“Samgau UpShift-ке қатысу кезінде біз өз идеяларымызды нақты жобаларға айналдыруды үйрендік”

ЮНИСЕФ Қазақстан жасөспірімдерге болашақ мамандығын анықтауға қалай көмектесуде

ЮНИСЕФ Казақстан
Lead the Way-Ayan_Beksultan_Oct_2021_Aleksandra_Chernykh
UNICEF Kazakhstan/2021/Aleksandra_Chernykh
07 Қараша 2021

Пандемия қазақстандықтар өмірінің барлық салаларына өз түзетулерін енгізді. Бүкіл әлем қашықтан жұмыс істеуге және оқуға көшкен кезде, жасөспірімдер де жаңа шынайынылыққа бейімделуге мәжбүр болды.

"Пандемия кезінде көптеген жасөспірімдерде әлеуметтік бейімделу және өзін-өзі табу проблемалары болды. Үйде компьютерде отырған бала не қалайтынын нақты түсіне алмайды, тіпті егер ол өзінің сүйікті ісін тапса да, оған сапалы курс немесе қолдау табу қиын, өйткені Қазақстанда мұндай жобалар өте аз", - дейді Семей қаласынан келген команда мүшесі, 19 жастағы Амина.

Дәл осы себептен Аян (15 жас), Максим (17 жас), Амина (19 жас) және Русалина (19 жас) ЮНИСЕФ пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолдаған жасөспірімдер мен жастардың дағдыларын дамыту бағдарламасы Samgau Upshift-ке қатысуға шешім қабылдады.

ЮНИСЕФ Инновациялық зертханасының флагмандық бастамасы болып табылатын UPSHIFT әдіснамасын пайдалана отырып, бағдарлама жастарды дамытудың және жастардың әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлік саласын игерудің озық әдістерін біріктіреді.

Samgau Upshift семинарларының бірінші цикліне 17 команда қатысты, ал менторлық бағдарламаға 9 команда өтті, олар өз идеяларын жобаларға айналдыра бастады.

Олардың арасында Аян, Максим, Амина және Русалинаны біріктірген “Lead the Way” жобасының командасы да болды. Балалар өз құрдастарына университетке түсу немесе жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдыларды дамытуға көмектесуге мықтап бел буды.

“Жоба идеясы бұрыннан бері, оны жүзеге асырудан бір жыл бұрын пайда болды. Бірақ Samgau Upshift арқасында мен оны жүзеге асыра алдым. Тренинг барысында мен ең белсенді қатысушыларды таңдап, олармен байланысқа шықтым. Шағын талқылаулардан кейін бізде шағын, бірақ тату команда құрылды, оның әрбір қатысушысы енді бір-бірімен тікелей кездесуді армандап жүр?”- дейді Рудныйдан келген команда мүшесі Максим атты студент.

UNICEF Kazakhstan/2021/Yevgeniy_Zhukov
UNICEF Kazakhstan/2021/Yevgeniy_Zhukov
Максим - Рудный қ. “Lead the Way” командасының жетекшісі

Команданы қалыптастыра отырып, балалар ZOOM жиналыстарын өткізіп тұрды, ал шешімдерді әр қатысушының пікірін ескере отырып, бірге қабылдады. Амина мен Русалина үйлестіруші, ал Максим жетекші болды. Аян маркетинг пен дизайнға жауапты болды.

Екі апта бойы LeadtheWay командасы жобаға жинаған оқушылар үш бағыт бойынша оқытудан өтті: Жан-жақты тұлғалық даму, Кәсіпкерлік негіздері, Журналистика және SMM.

UNICEF Kazakhstan/2021/Aleksandra_Chernykh
UNICEF Kazakhstan/2021/Aleksandra_Chernykh
Аян - Шымкент қ. “Lead the Way” командасының қатысушысы

Жобаның спикерлері өз ісінде жетістікке жеткен танымал кәсіпкерлер мен блогерлер болды.

“Біздің спикерлеріміз - өз саласының кәсіпқойлары, олар ірі телекомпанияларда жұмыс істейді, ауқымды бизнес пен медиа-жобаларды басқарады, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қатысушылары болып табылады және БҰҰ-да жұмыс істейді. Мұның бәрі олардың көпжылдық тәжірибесімен және кәсібилігімен дәлелденеді", - дейді Тараздан келген команда қатысушысы Русалина.

