ЮНИСЕФ қазақстандықтарды COVID-19 пандемиясы кезінде жедел психологиялық көмекті алуға қолдау көрсетуде

Соңғы үш айда 276 адам жедел онлайн психологиялық көмекті алды, және 5000-нан астам мектеп психологтары мен психикалық денсаулықты сақтау аясындағы мамандар арнайы оқудан өтті.

06 Тамыз 2020
Mother with children
UNICEF/Kaliyev

Нұр-Сұлтан, 6 тамыз 2020 ж. -  COVID-19 пандемия миллиондаған балалар мен олардың отбасыларының өмірін түбегейлі өзгертіп, халықтың мазасыздығы, күйзелісі мен сенімсіздігін арттырды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (РПДҒПО) ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, Citi қайырымдылық қорының қаржылық қолдауымен COVID-19 індеті уақытында жергілікті халыққа ақпарат беретін, психологиялық көмек пен қолдауға байланысты қажеттіліктерді қанағаттандыратын жеке онлайн-кеңес беретін, платформа ретінде қызмет жасайтын арнайы сайтты (https://covid-19.mentalcenter.kz) ашты. Онлайн-кеңестерден бөлек психологтардың кәсіби потенциалын арттыру мен дамыту мақсатында арнайы білім беру бағдарламасын іске қосты.

«Бұл теңдесі жоқ уақытта, балалар мен олардың отбасыларының өміріне коронавирустың таралуы үлкен әсер еткен уақытта, психологиялық қолдау карантин мен оқшаулау кезіндегі психикалық денсаулықты сақтауда шешуші рөлді атқаруда», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Өкілі Артур ван Дизен. «Осы бастамалар мен барлық серіктестердің бірлесуінің арқасында біз 276-дан астам жеке онлайн-сессияларды ұйымдастыра алдық. Онлайн консультациялар қашықтықтан психологиялық қолдау бойынша кәсіби дағдыларды дамытумен қатар жүруде. Бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдерге, отбасыларға, COVID-19 жауабына белсенді қатысқан денсаулық сақтау мамандарға және жақындарынан айырылған адамдарға психикалық қолдау мен психикалық денсаулықты нығайту бойынша психологтардың әлеуетін күшейту үшін 50-ден астам сессия өткізілді. Біз осындай қолдауды кеңейтіп, одан да көп мұқтаж отбасыларды қамтуға тырысамыз».

2020 жылдың сәуір айында іске қосылған сайтта барлық ақпараттық және кеңес беру қызметтері қазақ және орыс тілдерінде жүргізілуде. Сайттың ішінен күйзелісті басқару және өзіне-өзі көмек көрсету әдістері бойынша практикалық ұсыныстар мен кеңестерді табуға болады. Сайттағы ұсыныстар мен ақпарат келесі мақсатты топтарға бағытталған:

  • Балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ олардың отбасыларына,
  • Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға,
  • COVID-19-бен күресте белсенді ат салысып жүрген медицина қызметкерлеріне,
  • Оқшаулануда отырған адамдарға,
  • Қарт адамдарға.

Арнайы 58 маман бүкіл елдегі 100-ден астам психологтардың, психотерапевтер мен психиатрлардың арасынан іріктеліп алынды. Қазіргі күні covid-19.mentalcenter сайтына 32 381 пайдаланушылар кірген.

«Біз барлық ата-аналар мен балаларға егер қандай да бір сұрақтар мен мәселелер туындаған жағдайда еркін және анонимді түрде психологиялық көмек пен қолдау алу үшін осы веб-сайтқа кіруді ұсынамыз. Бұл сайттан сіз күйзеліс пен алаңдаушылықты жеңілдету, өзіңіздің көңіл күйіңізді жақсарту үшін және балаңызбен қалай сөйлесуге байланысты пайдалы әрі қарапайым кеңестерді таба аласыз», - деп бөлісті жастар мен жасөспірімдерді дамыту жөніндегі бағдарлама үйлестірушісі Айгүл Кадирова. «Егер қандай-да бір себептермен веб-сайтқа кіру мүмкін болмаса, ата-аналар мен жасөспірімдер әрдайым мектеп психологымен байланыса алады немесе Денсаулық сақтау министрлігінің 1406 жедел желісіне немесе «150» сенім телефонына қоңырау шала алады (WhatsApp +77081060810 немесе веб-сайте www.telefon150.kz арқылы). Ең бастысы мойымау, өзіңізге және балаңызға көмектесуге талпыну». 

