Шұғыл психологиялық көмек: жаңа көзқарас

Төтенше жағдайлар министрлігі психологиялық қызметінің күнделікті қызметі туралы

Маргарита Бочарова
Психолог Лилия Борона и Яна Галина (4 года) во время арт-терапии
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
05 Мамыр 2022

Нұр-Сұлтан қаласындағы бір үйде көрші ғимараттан өрт шыққан кезде үш бірдей бала ата-анасының қарауынсыз қалады. Бүкіл көшеде өшіп қалған жарық өз дегенін істеп — балалар әбден қорқып қалған. Әке-шешесі жоқ кезде осындай оқиғаға душар болған балаларға ҚР ТЖМ психологы көмек беріп, жұбатуға, үрейлерін басуға тура келді.

Лилия Борона, өрт сөндіру қызметінің психологы. Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Лилия Борона, өрт сөндіру қызметінің психологы. Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

Лилия Борона астаналық өрт сөндіру қызметінде 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді, өз тәжірибесімен де, әріптестерінің тәжірибесімен де қуана бөліседі. Лилия үш баланың оқиғасы жайлы былай дейді: «Менің әріптесіме өрт болған жерге келіп жеткен балалардың анасымен де жұмыс істеуге тура келді». Маман мұндай жағдайды былай түсіндіреді, оқиғаға балалар куә болғанымен, негізінен шұғыл психологиялық көмек көрсетуде ересектерге көбірек назар аудару қажет.

«Балалар бәрін ата-аналары арқылы қабылдайтындықтан, олардың көңіл-күйі балаларына бірден беріледі», - дейді ол.

Дегенмен, Лилия мұндай күйзелісті жағдайдан көпшілік өз бетінше шығуға қабілетті болғанымен, осал топтағы адамдар бар — олар жүйкеге салмақ салатын төтенше жағдайдан өз беттерінше шыға алмайды. «Сондықтан психологтарға төтенше оқиғалар орын алған кезде, бірден жұмыс істеу өте маңызды, басынан бастап бұл істі қолға алса жүйкеге түскен жарақаттың салдары асқынып, кейін психиатрдың көмегіне жүгінуге мәжбүр етпейді», - дейді психолог өз жұмысының маңыздылығыны тоқтала келе.

Лилия Борона Яна (4 жас) мен Дарья (8 айлық) Алеся Галинамен сөйлесіп отыр, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Лилия Борона Яна (4 жас) мен Дарья (8 айлық) Алеся Галинамен сөйлесіп отыр, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

Осы қағида ТЖ кезінде психологтар жұмыс істейтін балалар үшін де қажет. Лилия үрей мен қорқынышқа әбден бой алдырған бір топ баламен жұмыс істеген әріптесінің басындағы бір жағдайды еске алады. «Психолог барлық балаларды жинап, автобусқа отырғызып, сол автобустың ішінде ертегі-терапиясын жүргізген болатын. Ол сол арада «қазір біздің автобус ғарыш кемесіне айналып, галактикааралық кеңістікке сапар шегеді» деген сияқты хикая ойлап тапты. Бұл әдіс балаларды үйіріп, назарларын психологқа бұрды», - дейді шұғыл көмек көрсету барысында сәтті әдіс ойлап таба білген әріптесі туралы.

Бүгінде психолог өзі де, әріптестері де балалар мен ересектерге көмек көрсету барысында қолданылатын қолдау техникаларының түрлері жайлы сеніммен айта алады десек те, ҚР ТЖМ психологиялық қызметін құрудың бастапқы кезеңдерінде жағдай күткен деңгейде тым алыс болатын.

«Бастапқыда бізде іс жүзінде ештеңе де болған жоқ: білім жетіспеушілігі, құжаттар жеткіліксіздігі. Біз сүйенетін, сол арқылы өзімізді де қорғай алатын негізгі бұйрықтар да болған жоқ», - деп еске алады Лилия.

Содан бері талай жылдар өтсе де мамандар мен құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі әлі де бар, бірақ білім мен қазақстандық психологтардың машығы көзқарасы тұрғысынан ҚР ТЖМ-ны енді бірдеңе деп сөгуге болмайды.

