Стратосфера – шек емес

ЮНИСЕФ пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшінші жыл қатарынан қыздар арасында STEM-білімді табысты насихаттап келеді

UNICEF Kazakhstan
UniSat бағдарламасының қатысушылары наноспутникті жіберер алдында.
UNICEF/2022/RuslanKostrykin
31 Мамыр 2022

2020 жылдың қаңтар айында БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркі бірінші рет наноспутниктер жасау жөніндегі UniSat – сынды тамаша білім жобасына қыздарды қабылдайтыны туралы хабарлады. Екі жыл бұрын Қазақстанның әр өңірінен 14-35 жас аралығындағы 20 қыз ғарыш аппараттарын жасаудың бес айлық курсынан өтті. 2021 жылы қанатқақты жоба сәтімен жүзеге асырылғаннан кейін қатысушылар саны 100 есеге артып, оның географиялық ауқымы Өзбекстан мен Қырғызстанға дейін кеңейді.

2022 жылы 27 наурызда Орталық Азия елдерінің 150 қызы стратосфераға үш наноспутникті жіберді.

UniSat бағдарламасының қатысушылары наноспутник жіберіп жатыр. Ақши ауылы, Алматы облысы, Қазақстан.
UNICEF/2022/RuslanKostrykin
UniSat бағдарламасының қатысушылары наноспутник жіберіп жатыр. Ақши ауылы, Алматы облысы, Қазақстан.

«Мұндай ұша алатын, бізбен байланыс орнатылған өз аппаратымызды құрастырғанымыз ол бір керемет сезім»

дейді Қазақстаннан жобаға қатысқан, 18 жастағы Айымжан Әшірбек.
UniSat бағдарламасының қатысушылары наноспутник жіберіп жатыр. Ақши ауылы, Алматы облысы, Қазақстан.
UNICEF/2022/RuslanKostrykin
UniSat бағдарламасының қатысушылары наноспутник жіберіп жатыр. Ақши ауылы, Алматы облысы, Қазақстан.

«Мұның қалай болатындығын олар өздері осы жерге келіп, көруі керек!», – дейді 16 жастағы Элина Орозобекова болашақ UniSat қатысушыларына.

Ақпан айы басталғанға дейін қатысуға үміт білдіргендердің барлығы оқытудың үшінші кезеңіне өтініш бере алады.

Бағдарлама қатысушылары наноспутник ұшыру барысында
UNICEF/2022/RuslanKostrykin
Солдан оңға қарай: Қазақстаннан қатысқан Айымжан Әшірбек (18 жас), Өзбекстаннан Нодира Тиллаева (20 жас) мен Қырғызстаннан келген Элина Орозобекова (16 жас) наноспутникті жіберер алдында. Ақши ауылы, Алматы облысы, Қазақстан.

Қатысушылардың ешқайсысынан физика немесе астрономия бойынша арнаулы білім талап етілмеді – ұйымдастырушылар үшін тек қыздардың қызығушылығы маңызды болды. Тәлімгерлер мен жоба үйлестірушілерінің бар күш-жігері қыздардың STEM бағдарламаларына барынша көбірек жазылуын қамтамасыз етуге бағытталды. Жергілікті жоғары оқу орындарын бітірген қазақстандық қыздардың тек 14% ғана STEM- мамандығына ие екен. 

«Ғылым – бұл сен ұлсың ба, әлде қыз баласың ба, ересексің немесе кішкентай адамсың ба, оған қарамайды. Ғылым – бұл сіз кім болсаңыз да, қандай болсаңыз да, дамуға болатын тұғырнама»

дейді сеніммен Элина. 
UniSat бағдарламасының қатысушылары тәлімгердің жетекшілігімен наноспутник құрастырумен айналысып отыр.  Алматы, Қазақстан.
UNICEF/2022/RuslanKostrykin
UniSat бағдарламасының қатысушылары тәлімгердің жетекшілігімен наноспутник құрастырумен айналысып отыр. Алматы, Қазақстан.

«Бұл жоба қыздардың да осы салада да озық болатынын көрсетудің үлкен мүмкіндігі. Бізді көрген басқа қыздар да өздерін осы салада сынап көру туралы ойланады деп үміттенемін»

дейді өзбекстандық 20 жастағы Нодира Тиллаева.
 Өзбекстаннан келген қатысушы
UNICEF/2022/RuslanKostrykin
Нодира Тиллаева, 20 жас. UniSat бағдарламасының Өзбекстаннан келген қатысушысы. Ақши ауылы, Алматы облысы, Қазақстан.

Жүйелі өзгерістерден де бөлек, бұл жоба өңірлердегі мақсатшыл және белсенді бойжеткендердің әлеуметтік байланыстырының ұйытқысына айналды.

UniSat бағдарламасының қазақстандық қатысушысы
UNICEF/2022/RuslanKostrykin
UniSat бағдарламасының қазақстандық қатысушысы Айдана Әзербаева, 18 жас. Ақши ауылы, Алматы облысы, Қазақстан.

«Осы бағдарламаның арқасында мен әр елден келген, жан-жақты ойлана алатын, өте ақылды, зияткер қыздармен таныстым. Біздер бір бірімізбен пікір алмасамыз», – дейді UniSat бағдарламасының қазақстандық қатысушысы, 18 жастағы Айдана Әзербаева.

«Маған UniSat жобасы арқылы өзін STEM саласында дамытқысы келетін небір өршіл қыздармен танысудың сәті түсті. Олардың кейбірімен достасып үлгерсем, енді бірімен қазірдің өзінде ортақ жоспарларымыз бар», – дейді Айымжан Әшірбек.

UniSat бағдарламасының қатысушылары лекцияда отыр. Алматы, Қазақстан.
UNICEF/2022/RuslanKostrykin
UniSat бағдарламасының қатысушылары лекцияда отыр. Алматы, Қазақстан.

Мәселен, қыздардың өз бойларындағы күшіне сенуіне өз салалары бойынша табыс тарихтары туралы онлайн бөліскен Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, IT-кәсіпкер Алена Ткаченко, Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниетті елшісі Динара Сәдуақасова сынды әйелдердің оқиғалары шабыттандырды. Айтқандай, қыздардың бірінші қонағы өз армандары мен ғарышқа алғашқылардің бірі болып ұшуға ұмтылған ниеті арқылы танылған 21 жастағы американдық Алисса Карсон болды.

UniSat бағдарламасының қатысушысы Әмина Пұсырманова, 17 жас. Алматы, Қазақстан.
UNICEF/2022/RuslanKostrykin
UniSat бағдарламасының қатысушысы Әмина Пұсырманова, 17 жас. Алматы, Қазақстан.

«Кейбір қыздар осы салада жұмыс істегісі келеді, бірақ неден бастайтындығын білмейді. Меніңше, осы бағдарлама мұның қалай екендігін түсіну үшін (UniSat – ред.), біз сияқтыларға арналған деп ойлаймын»

дейді 17 жастағы Әмина Пұсырманова.

Бұл жобаға қатысу оған қандай да бір АТ-құралдарын меңгере алмаймын деген ойдан біржолата арылуға көмектесті. Бүгінде ол көп нәрсеге қабілетті екендігін сезіне алады және тіпті қателіктер мен қиындықтар да оның өз қабілетіне деген сенімін тек нығайта түсетіндігін мойындайды.