Болашаққа қолжетімділікті қамтамасыз ету
Павлодарда кедергісіз орта қалыптастыру бойынша бастама қалай бүкіл елді қамтып, қазір адамдардың өмірін өзгертуде?

Павлодарлық 17 жастағы тұрғын Анастасия Рыбалкоға туғаннан бастап БЦП диагнозы қойылған. Алайда, мүгедектік қыздың қалада өздігінен жүруіне кедергі келтірмейді, ол өзін «ширақ» адам деп санайды. Бұған «Қолжетімді Қазақстан» сайты да өз үлесін қосуда. Анастасия оны «үлкен көмекшім» дейді: «Аптасына екі-үш рет міндетті түрде қолданамын. Бейтаныс жерге тап болсам, мен оған кіре аламын ба, жоқ па деп бірден қараймын». Сайт республиканың 40 қаласында жүріп-тұруы шектеулі адамдар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қоғамдық объектілердің қолжетімділігін көрсетеді. 2021 жылы жоба Қазақстаннан бірінші болып жаһандық Қоғамдық цифрлық игіліктер қатарына енді.

Әлемнің мойындауына апаратын ұзақ жол 2015 жылы «Tandau Foundation» қоғамдық қорының командасы «Қолжетімді Павлодар» атты жобаны қолға алған кезде басталған еді. Идеяға азаматтық белсенділердің мүгедектігі бар адамдарға арналған облыстық өнер фестиваліне қатысушы жастармен тығыз қарым-қатынасы себеп болды.
«Олар бізге сеніп, құпияларын айта бастады. Сол кезде мен «Қала қолжетімсіз, облыс қолжетімсіз» дегенді естідім. Мұны түсінбеп едім. Менің отбасымда және таныстарымның арасында мүгедектер болған жоқ», - деді қол жетімділік бойынша сарапшы Александра Шаронова.

Түсінбеушілік біраз сұрақтарды туындатты, олардың жауаптары жағдайды мұқият зерттеу және талдау барысында табылды.
«Біз неге бұлай болып жатыр деп ойлана бастадық. Біз мұны қалай өзгертуге болатын жолдарды таба алдық. Сөйтіп жобаны жүзеге асырдық», — деді Александра.
Осылайша, Павлодар тұрғындарына карта қолжетімді болды, онда объектіге басып, оның мүгедектігі бар адамдар үшін қаншалықты қолжетімді екенін білуге болады. 2016 жылы бастама бүкіл Павлодар облысын қамтыды, ал 2017 жылы жобаға Алматы облысы қосылды. Үш ҮЕҰ-тің күш-жігерін біріктіру «Қолжетімді Павлодардың» «Қолжетімді Қазақстанға» айналуына себеп болды.

Бүгінде «Қолжетімді Қазақстан» - бұл бүкіл ел бойынша 15 қоғамдық ұйымнан құралған консорциум. Әр облыста арнайы оқытылған үйлестірушілер жұмыс істеуде. Александра ойланбастан осындай кең желінің артықшылықтары туралы былай дейді: «Егер біреу сұрақ қойса, ол чатқа жазып, жауабын бірден алады. Адам бүкіл елден көмек алуда».
Сондай-ақ, жоба жетекшілері тәжірибе алмасу үшін халықаралық жаттықтырушыларды шақыра отырып, үкіметтік емес сектордың серіктестерінің деңгейін көтеруге тырысады. «Жобаны жүзеге асыруға адамдар ғана көмектесіп қоймай, жоба адамдарға азаматтық қоғамның жаңа сапалы деңгейіне шығу үшін көмектеседі», - дейді Александра Шаронова.
Үйлестірушілерден басқа, жобаның қызметіне 500-ге жуық волонтерлар тартылды («Қолжетімді Қазақстан» сайтында тіркелген пайдаланушылар саны осынша). Александра картаның бас модераторы ретінде волонтерлар жүктеген объектілердің фотосуреттерін күн сайын қарап, тексереді.

«Мен объектілерді өзім қостым. Оны сайт арқылы жасауға болады . Александра Сергеевна оның қалай жасалатынын көрсетті. Бұл мен үшін өте қызықты болды», - деп Павлодар қаласының тұрғыны Ерлан Құрманғазин өз ойымен бөлісті. Шамамен 20 жыл бұрын омыртқаның сынуы оны еркін қозғалу мүмкіндігінен айырып, бүгінде онлайн-карта ер адамға белсенді болуға көмектесуде.
«Егер маған бір жерге бару керек болса, мен ноутбукты ашып, сайтқа кіремін де, қолжетімді ме, жоқ па екенін қарап, сипаттаманы оқып, фотоларды қарап, жалғыз жүре аламын ба деп ойлана бастаймын. Бұл өте ыңғайлы», - дейді Ерлан.