Алеся Галина қызы Дарьямен бірге (8 айлық) психолог Лилия Боронамен сөйлесіп отыр, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Алеся Галина қызы Дарьямен бірге (8 айлық) психолог Лилия Боронамен сөйлесіп отыр, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

«Біз жыл сайын теориялық білімімізді толықтырып қана қоймай, сонымен бірге оның тәжірибелік және терапевтикалық қырымен де жұмыс істейтін, яғни кәсіпқойлығымызды көтеретін курстан өтеміз» - дейді Лилия.

Мәселен, 2021 жылы ол үшін БҰҰ Балалар қоры және табиғи апаттар қатерін азайту мен төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған 4-күндік тренинг қосымша ресурс болған. ҚР ТЖМ 58 психологын оқыту курсы төтенше жағдайлар кезінде балаларды қорғауға бағытталған ЮНИСЕФ бағдарламасының бір бөлшегі.

Тренинг Қазақстан Республикасының мамандандырылмаған медициналық мекемелерінің мамандары үшін ТЖ барысында психика бұзылған жағдайда көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықтың негіздеріне құрылған. Бұл құжат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (mhGAP) психикалық денсаулық саласындағы айырмашылықтар жөніндегі жаһандық бағдарламасының гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығының бейімделген нұсқасы болып табылады. Өткен жылы оның қазақстандық нұсқасын жасауға ҚР ТЖМ медициналық апаттар Орталығының психологтарымен бірге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының Ғылыми басқару және білім беру басқармасының басшысы Айгүлім Абетова қатысты.

«Осы нұсқаулықпен жұмыс істей отырып, мен өзім де көп нәрсе білдім, – дейді Айгүлім Абдурасулқызы отандық психологтарға арналған жаңа құжатпен жұмыс істеген кезде алған әсерлері туралы. — Ол біздің диагоноз қою үшін ұзақ уақытты қажет ететін психатриялық зерттеулерге қатысты қадамдарымызбен сәйкеспейді. Бұл жердегі мақсат — өте жедел, барынша байсалды және тиімді көмек көрсету. Және ол жерде басқа патологияны жоққа шығара отырып, көмек көрсететін диагноз қоюдың нақты қадамдары, алгоритмдері бар. Бұл әдіс маған ұнайды, ол психиатр еместер үшін де барынша қолжетімді».

«Психикалық денсаулық орталығының маманы жаттықтырушы ретінде де сөз сөйлеп, 4 күндік семинарда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары психикалық бұзылулар мен оларды дәрі-дәрмекпен емдеу тақырыбына белсенді түрде қызығушылық танытқанын ерекше атайды. Қатысушылардың әрбірі дерлік бұл өздері үшін өте пайдалы, жаңа ақпарат болды деп баға берді», – дейді Айгүлім Абдурасулқызы. Сонымен қатар, оның айтуынша, психологтар ауру мен психикалық норманың аражігін талдауда жоғары шеберлік көрсеткен.

Лилия жаттықтырушының сөзін ықыласпен растай келе: «Сөйлеген спикерлер психиатриялық көмек көрсетуге қатысты біз әлі білмеген ақпараттарды берді. Барлығы құрылымдалған, материалды көрсету оңай болды! Тренинг жауапкершілікпен, бір деммен өтті, ешқандай жалықтырған жоқ, өйткені ол монолог емес, диалог форматында өтті». Ол осы алған білімнің арқасында психологтардың өзіне деген сенімдері артқанын және олар енді «барынша көп көмек көрсете алатынын» түсіндіріп өтті.

Осыдан кейін Лилия жаңа біліміне 11 қаңтарда, таңертең елорданың өрт сөндіру қызметіне жатақханада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскенде жүгінген. «Үш адам қайтыс болды: бір әйел мен екі бала. Оқиға орнына келе салып, бірінші оның күйеуіне көмектестім, ол есінен танып, истерияға беріліп жатыр екен. Ол өз өзінің некелескен жұбайының өлгеніне сенгісі келмеді. Мен психолог ретінде дәл қазіргі оның басында болып жатқан жағдай — қалыпты екенін түсіндіріп, осы жағдайдан шығарып, жылап алғаны дұрыс екендігі туралы сөйлестім», — деп толғана еске алады.

