ЮНИСЕФ пен қазақстандық урбанистер инклюзивті балалар алаңы қандай болу керектігін айтып берді
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан 2022 ж. - Бүгін «Әр балаға арналған Қазақстан. Инклюзивті ойын ортасын дамыту» Республикалық Форумының шеңберінде урбандалу, инклюзия және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық және қазақстандық сарапшылар балаларға арналған ойын ортасы қандай болу керектігін айтып берді.
Сарапшылар урбанизацияланған қалаларда балалардың денсаулығының проблемалары өршитінін атап өтті, олардың ішінде көш бастап тұрғандары: семіздік, қант диабеті, астма, КГТС, депрессия, миопия, омыртқа проблемалары, дәрумен тапшылығы, әлсіз иммунитет және т. б.
Әлемдік қалалық басқару жүйелері, бюджеттер мен қалалық даму жоспарлары көбінесе мүгедектігі бар балалар мен жасөспірімдерді айтпағанда, жастардың, балалар мен жасөспірімдердің жеке қажеттіліктерін ескермейді. Сондай-ақ, муниципалитеттерге балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын, қажеттіліктері мен тілектерін қалалық жоспарлау жүйесіне енгізу туралы негізгі шешімдер қабылдауға өкілеттік берілмеген.
Қазақстанда БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), UrbanForum Kazakhstan және «Қаладағы балалар: Алматының балаға мейірімділігі» Еуразиялық мәдени альянсының зерттеуіне сәйкес, ата-аналардың тек 5%-ы балалардың қолданып жүрген алаңдары 10 жастан асқан баланы қызықтыруы мүмкін деп санайды. Көптеген ойын алаңдары тек мектепке дейінгі және ерте мектеп жасындағы балаларға арналған. Инклюзивті балалар кеңістігінің саны толығымен шектеулі.
Нұр-Сұлтанда тек 3 инклюзивті балалар алаңы бар. Олардың барлығы саябақ аумақтарында орналасқан, сол себепті ол жерлерге мүгедек балалардың қоғамдық көлікпен жетуі қиынға соғады. Алматыдағы жағдай да осындай – тек 3 инклюзивті балалар алаңы ғана саябақ аумағында орналасқан. Елорда мен Алматыдан бөлек, ондай алаңдар тек Тараз бен Теміртауда ғана алаңдар бар.
«Инклюзия туралы айтатын болсақ, бұл ұғым ерекше балаларды оқыту жағдайынан әлдеқайда кең екенін түсіну керек. Инклюзия барлық деңгейде жаһандық трендке айналды – ол ірі ұлттық және трансұлттық компаниялардың құндылықтары мен миссияларының ажырамас бөлігіне айналуда. Сондықтан біз инклюзия тек мемлекеттік саясаттың ғана емес, бизнестің де бір бөлігіне айналуы керек деп есептейміз. Бұл жағдайда барлық жерде әртүрлі кеңістіктерде инклюзивті ортаны дамыту үшін жағдай жасалады: тұрғын үй, білім беру, жұмыс, демалыс және т.б.», - деді «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан.
«Инклюзивті ойын ортасы – қазақстандық қоғам үшін жаңа тренд. Әртүрлі жастағы, физикалық және басқа да ерекшеліктері бар балалардың мүдделеріне бүгінгі күнге дейін басымдық берілмеді. Бүгінде біз Қазақстандағы урбанистиканы дамытуда зерттеу жүргізе бастадық және бұл мәселені көтере бастадық. Ал біздің бірінші міндетіміз – жерлестерімізге сөзбен әсер етіп, әрекетке шақыру», - деді Әдия Қарсыбек, урбанист, жоба жетекшісі, Қазақстан урбанистер қауымдастығының мүшесі Q88.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен жобасы шеңберінде 2021 жылы Қазақстандағы ойын кеңістіктерінің табысты тәжірибелері мен жақсы практикаларына түгендеу жүргізілді. Балалардың инклюзивті алаңдары мен кеңістіктерін салу және жобалау кезінде құрылыс нормалары мен ережелерін қайта қарау бойынша ұсыныстар әзірленді. Бұл жұмыстың негізінде сарапшылар әртүрлі жастағы балалар топтары үшін балаларға арналған типтік инклюзивті алаңдардың жобаларын әзірлеуде, оларды форумға қатысушылар өз өңірлерінде пайдалана алады. Бұл жұмыстың қорытындысы бойынша есеп тиісті қосымшалармен қалалық жоспарлау, ойын ортасы, баланы дамыту және инклюзия саласындағы негізгі мемлекеттік органдар мен институттарға берілетін болады.