Волонтерлар қауымдастығына ерекше қажеттіліктері бар адамдардан басқа «кішкентай балалары бар әйелдердің өте үлкен тобы» кіреді дейді Александра. Қазақстандық сәбилердің аналары қоғамдық объектілерге қол жеткізуде үнемі қиындықтарға тап болады.
Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Анар Төребаева, үш баланың анасы, елордадағы жағалаудың қолжетімділігіне көңілі толмайтынын айтып, бір күні тік пандустың салдарынан оның кенже ұлы жол апатына ұшырай жаздағанын сөз етті.
«Мен бұл жағалауға бірнеше рет шағымдандым, өкінішке орай, қала басшылығынан стандартты хаттар келеді», - дейді ол.
Сондай-ақ, Анар «барлығына жағдай жасау» туралы үндеуді бизнеске де жолдау керек деген сенімде.

Ол отбасына арналған дәмханарлардың жағдайы туралы да сөз етті: «Ойын алаңының болуы мүмкін, бірақ ол не подвалда немесе екінші-үшінші қабаттарда. Бұл қауіпсіз емес!».
Жиі орын-жайдың ішінде ата-аналар басқа қиындықтарға да тап болады: «Егер дәмханада балаларға арналған үстел болса, қолжетімділікпен қамтамасыз етті деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес. Балаларға арналған үстелден басқа ойын алаңы болу керек, қол жуу үшін қол жуғышты төмен орналастырып, дәретханаға бару үшін мүмкіндік жасау керек: қосымша бастырма қойып немесе балаларға арналған унитаз қою керек», - деді Александра.
Бүгінгі таңда Анараға отбасылық демалыс орындарын таңдауда «Қолжетімді Қазақстан» онлайн-картасы көмектеседі: «кафені таңдаған кезде сайтқа кіріп, фотосуреттерді көруге, сипаттаманы бағалауға болады... Сипаттама әрқашан жайлылық туралы менің түсінігіме сәйкес келе бермейді, ал фотосуреттер болған кезде — бұл өте ыңғайлы».
Көптеген кәсіпкерлер өз қалаларында қолжетімді орта құра отырып, «Қолжетімді Қазақстан» жобасымен ынтымақтасып келеді. Нариман Шакабаев - солардың бірі.
«Біздің кафе «Қолжетімді Қазақстан» картасында инклюзивті және отбасылардың мүдделерін ескере отырып белгіленгенін мақтан тұтамын. Мен бұл ресурсты басқа дәмханалар мен мейрамханаларға барлық балалар үшін қолжетімді және қауіпсіз ортаны дамытуға өз үлесімді қосу мүмкіндігі ретінде ұсынар едім», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы, «Хани» кофеханалар желісінің иесі Нариман Шакабаев.

Қазақстанда қоғамдық нысандарда балалар үшін қолжетімді, қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым құру бойынша сараптама әзірше жоқ. ЮНИСЕФ-тің қолдауымен әзірленген онлайн-курс жағдайды өзгертуге арналған. «Қолжетімді Қазақстан» командасы «Жеті жасқа дейінгі балалары бар отбасылар» картасына тиісті санатты қосуды көздеп отыр. Онда әзірше 400 объектіні көруге болады , олардың барлығын волонтерлар балалар үшін қауіпсіз орта ретінде бағалады.
Жаңа санатты қосу - ЮНИСЕФ-тің қолдауының арқасында сайтта болған жалғыз жаңалық емес. Сервис ауқымды техникалық жаңғыртудан өтті: «Біріншіден, мүлдем жаңа клиенттік бөлік, фронтенд, ол «бір терезе» режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді (Еск.ред: барлық қызметтерді бір жерде, «терезеде» ұсыну); екіншіден, құрылғылар мен экрандардың барлық түрлерінде (мобильді, планшет, десктоп) дұрыс көрсету; үшіншіден, жүктеу және талдау мүмкіндігі бар объектілердің қолжетімділігі бойынша жаңа статистиканы енгізу», - дейді «Қолжетімді Қазақстан» әзірлеуші компаниясының бас директоры Дәурен Салипов.