Яна Галина (4 жас) өз үйінде сурет салып отыр, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Яна Галина (4 жас) өз үйінде сурет салып отыр, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

Төтенше жағдайдың ортасында қалған балалармен жұмыс істейтін басқа әдістер бар. Сонымен, Лилия су тасқыны кезінде әріптесінің арт-терапияның көмегімен балаларға қалай шұғыл көмек көрсете алғанын айтады: Балаларды қауіпсіз жерге апарып, фломастер, қағаз, пластилин, балалар ойыншықтары шығарылады да, баланың жағдайына байланысты (бұл кезде өте қорқыныш болды) балалардың осы кездегі психикалық көңіл-күйі салынды. Алғашында балалар өздерінің «қорқынышың» суретін бейнелеп немесе мүсіндеді; сызбамен немесе қолөнермен орындағысы келген нәрсені жасағаннан кейін - мысалы, олар ашық түстерді таптады немесе қосты; содан кейін басқа қағаз парағында пластилиннің көмегімен балаларға тек қана өте жағымды эмоциялар тудыратын сиқырлы кейіпкерді салу немесе мүсіндеу ұсынылды.

Оқиға орнынан оралған кейін де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі психологтарының жұмысы толастамайды. Біріншіден, мамандар мүмкіндігінше ол адам күйзеліспен өз бетінше күресе алатындығын немесе оған мамандардың қолдауы қаншалықты қажет екендігін түсіну үшін зардап шеккендердің жағдайын бақылауға тырысады. Екіншіден, психологтар өртті ауыздықтауға тікелей қатысқан өз әріптестерімен дебрифинг өткізеді

«Оқиға толық сипатталады, олар оған енеді де, өз ойларын, сезімдерін, бастан өткергендерін кезең-кезеңімен айтады. Бұл әдістің мақсаты - болашақта бұлшық ет қысылып, ешқандай жағымсыздық туындамау үшін, оларды не мазалағанын, нені уайымдағанын айту, тәжірибе жасау, еске түсіру», — дейді Лилия.

Психолог Лилия Борона Яна Галинамен бірге (4 жас) үйіне келген кезде, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Психолог Лилия Борона Яна Галинамен бірге (4 жас) үйіне келген кезде, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

Оның айтуынша, аса ірі апатты жағдайлар кезінде оқиға орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары ғана емес, сонымен қатар, мысалы, азаматтық волонтерлар де жұмыс істейді. Сол сияқты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы өзара іс-қимыл кезең-кезеңімен дамып келеді. Мұндай жұмыстың тұрақты форматы әлі жоқ, бірақ оның қажет екендігі бұрыннан белгілі.

Лилия егер ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің шұғыл көмек көрсету дағдылары бар психологтары мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің психиатрларының күш-жігерін біріктіретін болса, ТЖ салдарын жою тиімділігі арта түсетініне сенімді, оған қоса олар көмек көрсетуге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге де қабілетті.

Айгүлім Абдурасулқызы да төтенше жағдай кезінде психологтар, психиатрлар, әлеуметтік қызметкерлер «бірыңғай жолмен» өзара әрекеттесуі тиіс екеніне сенімді. Осы арада ол балалар суициді мәселесін де еске алды – ендігі жерде медициналық және мектеп психологтары көпқырлы қадамның маңыздылығын түсініп, біріге бастаған. Айтқандай, дәл осындай мекемеаралық қадам ҚР ТЖМ психологтарына арналған тренингтің негізі жатқан жоғарыда аталған нұсқаулықты алға тартады.

«Ол әлі де бізде жоқ кешенді тәсілді сипаттайды. Қазір осының барлығы да бәріміз бірігіп жұмыс істеуге тиіс екендігімізді меңзейді», - дейді сөз соңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Психикалық денсаулық орталығының маманы.