Цифрлық қол жетімділік: Ерекше көзқарас

Көру қабілеті бұзылған жасөспірімдер цифрлық технологиялармен, құрылғылармен және бағдарламалармен жұмыс істеу бойынша өткен курстың қорытындылары туралы

UNICEF Kazakhstan
Students with their mentor
UNICEF/2021/ RuslanKostrykin
27 Желтоқсан 2021

Жыл соңында нәтижелер мен есте қалған сәттер туралы айта отырып, қол жеткізілген нәтижелерді қорытындылау әдетке айналды. «Көру қабілеті нашар жасөспірімдердің цифрлық дағдыларын дамыту» жобасының кейіпкерлерінің мақтан тұтатын нәрсесі бар. Қымбат Қуырбекқызы, София Шестакова және Алматыдағы Н.Островский атындағы №4 зағип және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тағы төрт оқушысы бар «Жан» мүгедектер құқықтары жөніндегі Азия қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің бірлескен бастамасы бағдарламасының алғашқы түлектері болды.

Курс бірінші кезекте көру қабілеті нашар 10 жастан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдерде цифрлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Жобаның алғашқы түлектеріне сертификаттарды тапсыру рәсімінде ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен «Жан» ҚБ-мен әріптестіктің арқасында жасөспірімдердің игерген цифрлық дағдылары оларға болашақта табысқа жетуге және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретініне» өзінің сенімін білдірді. Жобаны EPAM Kazakhstan компаниясы және Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры қолдады.

Енді, курс аяқталғаннан кейін бірнеше ай өткен соң, қатысушылар өздерінің пайдалы дағдылары мен икемдеріне толы жазды еске алады. Күніне екі сағат, аптасына үш рет демалыс кезінде балалар жаттықтырушылардың басшылығымен командада компьютерлік дағдыларды үйренді және игерді.

«Бағдарлама өте мазмұнды болды, күн сайын біз бір тақырыпты теория жүзінде егжей-тегжейлі зерделеп, тәжірибеде шыңдадық. Келесі сабақта – басқа тақырыпты қозғадық. Мен үшін бұл ең пайдалы демалыс болған шығар. Біз телефон мен дауыстық командаларды, компьютерді және пернетақтадағы комбинацияларды қолдануды үйрендік»

- дейді Қымбат.

Дұрыс ұйымдастырылған инклюзивті білім беру жүйесінің алғашқы постулаты көру қабілеті бұзылған балаларға жеке көзқарас талабы болып табылады. Оларды оқыту арнайы әдістер мен ерекше педагогикалық тәсілді қажет етеді. Білімді тиімді игеру мұғалім мен оқушының сәтті қарым-қатынасына тікелей байланысты.

«Біз қиын нәрселерді үйренсек те, жаттықтырушылар ойын түрінде, күлкілі түрде ақпарат берді. Олар әрқайсымызбен ортақ тіл табуға тырысты, өйткені технологияларды меңгеру деңгейі әр адамда әр түрлі болды. Біз көп нәрсені үйрендік, бірақ өте оңай және көңілді болғаны соншалық, сабақтан кейін үйге қайтқым да келмеді»

– дейді жоба кейіпкерлері

Күнделікті өмірде балалар мен жасөспірімдер көбінесе қиын еңсерілетін қорқынышқа тап болады. Көру қабілеті бұзылған балаларда бұл қорқыныш негізделген, ұтымды және әдетте әлеуметтік өзара әрекеттесумен және өз болашағын жоспарлаумен байланысты. София бір жыл бұрын құрдастарына ақымақ болып көрінуден қорыққанын мойындады. Кымбат одан ештеңе шықпайды және ол ештеңе үйренбейді деп қорықты. Мұндай сәттерде ішкі мазасыздық пен қорқынышпен күресудің тиімді құралын табу маңызды. Бұл дағдыларды игеруге, жаңа білім алуға және пікірлес адамдар табуға көмектеседі.

«Менің ойымша, курсты аяқтағаннан кейін мен қарым-қатынасқа ашық және өз-өзіме сенімді бола бастадым. Менің көптеген жаңа достарым болды, енді мен бұрын мектеп дәліздерінде ғана сырттай көрген адамдармен сөйлесе бастадым. Бізде ортақ көп нәрсе бар», - деп жауап береді Қымбат жаттығудан кейін қандай өзгерістер оны таң қалдырды деген сұраққа.

A girl sits at a desk
UNICEF/2021/ RuslanKostrykin Қымбат алған білімдерін компьютерді қолдануда пайдаланады.

