2035 жыл: Жасанды интеллект әлемі Қазақстан балаларына қандай болмақ?

ЮНИСЕФ ұлттық форсайт-сессия өткізді

25 Қыркүйек 2026
AI foresight
UNICEF/Kazakhstan/2026/RomanKopanev

Астана, 2026 жылғы 25 қыркүйек — Бүгін жасанды интеллект саласында қабылданып жатқан шешімдер 2035 жылға қарай Қазақстандағы балалардың біліміне, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қалай әсер етеді? Бұл сауал Астанада өткен екі күндік ұлттық форсайт-сессияда мемлекет, бизнес, ғылым, жастар мен азаматтыққоғам өкілдерінің басын қосты. Қатысушылар 2035 жылға дейінгі ЖИ дамуының төрт ықтимал сценарийін талдап, бүгіннен бастап балалардың қауіпсіздігі мен теңмүмкіндіктерін қамтамасыз етуге қандай шешімдер септігін тигізетінін талқылады. 

«Қазақстан – 2035: жасанды интеллект, балалар және болашақ ұрпақ» атты ұлттық форсайт-сессияны ЮНИСЕФ мемлекеттік серіктестерімен бірлесіп, 24–25 қыркүйек күндері Астанада ұйымдастырды. 

Бұл сессия Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстардың заңды жалғасы болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді цифрлық трансформациялау міндетін қойып, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын. Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» Заң күшіне еніп, Alem.ai халықаралық орталығы ашылды және Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері іске қосылды. Мемлекет басшысы сондай-ақ ЖИ мүмкіндіктерін қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқартуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағыттаудың маңыздылығын атап өткен еді. 

Ростислав Коняшкин
UNICEF/Kazakhstan/2026/RomanKopanev

«Мемлекет басшысы бізге Қазақстанда терең цифрлық трансформация жүргізу міндетін жүктеді. Ол үшін бүгінде қажетті іргетас қалануда: жасанды интеллектінідамыту ережелері қабылданды, есептеу инфрақұрылымы қарқынды дамып, білікті мамандар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Ендігі кезекте бірнеше қадамалға көз тастау маңызды. Бүгін білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызметтер саласына енгізіп жатқан шешімдеріміз адамдардың игілігіне қызмет етіп, балалар үшін барынша сенімді әрі қауіпсіз болуы тиіс. Бұл сессия болашақтың түрлі сценарийлері арқылы басымдықтарымызды саралап, дәл қазір нені ескерукеректігін түсінуге көмектеседі», — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин. 

Екі күн бойы қатысушылар ЖИ дамуының төрт ықтимал сценарийін жан-жақты қарастырды. Бұл сценарийлер екі негізгі шартқа сүйенеді: халықаралықтехнологияларға қолжетімділіктің қаншалықты ашық болуы және Қазақстанның өз әлеуетін қаншалықты үйлесімді дамыта алуы. Аталған сценарийлер бүгінгіжоспарларды түрлі жағдайда — оның ішінде технологияларға қолжетімділік шектелгенде, энергетика мен су ресурстарына түсетін жүктеме артқанда немесеөңірлерде ЖИ біркелкі енгізілмеген кезде сынап көруге мүмкіндік берді. 

ИИ
UNICEF/Kazakhstan/2026/RomanKopanev

2035 жыл туралы әңгіме қарапайым жасөспірімнің өмірінен басталды. Қатысушыларға 15 жастағы қазақстандық баланың күнделікті тыныс-тіршілігін елестетуұсынылды: ол тұрғылықты жеріне қарамастан, өзіне түсінікті тілде сапалы білім алып, көмекке қол жеткізе ала ма? Цифрлық қызметтер мүгедектігі бар баланыңқажеттіліктерін ескере ме? Жүйе қателік жіберген жағдайда, отбасы кімнен көмек сұрайды? 

Алғашқы күні мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері төрт сценарийдің қай-қайсысында да тиімді болатын шешімдерді, сондай-ақ сыртқы факторларғатәуелді немесе қосымша қорғау тетіктерін қажет ететін шараларды талқылады. Екінші күні пікірталасқа бизнес, ғылыми қауымдастық, жастар, азаматтық қоғам жәнехалықаралық ұйым өкілдері қосылды. Олар барлық ұсыныстарды практикалық қолданыс, қолжетімділік және адамзат игілігі тұрғысынан бағалады. 

Сессияда цифрлық жүйелерде деректері жеткіліксіз балалар мен отбасылардың мәселесіне ерекше назар аударылды. Егер ЖИ толық емес ақпаратқа сүйенсе, олқызмет алуда онсыз да қиындық көріп жүрген жандарға қолұшын соза ала ма, әлде оларды одан сайын елеусіз қалдыра ма? Сонымен қатар қатысушылар балаларғақатысты шешімдерді кеңінен енгізбес бұрын қажетті басты шарттарды айқындады: дербес деректерді қорғау, қателіктерді жіті тексеру, адам тарапынан тұрақтыбақылау және жүйе қабылдаған шешімге шағымдану мүмкіндігі. 

ИИ
UNICEF/Kazakhstan/2026/RomanKopanev

«2035 жылғы жасанды интеллект туралы сөз қозғағанда, біз бүгін Қазақстанда өсіп келе жатқан балалардың болашағы жайлы айтамыз. Заманауи технологияларолар үшін тың көкжиектер аша алады, бірақ бұл тек оларды әзірлеу және енгізу кезінде балалардың құқықтары, олардың қауіпсіздігі мен шынайы қажеттіліктерібасты орынға қойылғанда ғана мүмкін болады», — деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар. 

Сессия жұмысына Оксфорд университетінің Саид бизнес-мектебімен серіктес, NEOMA және Sciences Po бизнес-мектептерінің оқытушысы, жасанды интеллект, тұрақты даму және стратегиялық болжау саласының халықаралық сарапшысы Диана Мангалагиу модераторлық етті. 

Екі күндік тынымсыз жұмыстың нәтижелері стратегиялық ұсынымдардың негізін құрайды және 2 қазан күні сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Vision Hall залында өтетінAI & Digital Bridge форумы аясындағы «Қазақстан 2035: жасанды интеллектінің болашағы — форсайт-сессия нәтижелері мен стратегиялық шешімдер» аттыпанельдік сессияда көпшілік назарына ұсынылады. Қатысушылар Қазақстандағы ЖИ даму сценарийлері мен тұрақты экожүйені қалыптастыру жолдарынталқылайды. 

  • Модератор: Профессор Диана Мангалагиу, форсайт-сессияның жетекшісі. 
  • Спикерлер: 
  • К. С. Венкатраман, NVIDIA компаниясының жасанды интеллект үшін есептеу технологиялары жөніндегі бұрынғы аға директоры; 
  • Бағдат Мусин, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы; 
  • Профессор Олаф Грот, Берклидегі Калифорния университеті және Cambrian Futures; 
  • Мағжан Мадиев, Astana Hub бас директоры; 
  • Джеффри Окао, ЮНИСЕФ-тің цифрлық технологиялар жөніндегі директоры. 

Медиа байланыс

Надира Есетова
қоғаммен байланыс бөлімінің маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +77079500969

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.