Азаматтығы жоқ балалар: Тимур мен Сұлтанның оқиғасы*

Азаматтығы жоқ балалардың негізгі құқықтарға қол жетімділігі шектеулі

ЮНИСЕФ
Children without a nationality have limited access to basic rights
UNICEF Kazakhstan/ Nazira Kaiymova
08 February 2021

Тимурдың туу туралы куәлігі де, азаматтығы да жоқ. Анасының жеке басын куәландыратын құжаты болмағандықтан, Қазақстан азаматтары ала алатын туу туралы куәлік Тимурға берілмеген. Енді мемлекет оған ешқалай көмек көрсете алмай отыр. Не әлеуметтік, не білім беру жағынан, құқықтық тұрғыдан да қол ұшын бере алмайды.

2020 жылдың тамыз айында Тимурдың інісі Сұлтан өмірге келді. Сол кезде төрт айлық нәрестенің алдынан ағасы тап болған қиындықтар қайта шықты. Қазақстан азаматтарына тиесілі бірқатар жеңілдіктен олар осылайша қол үзіп отыр. Ағайынды балалардың оқиғасын айтып бермес бұрын әңгімені олардың анасының бастан кешкенін баяндаған жөн болар.

Zukhra Mukhamedova’s kitchen
UNICEF Kazakhstan/ Nazira Kaiymova

Осыдан бірнеше жыл бұрын Зухра Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы шекараны заңсыз кесіп өтеді. Жалғы өзі ғана емес, бір топ лолылармен бірге жүрген. Сөзіне сүйенсек, олардың бәрін бір төлқұжатпен кіргізген. Ол кезде Зухраның бауырында үлкен ұлы болған. Қазақстанға келіп қызды болады.

Бірде аймақтық БАҚ таңқаларлық жаңалық жариялады - аяусыз ұрып-соққан бес жасар бала балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Бұл Зухраның үлкен ұлы еді. Ол анасымен және әпкесімен бірге құлдыққа түсті. Жергілікті тұрғын оларды өтіп бара жатқан адамдардан қайыр сұрауға мәжбүрлеп, барлық ақшаны өзіне алып алатын. Зухра айтуынша бір күні бір баласымен, екінші күні екіншісімен қайыр тілеуге шығатын.

Облыстық балалар ауруханасының сараптамасы баланы оқтаумен ұрып, пышақпен кескенін анықтады. Зухраның үлкен ұлына жабық краниоцеребральды жарақат, мидың шайқалуы, көптеген дене жарақаты және сарқылу диагнозы қойылды.

Кейіннен ешқандай құжаттары болмағандықтан,  оларды Шымкент қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы уақытша қамқорлығына алады. Десе де, қазір оның балаларын соңғы рет қашан көргені есінде жоқ. Әрі бүгінде олардың қайда екенінен де бейхабар.

 

Zukhra Mukhamedova with her two children
UNICEF Kazakhstan/ Nazira Kaiymova

Өмірге келгеннен бастап ағайынды Тимур мен Сұлтан да, анасы Зухра да көп қиындықты бастан өткерді. Алдағы уақытта мәселелері оңынан шешіледі деген сенімдеміз

Осыдан бес жылдай уақыт бұрын Зухра Мұхтар Мұхамедовпен танысып, табысып, Шымкенттегі шағын бір үйде азаматтық некеде тұра бастайды. Сөйтіп арада екі бала — Тимур мен Сұлтан өмірге келеді. Отбасы күнін әрең көріп отыр. Балалар болса, антисанитарлық жағдайда өсіп келеді. Үйде газ да, су да жоқ.

«Оның (Тимурдың — авт.) жасы үштен асты. Мектепке баратын кезі де жақындады. Құжатсыз оны қалай қыламыз?», - дейді Зухраның енесі.

Зухраның оқиғасы жайлы «Сана Сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығы ҮЕҰ-сынан білдік. Қоғамдық ұйым 2016 жылдан бері Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы азаматтығы жоқ балаларға көші-қон процестеріне көмектеседі. Қиын жағдайда тап болған Зухра олардан көмек сұрап барған екен. Ұйымның заңгерлері Сұлтанға туу туралы куәлік алып беруге жәрдемдескен. Заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге байланысты Қазақстанның медициналық мекемелері көші-қон туралы немесе анасының жеке басын куәландыратын құжаты болмаса да, тіркей алады**.

«2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ЮНИСЕФ Еуропалық Одақпен серіктестікте қазақстандық билік пен әлеуметтік қызметтерге азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтауға және құжаттауға көмектеседі. Біздің жүргізіп жатқан бағдарламамыздың және «Сана Сезім» ҮЕҰ-ның көмегі арқасында Зухра азаматтығы жоқ адамның куәлігін ала алатындығына біз өте қуаныштымыз», - деді Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон.

«Оның бұл жақта отбасы бар. Азаматтықсыз тұлға статусын алған соң, Зухра Қазақстан азаматтығын алуға құжаттарын тапсырады деп үміттенеміз. Содан кейін барып оған тұрақты тіркеумен көмектесе аламыз», - дейді «Сана сезім» ҮЕҰ төрайымы Раушан Құдайшүкірова.

Зухра құжаттарын қолға алған соң, Тимурдың да туу туралы куәлігінің мәселесі шешілуі мүмкін. Ал әзірге «Сана сезім» баланы балабақшаға орналастыруға көмектесті.

«Көші-қон үрдістері кезінде әр баланың құқығы қорғалуы керек. Мигрант баланың ең алдымен қарапайым бала екенін ұмытпаған жөн. Біздің Еуропалық Одақпен бірлескен бағдарламамыз Орталық Азия елдерінің үкіметтері мен тәуелсіз адам құқықтарын қорғау ұйымдары арасындағы диалогты құруға және нығайтуға, елдер арасында отбасы мүшелері мен олардың қайта қосылуын, азаматтығы жоқ балаларды қадағалау үшін және мигрант балалардың статусы туралы ақпарат алмасу жүйесін құру және нығайту. Сондай-ақ, бағдарлама Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтуға өз үлесін қосып келе жатқанын атап өткім келеді», - деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

Өмірге келгеннен бастап ағайынды Тимур мен Сұлтан да, анасы Зухра да көп қиындықты бастан өткерді. Алдағы уақытта мәселелері оңынан шешіліп, азаматтық алып, барлық жеңілдік пен артықшылыққа ие болады деген сенімдеміз. Өйткені осы жылдар бойы олар мұның бәрінен мақұрым болған еді.

__________

*Балалардың қауіпсіздігі мен жеке өмірін қорғау мақсатында олардың кім екенін анықтауға мүмкіндік беретін барлық есім мен өзге де мәліметтер өзгертілді.

**Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсанындағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің «Баланың тууын тіркеу үшін негіз» 187-бабына 2019 жылдың 25 қарашасында енгізілген өзгеріс. Толығырақ: https://kodeksy-kz.com/ka/o_brake_i_seme/187.htm

 

Көші-қон үрдістеріндегі балаларды қорғау бағдарламасы Еуропалық Одақпен қаржыландырылды, ЮНИСЕФ ұйымы Бангладеш, Мьянма, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Таиланд үкіметтерімен серіктестікте жеті елде жүзеге асырылады. Бағдарламаның мақсаты - көші-қоннан зардап шеккен балаларға көмек көрсетудің тиімді қорғау жүйесін жетілдіру. Іске асыру мерзімі: 2017-2021 жж.

 

Бұл мақала Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен дайындалды. Мақаланың мазмұны Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың пікірін білдіруі міндетті емес.