Zoom-дағы онлайн-вебинарларда мамандар жеке бренд, бизнес, БАҚ және шығармашылық ойлау туралы білімдерімен бөлісті.

Өз жобасының бірінші ағымында команда жобаға қатысушылардан 233 өтінім мен 300-ден астам пікір жинады. Тренингке қатысушыларға вебинарлар атмосферасы мен нақты ақпарат ұнады. Жастардың айтуынша, олар үшін онлайн форматта болса да, танымал адамдармен кездесіп, олардың білімі мен тәжірибесін алу үлкен мәртебе болды.

Lead the Way командасы сонымен қатар жобаны сәтті іске қосқаннан кейін де олар жолда белгілі бір қиындықтарға тап болғанын айтады.

“Басында вебинарларды өткізу қиын болды, өйткені бұл үлкен жауапкершілік және керемет толқыныс, бірақ уақыт өте келе біз оны жеңе алдық, кейіннен бәрі “жеңіл” болды. Кейде байланыспен проблемалар болды. Интернет жоғалып кетті, спикерлер немесе үйлестірушілер байланысқа шықпады, бірақ бұл бізге қиын жағдайларда жұмыс істеу дағдысын пысықтауға мүмкіндік берді”, - дейді Амина. “Командада аздап келіспеушіліктер орын алған кездер болды, қатты шаршайтын едік, бәрін тастағымыз келді. Бірақ соған қарамастан, біздің шамамыз келіп, 1 ағынды соңына дейін жеткіздік, сонымен қатар қатысушыларымызға арналған футболкалар мен шопперлерді сыйлық ретінде жеткіздік”.

Жобаны жүргізумен қатар, Lead the Way командасының мүшелері емтихан тапсыруды, еріктілер жобаларына қатысуды және тіпті жұмыс істеуді жалғастырды, алайда бұл жобаның дамуына еш кері әсерін тигізбеді

UNICEF Kazakhstan/2021/Yevgeniy_Zhukov
UNICEF Kazakhstan/2021/Yevgeniy_Zhukov
Максим сонымен қатар ЮНИСЕФ волонтерлік бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады

Енді Lead the Way жобасымен оныншы сынып оқушысы Аян және екінші курс студенті Максим айналысады. Жобаның келесі ағымында олар жаңа форматта жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Қазір олар білім беру нарығындағы негізгі білім беру платформаларының бірі болуға тырысуда. Аян мен Максим “Қаржылық сауаттылық”, “Графикалық және веб-дизайн”, “Мобилография” және “Жүргізушілердің курстары” бағыттары бойынша өз сайты мен спикерлерді таңдауда жұмыс істеуде. Жобаның болашақ қатысушылары тегін бейнесабақтарды көруге және оқу аяқталғаннан кейін сертификат пен толық оқу курсын сатып алуға мүмкіндік алады.

UNICEF Kazakhstan/2021/Aleksandra Chernykh
UNICEF Kazakhstan/2021/Aleksandra Chernykh
Шымкент қ. Аян вебинар өткізуге дайындалуда

Сондай-ақ, жастар келесі жылға қаржылық стратегия дайындап, нақты бөлінген міндеттері бар жаңа команда жинады.

“Жобаға қатысу барысында біз ең бастысы - өз идеяларымызды нақты жобаларға айналдыруды үйрендік. Біз бизнес-жоспарлар құруды, өз бюджетімізді дұрыс бөлуді және өз тобымызды құруды үйрендік. Бұл жоба біз үшін үлкен бастама болды, қатысушылардан пікірлер жинауға, өз қателіктерімізді табуға және болашақта оларды түзетуге көмектесті”, - дейді Максим.

 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «Жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі 2020 жылғы желтоқсаннан бастап эксперименттік оқытудың озық әдістерін пайдалана отырып, жасөспірімдер мен жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларын нығайту бойынша SAMGAU (UPSHIFT) бағдарламасын іске асыруда. Жобаға осал топтардан жасөспірімдерді (АИТВ және басқа созылмалы аурулары бар, мүгедектігі бар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар) тартуға ерекше көңіл бөлінеді.