«Жүрегіңнің жартысын» табу

Жастайынан «Ковчег» жеке отбасылық үйінде тәрбиеленген 13 жастағы баланың оқиғасы

Маргарита Бочарова
A boy sits in his room
UNICEF/2022/BauyrzhanSabitov
13 Қаңтар 2023

Осыдан тоғыз жыл бұрын пойызбен Петропавлдан Алматыға төрт жасар бала келген еді. Бұл жерде – Қазақстанның оңтүстігінде, Талғарда – оны «Ковчег» үйі күтіп тұрған болатын. Мұнда тұрып жатқан балалар оны балалар үйі деп атамайls. «Біз отбасымыз», – дейтін аула сыртында тұрған қыз бала оны салмақты түрде түзетіп.

«Ковчег» – бұл Казақстанда көп кездесе бермейтін, әрбір балаға өзін асырап алатын жанұя табылғаннан кейін «жабылуға» дайын тұрған, инклюзивті жеке отбасылық үй. «Ковчег» тағдыр тәлкегіне тап болған отбасыларға көмектесіп, бала асырап алуға шамасы жететін және онымен кәсіби түрде айналысатын отбасылармен жұмыс істейді.

«Ковчег» жетекшісі Марина Сугакованың айтуынша, отбасылық үйлердің тарихында 65 бала асырап алынып, 148 бала туған үйіне оралған.

Бүгінде бұл үлкен шаңырақтың астында отыздан астам бала тұрады, олардың ішінде шалғай солтүстік қаладан келген Максим Утюганов та осы тату қоғамдастықтың ажырамас мүшесіне айналған.

«Ковчег» қызметкерлері 2000 жылдан бері ата-аналарының қамқорлығынан айырылып қалған балалардың мәселесімен айналысады. Бастапқыда энтузиастар тобы өздерін волонтерлықпен және апта сайын балалар үйіне барып тұрумен ғана шектесе, кейін бұрынғы «Ленинец» пионер лагерінің үлкен де көрікті аумағында өздерінің отбасылық үйлерін құруға қол жеткізген. Бұл отбасылық үй көп жылдан бері жанашыр адамдар мен компаниялардың жеке қаражатына, бюджеттің қаражатынсыз күн көріп келе жатыр.

Children holding hands
UNICEF/2022/BauyrzhanSabitov Ересек балалар кішкентайларын балабақшадан әкеле жатыр. «Ковчег» балалар үйі. Талғар, Қазақстан.

Ал Максим – «Ковчег» үйіндегі мүгедектер арбасымен жүретін жалғыз бала. Максимнің айтуынша, бұл оның керек жеріне барып, белсенді қозғалыстан ләззат алуына ешқандай кедергі келтірмейді.

«Скейтпен қыдырамын. Мен скейтім сағатына 40 шақырымға дейін зырылдайды. Электрлі! Тек пульті сынып қалғаны болмаса», – дейді ол. Сондықтан скейт тақтайшасы өз уақытын күтіп бір бұрышта тұрғандықтан, Максим әуесқой спорттың жаңа түрін игеруді жоспарлап: «Сабақ бастала салысымен, воркаутпен айналысып көрсем деп отырмын», дейді.

Отбасылық үй балаларға өздерінің жанына жағатын сабақтарға қатысуына да мүмкіндік береді – бәлкім сондықтан болар, Максим ерікті әрі сенімді түрде әлеуетті опцияларды талқылай алады. «Әлде Рубик кубиктерін жинаумен – спидкубингпен айналысармын. Айтқандай, Басқатырғыштарды да жақсы көркемін», - дейді ол ой бөлісе отырып. Оның бөлмесіндегі сөреде түрлі түсті үш бұрышты Рубик текшесі көзге түссе, төсегінің оң жағында гитарасы тұр. Осыған қарамастан, Максим «папа Гвидо» сыйға тартқан аспаппен өзінің аздаған шеберлігін көрсетуден бас тартты.

