Ақтауда ЮНИСЕФ-тің Волонтерлер мектебі іске қосылды

11 Шілде 2025
набор волонтеров
UNICEF/Kazakhstan/2025/DianaIbel

Ақтау, 2025 жылғы 11 шілде — Бүгін Yessenov University қабырғасында Маңғыстау облысының жастары үшін айтулы оқиға – ЮНИСЕФ-тің Волонтерлер мектебінің ресми іске қосылуы және «Балалар мен жастардың құқықтары мен әл-ауқаты үшін» атты кездесулер сериясының алғашқы шарасы өтті. Бастама әлеуметтік және экологиялық жобаларға қатысу арқылы Қазақстанның және өз өңірінің дамуына үлес қосқысы келетін 150-ден астам жастың басын қосты.

Іс-шараны Маңғыстау облысы әкімдігі мен Yessenov University-дің қолдауымен БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырды. Қатысушыларға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаев, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар және Yessenov University президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде бүгінгі таңда волонтерлік жай ғана қатысу формасы емес, азаматтық жауапкершілік пен орнықты болашақты қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі екенін атап өтті.

«ЮНИСЕФ-тің Волонтерлер мектебі – бұл жастарға өзгерістер үні болуға берілген мүмкіндік. Біз волонтерлік тек көмек алатындардың ғана емес, волонтерлердің өз өмірін де өзгерте алатынына сенеміз», – деп атап өтті доктор Сарвар аудиторияны шабыттандырып.

Кездесу бағдарламасы интерактивті пікірталастар, волонтерлердің шынайы оқиғалары, квиздер, шеберлік сабақтары мен медиа-зертхана тоғысқан жарқын шараға айналды. Жас қатысушылар Қазақстандағы балалар тап болатын сын-қатерлерді талқылап, бала мен жастардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатына қол жеткізу бойынша өз идеяларымен бөлісті, экологиялық бастамаларды әзірлеп, азаматтық ұстанымды нақты іс-әрекетке айналдыруды үйренді.

Негізгі тақырыптардың бірі – тамыз айында басталатын ЮНИСЕФ-тің жаңа Волонтерлермектебі – онлайн білім беру бағдарламасының таныстырылымы болды. Барлық волонтер балалар мен жастардың құқықтары мен әл-ауқаты, менталды денсаулық, экология, көшбасшылық және волонтерлік дағдылар тақырыптары бойынша оқудан өте алады. Қазірдің өзінде ЮНИСЕФ-тің волонтерлік бағдарламасына қатысу үшін Маңғыстау облысынан 350-ден астам қатысушы тіркелді.

Ақтаудағы іске қосу шарасы өңірлік кездесулер легінің алғашқысы болды: тамыз айының ортасына дейін осындай іс-шаралар Алматы, Шымкент, Астана, Көкшетау және Семей қалаларында өтеді.

ЮНИСЕФ волонтерлікті өзінің жаһандық миссиясының бір бөлігі ретінде ілгерілетеді. 2020 жылдан бастап Қазақстанда 10 000-нан астам жас ЮНИСЕФ волонтері атанып, оқытудан өтті, акциялар өткізді, ағартушылық іс-шараларға қатысты. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей: волонтерлік жастардың шешім қабылдауға қатысуын арттырады, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырады және тұрақты дамуға ықпал етеді.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

О ЮНИСЕФ

ЮНИСЕФ осуществляет свою деятельность в целях обеспечения прав и благополучия каждого ребенка. Совместно со своими партнерами ЮНИСЕФ действует в 190 странах и территориях мира в целях претворения в жизнь своих обязательств, уделяя при этом особое внимание проблеме охвата наиболее обездоленных и изолированных детей; на благо детей, во всех уголках мира.

Подробности о деятельности ЮНИСЕФ на сайте www.unicef.org.

Подпишитесь на наши страницы в Instagram, Facebook и Twitter