыру сияқты және т.б. бірқатар нақты ұсынымдар шығарылды.

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының және ЮНИСЕФ-тің барлық ұсынымдары конференцияда қабылданған қарарға енгізілген. Қарар құзыретті органдарға жіберілетін болады.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

Анықтамалық ақпарат

Көші-қон процестерінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі көп елдік бағдарламаны ЮНИСЕФ Еуропалық Одақтың қолдауымен бірқатар елдердің, соның ішінде Бангладеш, Малайзия, Мьянма, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Таиланд үкіметтерімен ынтымақтастықта іске асырады. Негізгі мақсаты балалардың құқықтарын көші-қон процестерінде тиімді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Іске асыру кезеңі: 2017-2022 жылдар.

 

Зерттеулер мен басылымдар

Трансшекаралық ақпарат алмасу кезінде балаларды қорғау бойынша олқылықтар мен мүмкіндіктерді талдау жөніндегі есеп

Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталықтары мен өмірлік қиын жағдайда балаларды қолдау орталықтары үшін көші-қон процестерінде балаларды қолдау жөніндегі практикалық нұсқаулық

Көші-қон процестеріндегі балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтер моделін ведомствоаралық үйлестіру жөніндегі нұсқаулық

ҮЕҰ арналған көші-қон процестерінде балаларға қолдау көрсету бойынша практикалық нұсқаулық

 

Еуропалық Одақ ноу-хауды, ресурстар мен тағдырларын біртіндеп біріктіруге шешім қабылдаған 27 мүше мемлекеттен тұрады. Бірге, 60 жылдық кеңейту кезеңінде олар мәдени айырмашылықтарды, толеранттылық пен азаматтық бостандықтарды сақтай отырып, тұрақтылық, демократия және тұрақты даму аймағын құрды. ЕО әлемдегі ең ірі гуманитарлық көмек доноры болып табылады. Еуропалық Одақ жыл сайын миллиондаған қақтығыстар мен апаттардан зардап шеккендерге көмектеседі. Қазақстандағы ЕО қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің веб-сайтына кіріңіз және оның Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақтарын қадағалаңыз.

 

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.