Ғаламдық деңгейде танылған жаңа цифрлық қоғамдық игіліктер Қазақстанда пайда болады

Назарбаев Университетінің Инновациялық кластері мен ЮНИСЕФ оларды әзірлеу жөніндегі бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлады

24 ақпан 2023
NURIS and UNICEF launched joint project on DPG
UNICEF/2023/NadiraYessetova

АСТАНА, 24 ақпан 2023 ж. – Бүгін Астанада БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Назарбаев Университетінің Инновациялық кластерінің (NURIS - Nazarbayev University Research and Innovation System) алғашқы бірлескен жобасы іске қосылды. Жоба аясында ЮНИСЕФ және NURIS жаңа цифрлық қоғамдық игіліктерді (Digital Public Goods – DPG) – БҰҰ-ның Бас хатшысы мақұлдаған Цифрлық қоғамдық игіліктер альянсының ғаламдық стандарттарына сай келетін ашық шығыс коды бар IT өнімдерін жасау әзірлемесін және инвестициялауды қолдайтын болады. 

DPG мәртебесін алу үшін IT өнім БҰҰ мақұлдаған Цифрлық қоғамдық игіліктер альянсының  (Digital Public Goods Alliance – DPGA) тексерісінен өтуі тиіс. Тексерістен сәтті өтсе, қазақстандық стартап бүкіл әлемге қол жеткізуге ашық ғаламдық реестрге енгізілетін болады. DPG ретінде тану ғаламдық проблемаларды шешу үшін әлеуеті бар ашық жобалардың көрінімділігін, оларға қолдау көрсету мен танымал болуын арттырады.

Реестр тұрақты даму саласындағы мақсаттарға мейлінше жылдам қол жеткізу үшін оларды тегін бейімдеу және пайдалану бойынша талаптары төмен ашық цифрлық технологияларға, атап айтқанда, қосымшаларға, мәліметтерді визуализациялау құралдарына, білім беру  бағдарламаларына өтуге мүмкіндік беретін «бірыңғай терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Осылайша, реестр қазақстандық цифрлық өнімдердің көрінімділігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанда локализацияға және пайдалануға ашық әлемдік әзірлемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

DPG жобаларының әлеуметтік маңыздылығы зор. DPG мәртебесіне ие болған Орталық Азиядағы алғашқы жоба «Қолжетімді Қазақстан» сайты мен қосымшасы болды, ол қозғалуы шектеулі және ерекше қажеттіліктерге мұқтаж адамдар үшін қоғамдық нысандардың қолжетімділігін көрсетеді. Осы мәртебеге тағы да бір сайт ұсынылды, ол – ата-аналарға арналған, балалардың ерте дамуы туралы үйретуші бейнеролиектен бастап қызмет ұсынушылар контактілеріне дейін барлық пайдалы ақпаратты қамтыған Ozim Platform мобильдік қосымшасы. Ozim Platform дамуында ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға да көмектеседі, себебі онда ерте көмек көрсету жөнінде де материалдар бар.

«Біз DPG-ді білім беру саласында пайдаланудың, сонымен қатар жас әзірлеушілер мен стараптарға қолдау көрсету үшін әрі Қазақстанда DPG ойлауды танымал ету үшін Акселераторды дамытудың айтарлықтай жоғары әлеуетін көріп отырмыз. Әлеуметтік  маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін ашық шығыс коды бар, әзірленген, дайын шешімдерді пайдалану шығындарды төмендетуге және енгізу үрдісін жылдамдатуға анағұрлым көмектеседі. Сонымен қатар, қазақстандық өнімдердің DPG ретінде танылуы ғаламдық деңгейге шығуға мүмкіндік береді және қазақстандық әзірлемешілерге жаңа перспективалар ашады. DPG-ге үміткерлер арасында профиль жасауда, қолжетімділікті, шешімдердің геймификациясы мен монетизациясын құруда қиыншылықтар туындайды. NURIS-тің DPG қозғалысына қосылғанына қуаныштымыз және әрбір баланың Қазақстандағы блогтардың әрбіреуіне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін күш-жігерімізді біріктіре аламыз» - деп, ЮНИСЕФ-тің  Қазақстандағы білім беру жөніндегі бағдарламаларының жетекшісі Татьяна Адерихина атап өтті.

Жобаны іске қосу шеңберінде DPG-нің көмегімен шешуге болатын  ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ақаулықтар мен қажеттіліктерді анықтау жөніндегі зерттеулер ұсынылды. DPG-ні пайдаланудың мейлінше басым салалары анықталды, атап өтсек: цифрлық экономика мен инновациялар, еңбекпен қамту және дағдыларды дамыту саласы, балаларды тәрбиелеу және олардың ерте дамуы,  инклюзия және мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымның қолжетімділігі, денсаулық сақтау саласындағы цифрлық қызметтер, сондай-ақ балалардың Интернеттегі қауіпсіздігі. Сонымен қатар, зерттеу барысында көруі мен естуінің мүкістігі бар адамдарға арналған негізгі қазақстандық платформаларға баламалы цифрлық қолжетімділіктің жаппай іс жүзінде болмауы байқалды. 516 қазақстандық стартаптың он екісінің DPG мәртебесін алу әлеуеті анықталды.

"NURIS-көптеген отандық стартаптар үшін танылған "кадрлар ұстасы", жаңа DPG идеяларының пайда болуы және IT шешімдерін іске қосу үшін қажетті сараптамаға ие. Сондықтан біз DPG жобасын ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жүзеге асырып жатқанымызға қуаныштымыз. Аталған іс-шара Цифрлық қоғамдық игіліктердің сапасын арттыру үшін барлық мүдделі тараптар: мемлекеттік органдар, бизнес, қоғамдық және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ стартаптар арасында ынтымақтастық қажет екенін көрсетті. Өткізілген семинар NURIS алаңында жаңа DPG өнімдерін әзірлеу үшін бастама болып табылады. Біздің стартаптарға сәттілік пен табыс тілеймін!",- деп түсіндірді NURIS Бас директоры Айдар Бексұлтанұлы Жақыпов.

Назарбаев Университетінің аумағында болған іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның, ҚР Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, қорлар, ЖОО, бизнес-ассоциациялар, ШОБ және басқалар қатысты.

ЮНИСЕФ пен NURIS-тің бірлескен жобасы барысында әзірленген цифрлық қоғамдық игіліктер оқушылардың   IT шешімдеріне қолжетімділігін арттыру және білім алушылардың бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру үшін білім беру жүйесінде пайдалануға ұсыныс жасалады.

Редакторларға арналған аңдатпа

Цифрлық қоғамдық игіліктер альянсы (Digital Public Goods Alliance) — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы мақұлдаған және цифрлық қоғамдық игіліктерді әзірлеуге, ашуға, пайдалануға және инвестиция салуға жәрдемдесу арқылы табысы төмен және орташа елдердің тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізуді жылдамдатуға бағытталған көпқырлы бастама.

Цифрлық қоғамдық игіліктер стандарты (DPG Standard) 2020 жылдың Цифрлық ынтымақтастықтың жол картасында БҰҰ-ның Бас хатшысы баяндаған цифрлық қоғамдық игіліктер анықтамасына сәйкес келе ме, соған қатысты максималды бәтуаластыққа қол жеткізу үшін әзірленген спецификациялар мен нұсқаулықтар жинағын білдіреді.

Цифрлық қоғамдық тауарлар альянсы жайлы қосымша ақпарат алу үшін

hello@digitalpublicgoods.net мекенжайына өтуіңізді сұраймыз.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.