Дағдылар мен қабілеттердің техникалық базасы туралы айта отырып, оқушылар он саусақ әдісімен теруді, Google Chrome браузерімен, ZOOM конференцияларымен жұмыс істеуді, сондай-ақ кітаптарды жүктеуді, WhatsApp және басқа мессенджерлерде хат алмасуды, навигаторды, дауыстық көмекшіні пайдалануды және қосымшада такси шақыруды үйренді. Жоба қатысушылары қазір телефонда немесе планшетте кез-келген қолданушы үшін қол жетімді, бірақ олар ешқашан пайдаланбаған немесе нақты мақсатты түсінбейтін функционалдық мен қосымшаларын жақсы меңгерген.

София осындай бағдарламаны мысалға келтіреді: «Көптеген адамдар смартфондарда TalkBack орнатылғанын білмейді. Бұл маған -осы дауыстық көмекшіні игерген тренингте көп көмектесті. Енді мен кез-келген сенсорлық телефонды қарамай пайдалана аламын".

A girl sits at a desk with her laptop
UNICEF/2021/RuslanKostrykin София алған білімдерін компьютерді қолдануда пайдаланады.

Кез-келген үлкен іс қиындықсыз болмайды. Қыздар әртүрлі командалар мен комбинацияларды жаттау оларға оңай болған жоқ деп мойындайды. Бірақ курстан тыс уақыттағы сабақтар мен ынталы жаттығулар өз жемісін беруде: бүгінде София мен Қымбат ифрлық қол жетімділік бойынша жаңа жобада оқуын қуана жалғастыруда. Ол ЮНИСЕФ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ҚР ЕХӘҚМ) және «Жастар қызметкерлерінің қауымдастығы» ҚБ жобасы шеңберінде ересек өмірдің сәтті басталуына, жұмысқа орналасуға, әлеуметтік және бизнес-кәсіпкерлікке ықпал ететін дағдылардың келесі пакетін (soft skills немесе «жұмсақ» дағдылар) алуға арналған.

Жас ерекшелігіне қарамастан – курс қатысушылары небәрі 13 және 14 жаста-олар бүгінгі таңда цифрлық технологияларды қолданбай білім алу және кәсіби қызметті жүргізу қаншалықты мүмкін екендігі туралы ойланады. Софияның айтуынша, «компьютерді қалай қолдануды білмейтін адам бүгінде қоғамнан алыстатылады».

«Мен университетте бізді Брайль бойынша оқытпайтынын түсінемін. Бірақ мен Microsoft Word-та жұмыс жасап, тапсырмаларды орындай аламын», - дейді оқушы.

Қыздардың оқу кезеңінен кейінгі әсерлері ұқсас болды. Қымбат еске түсіргендей: «Аралас сезімімді бастан өткергенім есімде. Басында мен бұл қажет емес деп ойладым, бірақ сонымен бірге мен үшін осынң барлығы қызықты болды. Курсты аяқтағаннан кейін мен көп нәрсені үйренгенімді білдім және бұған қуандым. Бірақ барлығымен қоштасу өте өкінішті болды, өйткені осы айларда достарыма, жаттықтырушыларыма және сабақтарыма үйреніп алдым».

Two girls at a desk with their laptops
UNICEF/2021/RuslanKostrykin София мен Қымбат ноутбукта жұмыс істеп отыр

«Мен бұл курсты құрдастарыма міндетті түрде ұсынар едім», – дейді София, «Ең бастысы, жоба тегін көмектеседі. Мысалы, менің сыныптасыма батырмасы бар телефонды қолдану қиын болды. Кейін ол тіпті WhatsApp-ты қолдануды үйренді»

Енді түлектердің айтуынша, олар өздеріне шектеулер мен шекаралар қоймайды. Жоба жетекшісі Ильяс Фаткулин осындай қасиет туралы айтып, оның қорытындысын шығарды: «Біздің серіктестеріміздің арқасында балалар болашақ өмірге жолдама алады, онда оларға ешқандай шектеулер жоқ».

Шекаралардың кеңеюінен басқа, қыздар сананы кеңейту туралы да батыл сөйледі. Өз қорқынышын еске түсіре отырып, бүгін олар бірауыздан осы жылды және оны жеңу кезеңіне қатысуды белгіледі. София оның ақымақ болып көрінуден қорқуы үлкен қорқыныштан – қателік жасаудан шықты деп тұжырымдады. Енді ол «қателіктер - керемет. Олар бізге үлкен тәжірибе береді» деп сеніммен айтады.

Ақыр соңында, қорқынышты толық жеңуден нақты армандар жасалады. Кейіпкерлердің батылдығы-олар армандаудан қорықпайтыны. Қымбат айтқандай: «Болашақта мен өзімді өзім сияқты балаларға көмектесетін жақсы адам ретінде көремін. Ол үшін мен де басқаларға жаңа технологияларды игеруге мүмкіндік беретін мұғалім болармын».