Қазақстан, Еуропалық Одақ және ЮНИСЕФ қақтығыс аймақтарынан оралған отбасылар мен балалардың реинтеграциясы бойынша бірлесіп жұмыс істеуде

Бірлескен бағдарлама аясында 130 қазақстандық маман қақтығыс аймақтарынан оралған отбасылар мен балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді үйренді

08 Маусым 2022
Children in migration 2021 in Shymkent
UNICEF Kazakhstan/2021/Roman_Gussak

Орал, 2022 жылғы 9 маусым – Бүгін Еуропалық Одақтың, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), "БҰҰ-әйелдер" құрылымының, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері бірлескен бағдарламаның нәтижелерін талқылау үшін Орал қаласында жиналды.

Бағдарламаны Еуропалық Одақ қаржыландырады және ол қақтығыс аймақтарынан оралған әйелдерді, балалар мен отбасыларды қолдауға, қоғамдастықтарға сәтті қайта кіруге, сондай-ақ оларды қорғауға және әлеуметтік қызметтер мен білімге қол жеткізуге бағытталған.

Бағдарлама нәтижесінде 130 қазақстандық маман қақтығыс аймағынан оралған балалармен және отбасылармен жұмыс істеудің құқықтық мәселелері мен этикалық қағидаттары бойынша 10 күндік курстан өтті. Әлеуметтік педагогтар мен қызметкерлер, психологтар, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, мектептер мен университеттердің өкілдері "стигма" ұғымын, кемсітушілікке қарсы практика мен тілді зерттеді. Олар жергілікті қауымдастықтарға қайта кірігудің тиімділігін арттыру, сауаттылық пен азаматтықты дамыту жолдарын талқылады. Курс қатысушылары өздерінің қарым-қатынас дағдыларын, кейс-менеджмент жүйесін және жарақаттан кейінгі синдроммен жұмыс істеу әдістерін меңгере алды.

Курс соғыс аймақтарынан оралған балалармен жұмыс істейтін 89 маманның арасында, осы жылдың наурыз айында өткен қажеттіліктерді бағалау нәтижелері бойынша жасалды.

Бірлескен бағдарлама аясында халықаралық сарапшылар мен Қазақстандық ҮЕҰ "Ұрпақтар арасындағы әңгімелер" реинтеграциясына жаңа көзқарас әзірлеуде. Ол қақтығыс аймақтарынан оралған балалардың азаматтығы мен өзін-өзі тануын дамытуға бағытталған. Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің бірқатар өңірлерінде прогресті бағалау және тәсілдемені сынау жүргізіледі.

"Қақтығыс аймақтарынан оралған балалар әлемдегі бірде-бір бала кездестірмеуі керек қиын тәжірибені бастан өткерді. Балалардың құқықтары мен мүдделерінің елеулі бұзылуы олардың физикалық және психикалық денсаулығына апатты салдарға әкеледі. Қазақстан өз азаматтарының көпшілігін Сириядан, Ирактан отанына қайта алып келген санаулы елдердің бірі болып табылады. Оның ішінде 520 адамды балалар құрады. Кейбір репатриацияланған балалар Қазақстанда ешқашан болған емес, қосымша тіл үйренуді қажет етті және оларға қамқор болатын туыстарымен алғаш рет кездесті. Бұл балаларға әлеуметтік қызметтердің көмегі мен қолдауы қажет. Біз бірлескен жоба аясында осы балалармен жұмыс істейтін мамандардың әлеуетін арттыру арқылы көмек көрсете алатынымызға, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтармен диалог орнату арқылы олардың қайта интеграциялануына қолдау көрсете алатынымызға қуаныштымыз. Балалар үйлеріне оралды, оларды қорғауымыз керек", - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Негізінде балалармен жұмыс істейтін мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру үшін ұлттық ресурстық орталық құрылды. Бағдарлама міндеттерінің бірі - Қазақстанның басқа аймақтарындағы облыстық университеттермен бірлескен жұмыс пен байланысты орнату.

"Балалар мен отбасылар Қазақстанға қайтарылғаннан кейін сектораралық тәсілді қалыптастыру, оңалту орталықтарынан мемлекеттік органдар мен практиктердің қатысуы маңызды болды, бірақ интеграция процесі баяу жүріп жатыр, ол әрбір балаға мұқият қарауды талап етеді. Халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасу жергілікті жерлерде практиканы құжаттауға және жақсартуға көмектеседі", - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев.

Бағдарламаның нәтижелерін талқылағаннан кейін ЮНИСЕФ өкілдері әйелдер мен балаларға жергілікті қоғамдастыққа қайта кірігуіне көмектесетін Қазақстандық ҮЕҰ-мен кездесті.

"Қақтығыс аймақтарынан оралған балалар мен отбасыларды тиімді (қайта)интеграциялау - өте күрделі міндет. Барлығына сәйкес келетін жалғыз шешім жоқ, біз бәріміз тәжірибеден үйренуіміз керек және қолда бар ең жақсы тәжірибені пайдалануымыз керек. Қазақстанда бұл салада бірегей тәжірибе жинақталған. Еуропалық Одақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігімен, ЮНИСЕФ-пен, «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен, Бала құқықтарын қорғау комитетімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен үздік тәжірибе алмасып, техникалық көмек көрсетуге қуанышты”, - деп атап өтті Йоханнес Стенбек Мадсен мырза, Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы. 

"Балалардың елге оралғанына 3 жылдан астам уақыт өтті, осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша көптеген жұмыстар атқарды. Жалпы, Қазақстанның қолданып отырған жұмыс әдістері өз жемісін беріп, бұл ең алдымен балалардың өздеріне әсер еткенін көріп отырмыз, дәлірек айтсақ, қазірдің өзінде балалардың 51 пайызы оқу озаттары мен жақсы оқитындар. Балалардың 30%-ы түрлі олимпиадалардың, шығармашылық байқаулардың және жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздары атанды. Әрбір баланың елге лайықты азамат болатынына шын жүректен сенеміз. Бұл бізді қуантпай қоймайды, өйткені баланың кез келген әрекеттегі жетістігі балаларды сәтті оңалту мен әлеуметтендірудің тиімділігінің көрінісі болып табылады", - деп қосты ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев. 

"Біздің жұмысымыз репатриант әйелдерді жақсарған және бейбіт өмір сүруі үшін қайта реинтеграциялауға бағытталған."БҰҰ-әйелдер" гендерлік аспектілерді ескеретін және дәлелді деректерге негізделген саясаттарды және осындай оңалту іс-шараларында әйелдердің дауыстарын ескеруге бағытталған бағдарламалық іс-шараларды әзірлеуде үкіметті және басқа әріптестерді қолдайды",- деді Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымының өкілі Мария Доценко. 

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

Редакторларға арналған ақпарат: 

Еуропалық Одақ 27 мүше мемлекеттен тұрады, олар біртіндеп ноу-хауды, ресурстар мен тағдырларды біріктіруге шешім қабылдады. Бірге, 60 жылдық кеңейту кезеңінде олар мәдени айырмашылықтарды, толеранттылық пен азаматтық бостандықтарды сақтай отырып, тұрақтылық, демократия және тұрақты даму аймағын құрды. ЕО әлемдегі ең ірі гуманитарлық көмек доноры болып табылады. Еуропалық Одақ жыл сайын миллиондаған қақтығыстар мен апаттардан зардап шеккендерге көмектеседі. Қазақстандағы ЕО қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің веб-сайтына және оның Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына кіріңіз.

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.