Түркістанда қазақстандық оқушылар ауаның ластануын талдау үшін наноспутниктерді іске қосты
Наноспутниктер ЮНИСЕФ пен Әл-Фараби ат. ҚазҰУ бірлескен жобасы аясында құрастырылған.
ТҮРКІСТАН, 2022 жылғы 1 қазан – Бүгін Түркістан қаласынан 50 шақырым жерде БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ бірлескен білім беру бағдарламасының қатысушылары, қазақстандық оқушылар UniSat-тың екі ультразаманауи наноспутниктерін атмосфераның жоғарғы қабатына ұшырды.
UniSat - бұл ЮНИСЕФ Қазақстан және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламасы. UniSat бағдарламасының мақсаты наноспутниктерді әзірлеу саласында қыздардың білімі мен құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс, шешендік өнер, тайм-менеджмент және креативтілік сияқты дағдыларды жетілдіру болып табылады. Бағдарлама гендерлік стереотиптерді және STEM саласындағы қыздардың өкілдігін арттыруға бағытталған. Бағдарлама мамандық таңдауда сенімділікті арттыру арқылы жұмысқа қабілеттілікті жақсарту және өзіне сенімдерін қалыптастыру үшін STEM дағдыларын үйретуге мақсатталған. Бүкіл әлемде қыздар мен жас әйелдер STEM-де аз қамтылған және алдын ала қалыптасқан түсініктерге, нормалар мен стереотиптерге байланысты ерте жастан STEM бағытына түсуге кедергілерге тап болады. Әйелдер мен ерлер үшін қандай жұмыс «дұрыс» екендігі туралы гендерлік стереотиптер білім берудің барлық деңгейлерінде STEM пәндерін таңдауға және STEM мансапқа ұмтылуға қыздар мен жас әйелдерге кедергі болып табылады. Орталық Азияда STEM-ге қатысқан қыздар мен жас әйелдердің саны ер адамдармен салыстырғанда айтарлықтай төмен. UniSat бағдарламасы спутниктік технология бойынша оқыту және зертханада наноспутниктерді жасау арқылы қазақстандық оқушы қыздар арасында STEM білім беруді алға тартады.
Наноспутниктер салмағы 10 кг-дан аспайтын шағын ғарыш аппараттарының класына жатады. Бүгінде наноспутниктер әлемнің жетекші университеттерінде және коммерциялық ұйымдарда құрастырылуда. UniSat спутниктері білім беру мақсаттарына арналған және бірнеше камералармен жабдықталған. Бір камера жердің эллиптикалық бейнесін 4K ажыратымдылығымен түсіре алады. Датчиктер сәулелену, қысым, гравитация, жарық және газ құрамы туралы мәліметтерді жинайды, ал үлкен көлемдегі мәліметтер, бейнелер мен кескіндер талдау үшін Жерге қайта жіберіледі.
Іске қосу шеңберінде барлық қатысушылар тәлімгердің қолдауымен наноспутникпен алынған қоршаған орта туралы ұшу деректерін өңдеуді үйренеді. Сондай-ақ, қыздар деректерді визуализациялауды және миссияның соңғы есебін жазуды меңгереді. Деректерді талдау кеше Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында ашылған UniSat Хабында жүргізілетін болады. Наноспутниктермен алынған мәліметтерді ғылыми және практикалық мақсаттарда пайдалануға болады.
«Біз Түркістан облысында алғаш рет іске қосудамыз және UniSat жобасының ауқымы кеңейіп, дамып келе жатқанына өте қуаныштымыз. Кеше ғана ЮНИСЕФ серіктестерімен бірге Оқушылар сарайында спутниктік технологиялар саласындағы инженерлік дағдыларды дамыту бойынша ғылыми-білім беру орталықтарының жұмыс принципі бойынша жұмыс істейтін бірегей Хаб ашты. ЮНИСЕФ үшін инновациялар, жастардың дағдыларын дамыту және гендерлік теңдікті ілгерілету өте маңызды. Біз UniSat білім беру бағдарламасының дамуы қыздар арасында STEM-ді танымал етіп қана қоймай, қоғамға ғарыштық өзгерістер әкеледі деп сенеміз», - деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.
Іске қосар алдында барлық қатысушылар UniSat онлайн-курсынан, сондай-ақ 3-күндік практикалық марафоннан өтті, онда олар 3D-модельдеу, бағдарламалық басқару блоктарын жобалау, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеу дағдылары туралы білім алды. Қатысушылар UniSat наноспутниктерінің ішкі жүйелерін өздері бағдарламалап, оларды іске қоспас бұрын зертханалық жағдайда сынап көрді.
UniSat бағдарламасы "Dubai Cares" халықаралық білім беру қорының, Clé de Peau Beauté брендінің және филантроп Назанин Алакиян ханымның қолдауымен іске асырылады.
Жоба туралы қосымша ақпаратты UniSat сайтынан алуға болады: https://unisat.kz/
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ туралы
ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша еліміздің университеттік жүйесінің флагманы. ҚазҰУ технопаркінде жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында (физика, математика, химия, биология және т.б.) қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізуге арналған мамандандырылған зерттеу жабдықтары бар.
Dubai Cares
Dubai Cares - БАӘ Премьер-Министрі, Вице-президенті және Дубай әмірі шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мактумның шешімімен 2007 жылы құрылған Халықаралық қайырымдылық ұйымы. Ұйым барлығына инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және 2030 жылға қарай өмір бойы оқытуды ілгерілетуге бағытталған БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы 4-мақсатқа (ТДМ) қол жеткізуде негізгі рөл атқарады. Dubai Cares және оның жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін: https://www.dubaicares.ae/ сайтына кіріңіз.
Назанин Алакия - білім беру, әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қоршаған орта сияқты үш бағытты терең ұстанатын гуманитарлық қайраткер және филантроп. Егер әйелдер мен қыздарға лайықты білім беріп, қауымдастықтарды экологиялық тұрақты болашаққа жетелейтін болсақ, орнықты, гүлденген және әділ әлемге қол жеткізе аламыз деп санайды.
Назаниннің гуманитарлық қызметі ең алдымен халықтың аз қамтылған топтары, босқындар мен өз елінің ішінде мәжбүрлі қоныс аударушылар (МҚА) үшін климаттың өзгеруінің теріс салдарын жою үшін шешімдерді анықтауға және орнатуға арналған. Ол Нигерияның солтүстік-шығысындағы ЮНИСЕФ-тің сумен жабдықтау, санитария және гигиена бағдарламасы (WASH) аясында күн энергиясын пайдаланып ұңғымаларды бұрғылау сияқты ұзақ мерзімді шешімдерге қаражат салады.
Йеменде жалғасып жатқан қақтығыс кезінде ол азық-түлік, дәрі-дәрмек және психоәлеуметтік көмекті қосқанда жедел көмек көрсету үшін қаражат жинады, сондай-ақ ЮНИСЕФ үшін де.