Александра 2020 жылы Astana Hub-тың үш айлық акселерация бағдарламасының арқасында бағдарламашылармен сапалы өзара іс-қимыл жасау мүмкін болғанын атап өтті. Оқу аяқталғаннан кейін халықаралық технопарктің мамандары әлеуметтік IT-жобаға консультациялық және ұйымдастырушылық көмек көрсете бастады: «Олар біздің кураторлар мен тәлімгерлер болды», — дейді Александра. Оның айтуынша, Astana Hub командасы мерзімдердің сақталуын қадағалап қана қоймай, техникалық тапсырманы қалыптастыруға көмектесті, сонымен қатар қоғамдық цифрлық игілік мәртебесін алуға өтінім жасауға тікелей қатысты.
«Astana Hub акселераторының 9-легінің қатысушысы, «Қолжетімді Қазақстан» стартап-жобасы Орталық Азия елдері арасында алғашқы цифрлық қоғамдық игілік деп танылғанына өте қуаныштымыз, бұл – серпіліс. Қазіргі уақытта біз Astana Hub қауымдастығы арасында Цифрлық қоғамдық игіліктерді танымал ету үшін аянбай еңбек етіп жатырмыз. Осыны қолдау мақсатында стартаптар мен жобалар үшін цифрлық қоғамдық игіліктердің стандарттары мен талаптары бойынша тақырыптық вебинарлар өткізілуде», — дейді Astana Hub корпоративтік инновациялар және цифрлық құзыреттер кеңсесінің директоры Жанерке Егеубаева.
Бағдарламашылар командасы «Қолжетімді Қазақстан» онлайн-картасының бастапқы кодын GitHub ашық репозиторийіне жариялады. «Жоба аз күш-жігермен кез келген елдің аумағында іске асырылу үшін ашық қолжетімділікте жатыр. Бұл аталған жобаның басқа елдерге таралуына және тиісінше адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Салипов. Бұл – Александра мен оның пікірлестерін таңдалған бағытта жұмыс істеуге итермелейтін жақсы нәтижелердің бірі.
«Егер салыстыратын болсақ, біз «Қолжетімді Павлодар» жобасымен қашан жұмыс істей бастадық және қазір қайда келдік – бұл аспан мен жер сияқты!», - дейді Александра.

Жоба жұмыс істеген жылдар ішінде қазақстандықтардың қолжетімділік құқығын қорғаған белсенділерге деген көзқарас билік тарапынан да, бизнес тарапынан да, тіпті құрылысшылар тарапынан да өзгерді.
Александра жақында Павлодар Ақпараттық технологиялар колледжінде болған оқиғаны еске алады: «Құрылысшы меншік иесіне айтты, меншік иесі маған келді. Ескертулер болды, біз құрылысшы екеуміз қолжетімді дәретхананы қалай жасау керектігін жоспарладық. Содан керемет дәретхана жасадық. Қазір онда бес бала кресло-арбамен оқиды».
Қарапайым мысал жобаның басты құндылығын толық ашады: «Балалар мамандық алып, содан кейін жұмыс істейтін болады. Олар енді жәрдемақыға өмір сүрмейді, олар ақша табады, олар өте жақсы өмір сүреді. Бұл керемет қой»,- дейді қолжетімділік жөніндегі сарапшы.
17 жастағы Анастасия Рыбалко да ыңғайлы онлайн-қызметке өте риза, дегенмен қалалық орта әлі де қыздың қажеттіліктеріне толық бейімделмеген: «Көп нәрсе қолжетімді емес, көп нәрсе кедергі келтіреді. Пандустардың болмауы, қалада көптеген жиектас, баспалдақтармен жүру қиын. Кейбір ғимараттарда пандус болса да, ғимараттың ішінде көптеген табалдырықтар бар». Сонымен қатар, қыз оң өзгерістерді байқаған: «Мен «Қолжетімді Қазақстанға» ризамын, өйткені Павлодар неғұрлым қолжетімді, қайда қозғала алатыным, ал қайда бара алмайтыным соғұрлым түсінікті болды».
Мұндай ақпараттың мүгедектігі бар адамдар үшін маңыздылығын асыра бағалау қиын. Ерлан мүгедектікпен барлық таныс белсенділер, спортшылар, жұмыс істейтін адамдар онлайн-картаның бар екенін білетіндігіне сендіреді. Кейбір ер адамның өзі ол туралы айтқан, олардың арасында 26 жастағы Қуаныш бар.
«Жігіт жас, жарақат жас, жақында мүгедектік алды. Мен оған осы карта туралы айттым. Ол шыға бастады, тіпті қазір жұмысқа орналасты. Спортпен, жеңіл атлетикамен айналысады, - деп қуанады Ерлан, - Бұл жақсы емес пе? Адам одан әрі дамитын болады. Спорт бойынша да жетістіктер болады деп ойлаймын».