Баланың қатты күйзелісте екенін қалай түсінуге болады
Балалардағы стресстің жиі кездесетін белгілері
Балалар айналасында болып жатқан қиын жағдайларға әртүрлі жауап береді. Эмоцияларын қалай көрсететіні көбіне қоғамда қалыптасқан әдеттер мен нормаларға байланысты. Мысалы, кейбір елдерде қатты эмоцияларды ашық көрсету, соның ішінде қатты жылау, дұрыс деп саналмайды, ал басқа елдерде бұл қалыпты деп қабылданады.
Стресс белгілері әрдайым бірден байқала бермейді. Төменде стресстің балаларда әртүрлі жаста қалай көрінуі мүмкін екеніне мысалдар берілген. Әр баланың стрессті сезінуі мен көрсетуі әртүрлі болуы мүмкін.
Білесіз бе? Стресс пен дағдарыс кезінде балалар ересектердің мінез-құлқы мен эмоцияларын бақылап, өз сезімдерін қалай түсініп, қалай білдіруге болатынын үйренеді.
Балаларда стресс қалай байқалады
Бұл белгілердің көбі уақытша болады. Олар стресс тудыратын жағдайларға қалыпты реакция ретінде көрінуі мүмкін. Алайда мұндай белгілер ұзақ уақыт сақталса, балаға кәсіби көмек қажет болуы мүмкін.
Жасы | |
| 0–3 жас |
|
| 4-6жас |
|
| 7-12 жас |
|
| 13-17 жас(жасөспірімдер) |
|
Барлық жас топтары — физикалық белгілер Бұл белгілер физикалық аурудың да белгісі болуы мүмкін. Сондықтан денсаулыққа қатысты басқа себептерді жоққа шығару үшін баланы дәрігерге көрсету маңызды. |
|
Балаларда ұзақ уақыт бойы байқалатын өте ауыр стресс белгілері Егер мұндай белгілер ұзақ уақыт сақталса, балаға кәсіби көмек қажет болады. |
|
Эмоциялық қолдау және сезімдер туралы әңгіме
Эмоциялық қолдау баланың өзін қалай сезінетінін түсінуден басталады. Мұны тікелей сұрау арқылы немесе жұмсақ тәсілдермен жасауға болады. Мысалы, балаға сурет салуды немесе бояуды ұсыну тиімді тәсілдердің бірі.
Бала сурет арқылы өз ойын жеткізе алады. Ол нені салғанын және қандай түстерді таңдағанын айтуы мүмкін. Кейбір балалар үшін бұл сезімдерін білдірудің ыңғайлы жолы. Ал кейбірі суретті жай ғана көрсеткенді қалайды. Мұндай жағдайда баланың таңдауын құрметтеу маңызды.
Стрессті азайтуға арналған жаттығулар
Бұл жаттығуларды баламен бірге жасауға болады. Олар балаға стрессті жеңіл қабылдауға және қиын жағдайларда өзіне көмектесудің пайдалы жолдарын үйренуге көмектеседі. Мұндай ортақ әрекеттер баланың эмоционалдық жағдайын қолдайды әрі сіз үшін де пайдалы болуы мүмкін. Сонымен қатар, бірге өткізілген уақыт балаға өзін қауіпсіз әрі қолдауда екенін сезінуге көмектеседі.
Ішпен дем алу
Стресс кезінде адам көбіне кеудемен дем алады да, ішпен терең дем алуды ұмытып кетеді. Ішпен дем алу тыныштануға көмектеседі және өкпеге ауаның тереңірек жетуіне ықпал етеді.
Қалай орындау керек:
- Қолыңызды ішіңізге қойыңыз
- 5 рет терең дем алып, дем шығарыңыз: 5 секунд дем алып, 5 секунд дем шығарыңыз. Демді мұрынмен алып, ауызбен шығарыңыз
- Балаға дем алғанда іші шар сияқты жайлап көтерілетінін, ал дем шығарғанда қайта жайлап басылатынын түсіндіріңіз
Менің ерекше орным
Кейде айналадағы әлем балаға ауыр әрі мазасыз болып сезілуі мүмкін. Осындай сәттерде тыныш әрі қауіпсіз орынды елестету оған өзін сабырлырақ сезінуге көмектеседі. Төмендегі жаттығу дәл осындай орынды көз алдыңа келтіруге арналған.
Қалай орындау керек:
- Ыңғайлы қалыпта отырыңыз немесе жатыңыз, көзіңізді жұмып, жай ғана босаңсыңыз
- Мұрынмен баяу, терең дем алып, кейін ауыз арқылы ақырын дем шығарыңыз
- Дем алуды тыныш жалғастырыңыз: жай дем алу, содан кейін жай дем шығару
- Ішкі дауысыңызды тыңдап, ойыңыздағы әңгімені елестетіңіз. Өзіңізді сол жерде жүргендей сезініңіз:
«Өзіңді ақ құмды жағажайда тұрғандай елестет. Таңғы уақыт, айнала тыныш. Күн жайлап көтеріледі, оның жылы сәулесін бетің мен денеңде сезесің. Өзіңді сабырлы әрі жақсы сезінесің. Жалаңаяқ табаныңның астында жұмсақ, жылы құм бар. Жай ғана самал жел бетіңді сипайды. Аспан көгілдір әрі ашық, үстіңде құстар ұшып, әуендетіп жүр. Бұл — қауіпсіз әрі тыныш орын, мұнда демалуға болады. Бұл — сен әрдайым қайта орала алатын орын. Ол сенің жүрегіңде сақталады. Қалаған кезіңде осында келе аласың.
Енді біртіндеп тынысыңа қайта назар аудар. Дем алу мен дем шығарудың баяу ырғағын сез. Теріңе тиген ауаны байқа. Қол мен аяқ саусақтарыңды жайлап қимылдат. Дем алып, сәл керіл. Ақырын дем шығар. Дайын болғанда, көзіңді аш.»