«Балалармен бірлесіп сапалы ойын алаңдарын жоспарлау және салу олардың жан-жақты дамуы үшін өте маңызды. Балалардың ерте жастан ойын кеңістігіне қол жеткізуі олардың үлкен тәуелсіздігі мен қоғамдық кеңістікті пайдалануға деген сенімділігіне ықпалын тигізеді, сонымен қатар өмірлік дағдыларды қалыптастырады. Баланың ойынға ажырамас құқығының кепілі – балалар мен олардың ата-аналарының дені сау және бақытты болашағының кепілі», - деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.
Форум аясында сарапшылар мектеп пен мектеп жанындағы аумақ балалардың еркін ойынына және түрлі балаларды білім беру ортасына қосуға қалай ықпал ететіні туралы айтып берді, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық практикадағы балаларға қалалық ортаның достық мысалдарын талқылады.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылар резолюция қабылдап, онда инклюзивті жабдықтардың сапасын реттейтін стандарт әзірлеу мүмкіндігін, сынақ әдістерін, орналастыру орындарын, инклюзивті ойын кеңістіктері дизайнының жалпы тұжырымдамасын, сондай-ақ балаларды қоса алғанда, мүдделі тараптарды тарту әдістемесін және осындай ойын кеңістіктерін жобалау кезеңдерін стандарттауды қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, сарапшылар ойын кеңістігін дамытуға тұрғындарды тарта отырып, әмбебап дизайн және дизайн принциптерін енгізуге ұсыныс білдірді.
Форумды ҚР ЕХӘҚМ және ЮНИСЕФ Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен және М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ Университетінің Жоғары бизнес мектебімен әріптестікте ұйымдастырды.
Редакторларға арналған қосымшалар:
Республикалық форумның ұйымдастырушылары:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмыс және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заң шеңберінде халықтың барлық санаттары үшін қолжетімді орта құруды ілгерілетуде.
Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ). Балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету – ЮНИСЕФ үшін Қазақстанда да, бүкіл әлемде де ең маңызды міндеттердің бірі. Бұл Қазақстан 1994 жылы қосылған бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес балалардың өмір сүру, даму және әлеуетін толық іске асыру құқықтарын қорғауды білдіреді. ЮНИСЕФ жиырма жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасының Үкіметімен, жергілікті басқару органдарымен және азаматтық қоғаммен ынтымақтастықта сапалы әлеуметтік қызметтерге және бала үшін қауіпсіз қоршаған ортаға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп келеді.
Қазақстанның урбанистер қауымдастығы Q88 - 2021 жылдың тамыз айында құрылған жас ұйым. Өз қызметін үш бағытта жүзеге асырады: білім беру қызметі - қала билеушілері, урбанистика саласындағы сарапшылар мен урбанистиканың түрлі бағыттарына қызығушылық танытқан жұртшылық үшін семинарлар, шеберлік сағаттары мен курстар; қолжетімділік, қауіпсіздік және экология стандарттарын ескере отырып, қалалардың шебер-жоспарларының тұжырымдамасын әзірлеу; заңнама бойынша жұмыс - қала құрылысы, қалаларды дамыту және инклюзивті қалалық ортаны құру, ҚНжЕ жаңғырту мәселелері бойынша қазақстандық заңнаманы жетілдіру.
М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ Университетінің Жоғары бизнес мектебі – University of Businessand International Studies - UBIS (Женева, Швейцария), SwissMontreuxBusinessSchool (Монтре, Швейцария), Insa (Барселона, Испания) Бизнес-мектебімен «Урбанистика» бағыты бойынша Халықаралық екі дипломды бағдарламаны ұсынады. Мамандандыру шеңберінде қалаларды дамытудың әлемдік үрдістері және стратегиялық жайғастыру; инфрақұрылым және көлік; қалалардың тұрақты дамуы; қалалық қоғамдық кеңістіктердің дизайны сияқты Модульдер оқытылады.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ туралы
ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.