Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің жағдайын талдау
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын ілгерілету
Қысқаша ақпарат
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің жағдайын талдау (2024) елдегі балалар мен жасөспірімдердің ахуалына жан-жақты шолу ұсынады. Бұл талдауда денсаулық және тамақтану, білім беру, баланы қорғау, әлеуметтік қорғау және көмек жуйесі, қоршаған орта ықпалынан қорғау салаларындағы жетістіктермен қатар, мүгедектігі бар, ауылдық жерлерде тұратын сияқты тағы да басқа ең осал топтардың құқықтарын толық жүзеге асыруына кедергі келтіретін сақталып отырған теңсіздіктер анық көрсетілген.
Адам құқықтары мен теңдік қағидаттарына негізделген тәсілді қолдана отырып, бұл талдау бір жағынан қол жеткізілген жетістіктерді, екінші жағынан әлі де бар қиындықтарды белгілей отырып, ұлттық саясатты, бағдарламалар мен әріптестіктерді жетілдіруге бағытталған дәлелді ұсынымдар береді. Алынған тұжырымдар мемлекеттік жоспарлауға және ЮНИСЕФ-тің 2026–2030 жылдарға арналған келесі елдік бағдарламасын әзірлеуге ықпал етіп, Қазақстандағы әрбір баланың өмір сүруіне, дамуына және өркендеуіне жағдай жасауға бағытталған бірлескен күш-жігерді қолдайды.