ЮНИСЕФ және ҚБТУ Сандық қоғамдық игіліктер жасау бойынша қыздарға арналған хакатон өткізді
АЛМАТЫ, 22 маусым 2024 ж. - Алматыда Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің (ҚБТУ) ғимаратында Сандық Қоғамдық Игіліктер жасау бойынша қыздарға арналған хакатон өтті. Хакатонға елу қазақстандық оқушы қыздары қатысты. Бұған дейін олар БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) STEAM (жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инжиниринг, шығармашылық және математика) салаларындағы қыздарды қолдауға бағытталған DPG Lab бағдарламасындағы арнайы онлайн-курстан өткен болатын. Бағдарлама бірлескен оқу ортасы мен ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, геймификация тәсілдерін қолдануымен GameLab KBTU зертханасымен әзірленген.
Сандық Қоғамдық Игіліктер (DPG) — бұл ашық білім беру ресурстары, ашық бастапқы бағдарламалары, ашық жасанды интеллект жүйелері, ашық стандарттар және т. б. сияқты маңызды қоғамдық артықшылықтарды ұсынатын сандық өнімдер мен қызметтер.
Сандық өнімдерді жасаумен және жасанды интеллектті сандық қоғамдық игіліктер контекстінде пайдаланумен байланысты негізгі дағдылар мен қағидаттарды игере отырып, қыздар топтарға бірігіп өздерінің DPG жобасын жасау бойынша тапсырмаларды орындады. Алматыда хакатон кезінде топтар өз жобаларын ұсынды.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Рашед Мустафа Сарвар: "Орталық Азиядағы Сандық Қоғамдық Игіліктер саласындағы даму жөніндегі техникалық эксперті бола отырып, ЮНИСЕФ ұлттық әріптестерімен бірлесіп, жас IT стартаптарға Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге өз үлесін қосуға көмектесетін Сандық Қоғамдық Игіліктер жасау бойынша білім беру бағдарламасын әзірледі. ЮНИСЕФ үшін IT дағдыларын дамыту және қыздар арасында STEAM-ді танымал ету арқылы инновациялар, гендерлік теңдікті ілгерілету өте маңызды".
Бағдарламаның маңызды бөлігі қатысушылардың онлайн-курсты өтіп, DPG симуляторында білімді ойын түрінде бекітіп, топ құрамында топта жұмыс істеу дағдыларын дамытатын онлайн квесттен өтуге мүмкіндік беретін тәсіл болды. Курстың әрбір қатысушысы IT тобының бір бөлігі болуға, келесі сандық игілік бола алатын жобаларды әзірлеуді игеруге мүмкіндік алды.
Александра Кнышева, GameLab KBTU жетекшісі және DPG Lab жобасының координаторы: "Біздің курстың мақсаты – сандық қоғамдық игіліктерді әзірлеу арқылы тұрақты дамуға ықпал ететін жобалардың санын көбейту. Open-source өнімдер, ашық деректер, жасанды интеллект жүйелері және контент жинақтары сандық кеңістікте еркіндік пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді".
Сандық қоғамдық игіліктерді әзірлеу курсының арқасында қыздар ашық бастапқы кодты, деректерді қорғауды, цифрлық сауаттылықты, IT-жобаларды әзірлеу принциптерін үйренді, сондай-ақ топта жұмыс істеуді үйренді. Топтар мен жобалардың дайындығына қарай олар DPG кандидаттарының қазақстандық тізіліміне енгізіліп, одан әрі жобаға қолдауға ие болуы мүмкін.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ туралы
ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.
Бейне ойындарды әзірлеу және зерттеу зертханасы GameLab KBTU 2022 жылы Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің IT және инженерия мектебінің негізінде құрылған. Зертхананың негізгі міндеттері: ҚБТУ студенттері мен кең аудитория үшін ойын дамыту және геймификация бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу; бейне ойындарды әзірлеу және зерттеу саласындағы студенттік жобаларының менторингі; бейне ойындар мен геймификация саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі. Инстаграмдағы зертхананың парақшасы