БҰҰ агенттіктері Тұрақты даму мақсаттарымен саясат пен қаржыландыруды келісу бойынша БҰҰ-ның Бірлескен бағдарламасын іске қосты

Нұр-сұлтан, 2020 жылғы 27 қараша – 2020 жылғы 27 қараша Қазақстанда Ұлттық кешенді қаржыландыру жүйесі (ҰКҚЖ) шеңберінде саясат пен қаржыландыруды Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келтіру жөніндегі БҰҰ-ның Бірлескен бағдарламасы (ББ) ресми түрде іске қосылды. Бағдарламаны БҰҰ ТДМ жөніндегі Бірлескен қоры қаржыландырады және БҰҰ-ның үш агенттігі, атап айтқанда БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және БҰҰ ЭСКАТО іске асырады. Бұл жоба 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы жаһандық күн тәртібін іске асыруда БҰҰ тарапынан Қазақстан Үкіметінің тұрақты қолдауының жалғасы болып табылады.
Қазақстандағы бірлескен бағдарлама ҰКҚЖ-ді іске асыру үшін қажетті бірінші кезектегі реформалар тұжырымдамасын қалыптастыру және елдегі ТДМ-на қол жеткізу үшін қаржылық ресурстардың түрлі нысандарының әсерін арттыру мақсатында қолдау көрсететін экожүйелерді (институттар мен тараптарды) дамыту бойынша олардың тұрақты күш-жігерін күшейту үшін билік органдарының әлеуетін арттыруға бағытталған.
Бірлескен бағдарламаның басталуына арналған іс-шараға мемлекеттік органдардың, донорлық қауымдастықтардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жеке және үкіметтік емес секторлардың өкілдері қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты елдің тұрақты даму мақсаттарына қарай ілгерілеуін жеделдететін тұтас ұлттық қаржы стратегиясын әзірлеу жөніндегі жобаны іске қосу болды.
Іс-шара аясында ТДМ жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшылығы Дамуды бағалауды қаржыландырудың негізгі нәтижелерімен таныстырды. Бағалау 2019 жылы Азия Даму Банкі (АДБ) мен БҰҰДБ-ның бірлескен бастамасымен басталды және кейін 2020 жылы COVID-19 пандемиясының әсерін ескере отырып жаңартылды.
"Біз одан арғы іс-қимылдардың жүзеге асырылуы ең алдымен экономикадағы, қоғамдағы және қоршаған ортадағы тұрақты өзгерістерді қолдау үшін қаржы ресурстарының көлемі мен қол жетімділігіне тәуелді болатын кезге жеттік. Бағдарлама барлық қолданылатын қаржы ресурстары мен құралдарын ТДМ-на қол жеткізудегі прогресті жеделдетуге бір жүйелі стратегиялық тәсілге біріктіруге бағытталған бірлескен күш-жігердің маңызды жалғасы болып табылады", - деп мәлімдеді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.
ЮНИСЕФ ТДМ-ын қаржыландырудың тұтас стратегиясы балаларға, әсіресе осал балаларға пайда әкелуін қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп іске асырылатын балалар бюджеті жобасының мониторингі бастамасы бойынша өз жоспарларын ұсынды. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизеннің айтуынша, "ТДМ-на қол жеткізудегі әділ қаржыландыруды қамтамасыз етудің балалар үшін, әсіресе қазіргі уақытта өте маңызды. COVID-19 пандемиясы балаларға әр түрлі әсер етеді, ал барлық мүдделі тараптардың қаржылық ресурстары шектеулі. Балаларға арналған ТДМ шығындарын қорғау және осы шығындардың тиімділігі мен әділдігін арттыру қажет болатын уақыт келді. Осылайша, біз COVID-19 пандемиясының балаларға тигізетін әсерін жеңілдетеміз, сондай-ақ пандемия тудырып жатқан теңсіздікпен күресуге және елдің ТДМ-ға қол жеткізуге көшуін қамтамасыз етеміз".
ЭСКАТО ТДМ бойынша шығыстарды қалыптастыруға және қаржыландырудың кешенді ұлттық құрылымы шеңберінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының Қазақстандағы қаржылық қызметтерге қол жетімділігін кеңейтуге байланысты жоспарланған жобалық іс-шараларды ұсынды. ЭСКАТО-ның макроэкономикалық саясат және даму үшін қаржыландыру бөлімінің директоры Хамза Али Малик атап өткендей: "Қазақстан COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарысқа тиімді және тұрақты әрекет ету шарасы түрінде қаржыландырудың сенімді стратегиясын іске асыру мақсатында Ұлттық кешенді қаржыландыру жүйесін өзінің ұлттық контекстіне зерттейтін және бейімдейтін және елді Тұрақты даму мақсаттарына қарай жолға қойған әлемдегі санаулы елдердің бірі болып табылады. ЭСКАТО Қазақстанды өз күш-жігерінде одан әрі қолдауға үміттенеді және Азия-Тынық мұхиты өңірінде алған тәжірибесімен бөліседі".
Іс-шара COVID-19 пандемиясының салдарын қалпына келтіру үшін қажетті ұлттық басымдықтар мен қаржылық ресурстарды талқылауға үлес қосты. Қатысушылар қаржы жүйесінің ағымдағы тиімділігін бағалау бойынша өздерінің сараптамалық қорытындыларын, бар кемшіліктер және қандай шаралар қолдану керектігі туралы ұсынымдар берді.
Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Қоғаммен байланыс бөліміне undp.kz.media@undp.org электрондық поштасы немесе + 7 705 700 97 93 байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар.
Медиа байланыс
О ЮНИСЕФ:
ЮНИСЕФ осуществляет свою деятельность в целях обеспечения прав и благополучия каждого ребенка. Совместно со своими партнерами ЮНИСЕФ действует в 190 странах и территориях мира в целях претворения в жизнь своих обязательств, уделяя при этом особое внимание проблеме охвата наиболее обездоленных и изолированных детей; на благо детей, во всех уголках мира.
Подробности о деятельности ЮНИСЕФ на сайте www.unicef.org.
Подпишитесь на наши страницы в Instagram, Facebook и Twitter.