Қазақстандағы патронаждық медбике қызметін көрсету жүйесін әділдік пен теңдік тұрғысынан талдай отыр

Қазақстандағы патронаждық медбике қызметін көрсету жүйесін әділдік пен теңдік тұрғысынан талдай отырып бағалау

патронажная сестра
UNICEF/2014/Giacomo Pirozzi

Маңызды оқиғалар

Бұл есепте Қазақстандағы патронаждық медбике қызметін бағалау нәтижелері ұсынылды.

Консультация берудегі жалпы мақсат ДСМ мен ЮНИСЕФ ОО-ның патронаждық медбике қызметін көрсету жүйесін (ПМҚКЖ) бағалау барысындағы техникалық көмек көрсетуі болып табылады, ал патронаждық медбике қызметі «Дені сау бала бөлмесін» және әлеуметтік қызметкерлердің ана босанғанға дейін/босанғаннан кейін бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) деңгейінде үйге келіп көмек көрсету қызметін ұштастырады. Мұнда патронаждық медбике қызметі жүйесінің күшті және әлсіз жақтары анықталды. Олар медбике қызметінің сапасын көтеру мақсатындағы нақты іс-қимылдар мен өзгерістерді көрсетеді. Сондай-ақ патронажды медбике қызметі жүйесін пайдалана отырып, БМСК деңгейінде медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетудің аралас моделін құруды көздейтін Қазақстан Республикасының "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасын іске асыру аясында ана мен баланың денсаулығын қорғау жүйесіндегі негізгі қызметтерге қол жеткізу барысында кездесетін теңсіздік пен әділетсіздік мәселелерін шешуді назарға алады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығымен серіктесе отырып, ЮНИСЕФ көрсетілетін қызметтердегі теңдік пен әділдікке қол жеткізу шарттарына талдау жасау арқылы ПМҚ жүйесін бағалауға жәрдемдесуне ниетті, сондай-ақ оны жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін халықаралық және ұлттық деңгейдегі консультанттарды іздейді.

Автор

Тамар Гоцадзе

Жариялау Күні

Тілдер

Орыс

Есепті жүктеңіз

(PDF, 104,22 MB) (PDF, 102,08 MB) (PDF, 103,11 MB)