Қызылорда шетелдік дәрігерлермен патронажды күтім көрсетудің жаңа үлгісімен бөлісті

28 Маусым 2019
Учебный тур в Кызылорде
UNICEF/Magdeev

28 маусым, Қызылорда – бүгін Қызылордада аяғы ауыр әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға патронаж қызметтерін көрсетудің жаңа үлгісімен таныстыратын халықаралық оқу туры аяқталды. Оған Өзбекістан мен Украинадан келген медицина мамандарына қатысты.

Мұндай халықаралық тур Қызылорда мен Қызылорда облысында алғаш рет өтіп жатқан жоқ. Бұған дейін де Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия елдерінен келген мамандар мен денсаулық сақтау қызметкерлері осындай оқудан өткен.

Сапардың мақсаты – аяғы ауыр әйелдер мен 5 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға патронаж қызметтерін көрсетудің әмбебап-озық үлгісін жобалау, сынау және кеңейту кезінде алынған білім мен тәжірибелермен бөлісу. Бұл үлгі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен әзірленіп, сынақтан өткізілген.

Үлгінің әдістемесі тәуекелдерді алдын-ала анықтау, аяғы ауыр әйелдерге және 5 жасқа толмаған балаларға үйлеріне барып сапалы күтім жасау және антенаталдық күтім көрсету арқылы балалардың өлімі және ауруларын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, патронажды күтім жасаудың жаңа үлгісі медициналық мен әлеуметтік қызметкерлерге баланың және оның отбасының қажеттіліктерін жақсырақ түсініп, бағалауға және анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мамандарға әлеуметтік қорғау, білім беру, көші-қон қызметтері және жұмыспен қамту орталықтарымен бірле отырып уақтылы түрде сапалы қызмет көрсетуге көмектеседі.

«Отбасыларға қызмет көрсетудің инновациялық тәсілдері Қазақстаннан тыс жерлердегі балаларға да пайдасы тиетіндігі ЮНИСЕФ-ті қуантады», - деді ЮНИСЕФ-тің Өкілі Артур Ван Дизен. «Бұл үлгі балалардың жарақат алуын азайтудан бастап олардың денсаулығын жақсартып, өмірін сақтап қалуда өз тиімділігін дәлелдеді, және осы үлгінің аймақта табысты түрде енгізілуін біз асыға күтеміз».

«Патронажды мейірбикенің жұмысы үшін екі фактор бірдей маңызды: кәсіпқойлықтың жоғары деңгейі және шынайы эмпатия сезімінің болуы. Тек медицина білімімен отбасыға кіру жеткіліксіз. Жанұяңың ауырсынуы мен қажеттіліктерін жүрек арқылы түсіну қажет. Бұл екі фактор сәйкес келгенде, біз мейірбикеге, жалпы медицинаға деген сенім жайлы және бүкіл бағдарламаның табысты өтуі жайлы айта аламыз. Осыған біз Қызылордада бола отырып көз жеткіздік», - деді Украинадан келген қатысушылардың бірі.

Бұл үлгіні қолдану жеке тұлғалардың, отбасылардың және жалпы қоғамның денсаулығына, дамуына және игілігіне ұзақ мерзімді түрде әсер етеді.

***

Редакторларға ескерту:

Қосымша ақпарат:

Аяғы ауыр және 5 жасқа толмаған балалары бар отбасылар үшін патронаж қызметтерін көрсетудің әмбебап-озық үлгісі 2016-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Қызылорда облысының әкімшілігінің бірлескен күшімен Қызылорда мен Жаңақорған ауылындағы екі емханада сәтті жүзеге асырылды.

2018 жылдан бастап Қызылорда облысындағы тәжірибені есепке ала отырып, үлгі бүкіл мемлекет бойынша кеңейтіле бастады. 2019 жылдың наурыз айында Түркістан қаласында ЮНИСЕФ пен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен екінші ресурстық орталық ашылды. Екі орталық та ЮНИСЕФ пен ДДСҰ-ның халықаралық стандарттарына сай етіп әзірленген жаңа әмбебап озық үлгісіне сәйкес жыл сайын 1000-ға жуық медицина қызметкерлерін оқытуға мүмкіндігі бар.

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі қызметкерлермен хабарласа аласыздар:

Зарина Нұрмұхамбетова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс координаторы (тел.: +7 777 734 30 19; эл. пошта: znurmukhambetova@unicef.org)

Әсел Садова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс маманы (тел.: +7 777 881 05 47; эл. пошта: asaduova@unicef.org)

Медиа байланыс

Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)
Тел: .

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.