"Табиғатты қорғайтын тек ересектер емес, біз, мектеп оқушылары да үлесімізді қоса аламыз"

Щучинск қаласының 5-сынып оқушылары өз мектебінде жаңа эко әдеттерді қалай енгізеді және құрдастарын табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға қалай ынталандырады.

Дария Негматова
Фото из личного архива Ярослава Мартемьянова.
UNICEFKazakhstan/2023/YaroslavMartemyanov
15 Қаңтар 2024

2020-2021 жылдары ЮНИСЕФ пен «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» ҚБ бастамалары жасөспірімдер мен жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін Samgau (Самғау) бағдарламасына біріктірілді. Бұл – дағдыларды дамытатын және жастардың бастамаларын қолдайтын акселерациялық бағдарлама.

Samgau бағдарламасы жастар мен жасөспірімдерді өз елді мекенінде туындайтын мәселелерді зерттеуге, түсінуге және тиімді шешімдер жасауға үйретеді.

Samgau өмірлік дағдыларды дамыту бойынша онлайн курсты және әлеуметтік инновациялар бойынша онлайн семинарды қамтиды, содан кейін курс түлектері өз жобаларын жасауға көшеді. Арнайы үш айлық бағдарлама аясында жасөспірімдерге тәлімгерлер де көмектеседі.

Бағдарламаға Щучинск қаласының оқушылары да қатысты. №2 мектептің 5-сынып оқушылары Ярослав, Ксения, Тимур, Роман және Дарина командаға жиналып, мектепке де, құрдастарына да пайдалы болатын экожоба жасады.

Топтың жетекшісі Ярослав Мартемьянов болды. Оның айтуынша, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мәселесі оны әрдайым мазалаған.

 

Ярослав: «Адамдар су тапшылығынан зардап шегетін, өзендер мен көлдердің қалай кебетінін көрсететін телешоуларды көру мені әрқашан екі түрлі сезімге бөлейтін», – дейді

Ярослав планетаның болашағына алаңдайды, ол көптен бері «Жердің су ресурстарын сақтауға көмектесетін нәрсе» жасағысы келді. Бесінші сынып оқушыларының мұғалімі және тәлімгері Қобыланды Байтілеуов оларға табиғатты қорғау және экология жобасына қатысуды ұсынғанда Ярослав ойланбастан келісті.

Команданы қалыптастыруда балаларға Samgau платформасында өткен оқыту курсы көп көмектесті. Курстан өту кезінде де сыныптастар қызығушылықтары бойынша топтарға жинала бастады.

«Біздің команда бұрыннан қалыптасқан. Біз әртүрлі жарыстарда, байқауларда бірге өнер көрсетеміз», – дейді Ярослав.

Жоба тақырыбын таңдағанда оқушылар мұғалімнің көмегіне жүгініп, ой толғады. Әркім өз жобасының тақырыбын ұсынды және оның жобасы неге ең жақсы екенін дәлелдеді. Ярославтың ауыз сумен жабдықтауды өлшейтін құрылғыларды орнату идеясы практикалық тұрғыдан ең қызықты және пайдалы болып таңдалды.

«Ауыз суды мөлшермен қамтамасыз ететін құрылғыны орнату тақырыбы менің басымда бұрыннан бар. Оқушылар су ішу үшін субұрқаққа жақындап, кранды қосып, достарымен сөйлесіп кететін кездері көз алдымда. Сол уақытта су босқа төгіліп жатады. Қанша су жайдан-жай ағып жатады? Мұғалім бізге жобаға қатысуды ұсынып, не істейтінімізді айтқан кезде менің басыма мына ой келді: «Мен жобамды судың босқа ағып кетпеуіне жол бермеу үшін жасаймын».

Жобаға қатысушылардың жалпы жиналысында біреу бір бағдарламаны еске түсірді. Онда бергіштерден қосылатын автоматты құрылғылар көрсетілді. Мұндай бергіштерді мектептегі ауыз су бұрқақтарына қоюға болады. Осылайша команда осы бағыттағы жұмысқа белсенді қатысты.

«Ярославтың командасы бастапқыда өте дамыған және мақсатты екенін көрсетті. Мен командамен бөлек сөйлесіп, олардың ойларын ұсыныстардың шынайылығына жетеледім. Біз болашақта емес, қазір не істей аламыз? Осыдан кейін команда мектеп субұрқақтарына тоқтады. Бұл – болашағы бар бағыт, өйткені мұндай субұрқақтар тек мектептерде ғана емес, басқа да мекемелерде өте көп», - дейді топ тәлімгері Қобыланды Байтілеуов.

Ксения Терец мұндай құрылғыларды мектептің қол жуғыштары мен шұңғылшаларына орнатуды ұсынды. Тимур Сұңғатов оларды бақша екпелерін суаруда қолдануды ұсынды. Қызу талқылаулардан кейін барлық қатысушылар мектеп субұрқақтарына тоқтауға шешім қабылдады. Егер нәтиже оң болса, онда оларды бұрын түскен ұсыныстар бойынша одан әрі енгізу керек.

Из личного архива Тимура Сунгатова
UNICEFKazakhstan/2023/TimurSungatov

Роман Соложонкин мұндай құрылғыларды коммерциялық жерлерде сату бойынша ұсыныстарды қадағалап, сатып алуда ешқандай проблемалар жоқ екенін білді.  

«Егер біз грант ала алсақ, онда біз суды автоматты түрде беретін кем дегенде бір субұрқақты орната аламыз», – дейді оқушылар.

Дарина Пириева бергіштерді орнатуға көмектесу үшін әкесінің көмегін ұсынды. 

«Біз өз идеямызды жүзеге асыра аламыз ба, жоқ па, бірақ жобаға қатысу бізге көп нәрсені үйретті. Табиғатты қорғау біздің қолымызда екенін түсіндік. Біздің әрқайсымыз, тіпті орта мектеп оқушысы да жаңа нәрсе ұсына алады. Ең бастысы, бізді адамдар естиді. Табиғатты қорғау бойынша қадамдарды ересектер ғана жасамайды, біз, мектеп оқушылары да өз үлесімізді қоса аламыз».

Оқушылардың күш-жігері қазірдің өзінде нәтиже берді. Өз идеясын жүзеге асыру үшін Ярослав командасы әзірленген шешімдерді жобалау үшін Samgau шағын грантын жеңіп алды. Балалар грант алып, өз жобаларымен жұмыс істей бастады.