COVID-19 пандемиясынан кейін қалпына келтіру кезінде қыздарға баса назар аударуға тиіспіз
ЮНИСЕФ Атқарушы директоры Кэтрин Расселдің Халықаралық әйелдер күніне орай мәлімдемесі

НЬЮ-ЙОРК, 8 наурыз 2022 жыл – «Халықаралық әйелдер күнінде біз бүкіл әлемдегі әйелдер мен қыздардың мүдделері үшін халықаралық қоғамдастықтың үлкен қиындықпен қол жеткізген жетістіктеріне құрмет көрсетеміз. Біз қоғамдардағы әйелдер мен қыздардың ерекше жетістіктерін белгілеп өтеміз. Осы жетістіктерді бүкіл әлемдегі барлық қыздарға тарату бойынша міндеттемелерімізді арттырамыз».
«Алайда, гендерлік теңдік үшін күрес әлі аяқталған жоқ. Осыған байланысты, COVID-19 пандемиясына дейін де гендерлік теңсіздік біздің заманымыздың ең көп таралған және маңызды әділетсіздігі болып қала бергенін атап өтуге болады. Бірақ бұл әділетсіздік пандемияның әсерінен артты».
«Біз COVID-19 пандемиясының басталуының үшінші жылына кіріп, осы пандемияның аяқталуына дайындалып жатқандықтан, шынайы қалпына келтіру гендерлік теңдікті ескеруі керек».
«COVID-19 қыздардың өмірін бұзады. Мектептердің жабылуы, экономикалық қысым және қызмет көрсетудегі үзілістер қауіпті топтағы ең осал қыздардың денсаулығына, әл-ауқатына және болашағына қауіп төндіреді. Дүние жүзінде 11 миллионнан астам қыз пандемиядан кейін ешқашан мектепке оралмауы мүмкін. Келесі онжылдықта тағы 10 миллион қызға балалар некесіне отыру қаупі төніп тұр. ЮНФПА мәліметтері бойынша аналық жыныс мүшелеріне зақым келтіретін операциялардың екі миллион қосымша жағдайы болуы мүмкін».
«Карантин жағдайында балалар үйде көбірек уақыт өткізуге мәжбүр болғандықтан, үй еңбегінің көп бөлігі қыздарға жүктеледі. Олардың көпшілігі оларды қорғауға көмектесетін тиісті қызметтер мен қауымдастықтардан ажыратылған абьюзермен тығыз байланыста болуға мәжбүр. Гендерлік зорлық-зомбылық, оның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық жағдайларының саны өсуде».
«Біз қыздардың ұрпақтарына өмірінің соңына дейін осы пандемияның зардабын тартуға жол бере алмаймыз. Пандемияның аяқталуына дайындалып жатқандықтан, пандемияға қарсы әрекет ету, жаһандық, ұлттық және жергілікті деңгейде қалпына келтіру жоспарларындағы қыздарға ерекше назар аудару керек».
«Бұл дегеніміз, қыздар білімін қайта бастауы үшін мектептер ашық болуы қажет және артта қалған білім алушыларға есесін толтыруға көмектесу үшін ресурстарға қаражат салу керек».
«Бұл қыздардың денсаулығы мен біліміне, оның ішінде олардың жыныстық және репродуктивті денсаулығы мен құқықтарына қайта инвестиция салуды, сондай-ақ қыздардың етеккір гигиенасы бойынша сапалы денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуін жақсартуды білдіреді».
«Бұл қыздарды зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен, соның ішінде балалардың некесі мен аналық жыныс мүшелеріне жасалатын операциялар сияқты зиянды әрекеттерден қорғауды білдіреді».
«Қыздардың кеңейтілген құқықтары мен мүмкіндіктері прогреске ықпал етеді. Бүкіл әлемдегі қыздар өз құқықтарын қорғайды және дәл осындай қадамдарды талап етеді. Біз құлақ салуымыз керек. Жаһандық тұрақтылық, бейбітшілік пен өркендеу осыған байланысты».
«Халықаралық әйелдер күнінде қыздарға бағдарланған COVID-19 пандемиясынан кейін қалпына келтіру міндеттемесін алайық, бұл пандемиядан кейін қыздар үшін әділетті және тең құқықты әлем құруға және барлығымыз үшін жарқын, бейбіт және гүлденген болашақ құруға көмектеседі».
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ туралы
ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.