Білім берудегі инновация: ЮНИСЕФ Түркістанда өзінің STEAM бағдарламаларын ұсынды

17 Мамыр 2024
a business speaking panel
UNICEF Kazakhstan

ТҮРКІСТАН, 17 мамыр 2024 жыл – Түркістан қ. Білім басқармасы, Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар академиясы, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігімен бірлесіп, Түркістан қ. Оқушылар сарайында «Білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін» атты республикалық конференция өткізді. Конференция болашақ еншісіндегі оқыту әдіс-тәсілдерін қалыптастыру үшін ғылым мен білім саласындағы жетістіктерді пайдаланудың инновациялық стратегияларын зерделеу мақсатында әртүрлі салалардағы негізгі ойыншыларды біріктірді.

Конференцияның мақсаты шығармашылықты және озық педагогикалық тәсілдерді қолдануғаынталандыру арқылы қазіргі білім беру ортасының артып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру болды. Ғылым, технология, инженерия, өнер және математика (STEAM) бағдарламаларына бағытталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының 4-ші Тұрақты даму мақсатына сәйкес анағұрлым инклюзивті және әділ білім беру жүйесіне жол ашуға арналған. Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің қолдауымен Оқушылар сарайында бірегей UniSat инновациялық білім хабын ашқан Қазақстандағы алғашқы өңір ретінде Түркістан осы конференцияның ұйымдастырушысы атанды.

«Біз білім жолындағы инновация тек қалаулы ғана емес, сонымен бірге қажет болатын шешуші кезеңде тұрмыз», деп атап өтті Түркістан қ. Оқушылар сарайының директоры Индира Икапова. «Дәл осы себепті 2022 жылы біздің Оқушылар сарайы серіктестеріміз – Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қолдауымен түркістандық студенттерге STEM курстарына қатысуға және маңызды инженерлік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін бірегей UniSat хабын ашты. Осындай табысты тәжірибе басқа өңірлерде де қайталанып, әрбір бала STEAM біліміне қол жеткізе алады деп сенеміз».

ЮНИСЕФ серіктестері аэроғарыштық технологиялар және геймификация саласындағы қыздарға арналған STEAM бағдарламаларын іске асыру және қолдау көрсету бойынша өз тәжірибесін ұсынды.

Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) өзінің GameLab зертханасы арқылы білім берудегі геймификация технологиялары және ЮНИСЕФ пен ҚБТУ-дың бірлескен «GameDev» жобасы туралы айтып берді, аталмыш жоба қыздарға білім беру контентінгеймификациялау арқылы бейнеойындарды құрастыру дағдыларын меңгеруге мүмкіндік берген.

ҚазҰУ UniSat бағдарламасы арқылы қыздар арасында STEAM саласындағы мансапты ілгерілетуде ЮНИСЕФ-пен серіктестік тәжірибесі туралы баяндап берді. Бұл - оқушы қыздар инженерлік дағдыларды меңгеріп, өздерінің наножерсеріктерін құрастырып, ұшыра алатын бірегей платформа.

ЮНИСЕФ Қазақстанда STEAM бағдарламаларын бастағалы бері 3500-ден астам қыз онлайн тренингтерге, 400-ден астам қыз оффлайн білім марафондарына қатысты.

«Білім берудегі инновациялар Тұрақты даму мақсаттарында көзделген ұмтылыстарды іске асыру үшін маңызды», деді Летисия Баззии-Вейл ханым, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің орынбасары. «ЮНИСЕФ бүкіл әлемдегі білім беру жүйелері тап болатын түйіткілді мәселелерді шешуде және баршаға инклюзивті, әділ және сапалы білім беруді қамтамасыз етуде инновацияның түрлендіруші күшін мойындайды».

Сондай-ақ Баззии-Вейл ханым Түркістандағы UniSat хабының білім, технология және шығармашылық арқылы балалар мен жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, инновациялар, оқу және қоғамды дамыту орталығы қызметін атқаратынын баса айтып өтті. «Түркістан басқа аймақтарға үлгі болды. Өңірлік STEAM орталықтары балалар арасында шығармашылық пен инновацияны дамытуды мақсат етеді, ал ЮНИСЕФ осындай орталықтарды ашу және қолдау арқылы инновациялардың күшін пайдалану үшін аймақтар арасындағы инновациялық тәжірибе алмасуды одан әрі дамытуға ұмтылады».

Конференция мүдделі тараптарды білім берудегі инновацияларды ілгерілету және әрбір баланың сапалы білім алу және дағдыларын дамыту мүмкіндіктеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тынымсыз күш салуға үндеумен аяқталды.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.