Мектеп психологтары

2020 жылғы мамыр айында Білім және ғылым министрлігі (БҒМ), РПДҒПО және ЮНИСЕФ-тің бірлескен жоспарына сәйкес іс жүргізу мен қадағалау бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынатын мектеп психологтары үшін жаңа сайт ашылды.
Жоспар еліміздің он жеті аймағындағы мектеп психологтары үшін онлайн-тренингтерді қамтыды. Онлайн оқыту бағдарламасы АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды. Мамандарға арналған практикалық кеңестер мен жаттығуларды қамтитын үш оқу құралы қазақ және орыс тілінле жарық көрді. Бүгінгі күні мектептер мен колледждердің психологтары үшін 49 онлайн семинар өткізіліп, оған 7 960 адам қатысты.

Вебинарларға қатысушылар қазақ және орыс тілдеріндегі презентациялардың жеңіл түрде берілуін, материалдардың өзектілігі мен уақытылығын, сонымен қатар тренерлердің жоғары деңгейін айрықша бағалады.

«Алматы облысының барлық психологтарының атынан мен осы вебинарларды ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтқым келеді. Осы ақпаратты біз күнделікті өміріміізде және жұмысымызда қолдана аламыз, өйткені оқытушылар осы жаңа білім мен дағдыларды өте тиімді, әрі жинақы етіп бере алды», - деді Алматы облысы бойынша педагогикалық психологтардың үйлестірушісі Динара Жардембековна.

Интернетке кіру мүмкіндігі шектеулі шалғайдағы мектеп психологтары YouTube каналындағы вебинар жазбаларын Мentalcenter QAZAQSTAN арқылы көре алады. Бұл каналға қазірде 719 жазылушылар қосылған, және мектеп психологтарына арналған вебинардың 17 321 қаралуы тіркелген. Жалпы қамту (Youtube-ты қосқанда) 25 405 құрайды. Мектеп психологтары үшін арналған онлайн-тренингтердің негізгі тақырыптары:

  • Отбасылар мен балаларға қашықтықтан психологиялық қолдау мен кеңес беру.
  • Жан күйзелісі мен стрессті алдын алу үшін мектеп қызметкерлеріне қолдау көрсету.
  • Карантин уақытында жасөспірімдердің өзін-өзіне қол жұмсауын алдын алу.

 

# Редакторларға арналған ескертпе


БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) барлық салаларда әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қорғайды. Біз серіктестерімізбен бірге ең осал және ғаріп балаларға көмек көрсету үшін 190 елде жұмыс істейміз. ЮНИСЕФ және оның Қазақстандағы жұмысы туралы қосымша ақпаратты www.unicef.org/kazakhstan веб-сайтынан алуға болады. ЮНИСЕФ Қазақстан қызметін Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінен қадағалаңыз.

USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, сонымен қатар, тұрақты дамуға өз үлесін қосады. Толық ақпарат https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтында және https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia/ парақшасында. 

Citi – әлемнің жетекші қаржы корпорациясы 160-тан астам елде 200 миллионға жуық клиенттерге қызмет көрсетеді. Citi жеке тұлғаларға, компанияларға және үкіметтерге банктік қызмет, несие беру, биржалық капиталды тарту, брокерлік қызмет және активтерді басқару сияқты көптеген қызмет түрлерін ұсынады. «Ситибанк Қазақстан» АҚ-ның бөлімі - клиенттердің операциялары көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі екінші деңгейлі банктердің бірі. Citi ел экономикасына ондаған миллиард АКШ доллар тартуға көмектесті. www.citigroup.com

Толық ақпарат алу үшін:

Эльвира Яушева, қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы, тел.: +7 707 109 8553; eyausheva@unicef.org
Әсел Садуова, қоғаммен байланыс маманы, тел.: +7 777 881 05 47; asaduova@unicef.org

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 707 109 8553
Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.