«Папа Гвидо» – «Ковчег» үйінің негізін қалағандардың бірі. Ол ешқашан Қазақстанда балалар үйін ашуды жоспарламаған екен, алайда осы іске итермелеген кездейсоқ жағдай болған. Оны қолдауға «мама Марина» қосылған. «Ковчег» үйінің басшысы Марина Сугакова отбасылық үйдегі балалардың өмірін өз үйлерінде тұратын замандастарының өміріне ұқсату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап отыр – міне, балабақшадан қайтып келе жатқын қызды күтіп алады, сол сияқты шын жүрегімен оныншы рет ойыншық машинаны шеберлікпен айдап жатқан балаға шаттанады.

Швейная мастерская детского дома
UNICEF/2022/BauyrzhanSabitov «Ковчег» балалар үйінің тігін шеберханасы. Талғар, Қазақстан.

13 жастағы Максим да көзге түсуге ұмтылады: 1 қыркүйекке ол сәнді шаш үлгісін жасатса, оның алдында ғана оның шашының түсі қызғылт-күлгін болатын. Мектеп пен мұғалімдері мұндай батыл сынақтарға кедергі келтірмейді. Жасөспірім сабақ барысы жайлы сұрақтарға құлықсыз: «Көңіл-күйім жақсы болса, күні бойы бес ала аламын», деп жауап берді. Мектеп пәндерінің ішінде Максимнің назары бәрінен бұрын информатикаға ауатындықтан, қазірге дәл осы IT- мамандықтары өзі үшін ең қолайлы деп есептейді.

«Мүмкін IT-шыға оқитын шығармын», – дейді Максим. Дегенмен, дәп сол сәтте ол өз таңдауын шынайы да түпкті ниетімен бағдарламалауды қалағандығынан емес, ұтымды бір себептерге негізделетінін түсіндірді. Ал шындап келгенде жасөспірім кинолог болуды армандайды, себебі иттерді ол қатты жақсы көреді және бос уақыттында олардың әдеті мен мінезі туралы тақырыптық кітаптарды оқығанды артық көреді. «Қазірдің өзінде бастапқы тәжірибе бар. Бізге кинологтар келген, тәжірибелі адамдар, олар бізге тренингтер өткізіп, өз иттерін – лабрадор мен хаскилер әкелетін», – дейді Максим.

Жасөспірім өзінің туған күніне үлкен отбасына сушиға тапсырыс беріп, ауыз тигізгенді ұнатады. Максим бәрінен бұрын ол сыйлыққа не алғысы келеді деген сауалға күтпеген жерден «тыныш күн» деп жауап берді.

Тігін шеберханасында Максимнің қасына құрдасы Ангелина келіп, алақанын жайып: «Макс, қарашы, менің қолымда жүректің жартысы бар». «Менің де қолыма жартысын салып берші» деді сол сәтте жасөспірім де.

Дети работают над заданием
UNICEF/2022/BauyrzhanSabitov Балалар жаңа оқу жылына дайындалып отыр. «Ковчег» балалар үйі. Талғар, Қазақстан.

Жазда «Ковчег» үйінің қоршаған ортасы балалар лагеріне еске салады: шеберхана өткен екі сағаттан кейін балалар шулап асханаға, түстен кейінгі асқа барады, банандарын алады да, әрқайсысы өз шаруасымен жөңкиді. Біреуі бас аллеяға шығып скейт айдайды; Максим жаздың соңғы күн шуағына шомылып, корпустың қасында отырады; қыздар құмандарын толтырып, біраз уақытқа дейін әдемілеп гүлзарларды суарады, мама Марина ғана қазірге батутта секіруге рұқсат бермейді.

A boy sits in his room
UNICEF/2022/BauyrzhanSabitov 10 жастағы Максим Утюганов тігін шеберлік сабағында. «Ковчег» балалар үйі. Талғар, Қазақстан.

Максим өзінің кофе түстес бөлмесінде отырып, жоспарларымен бөлісті: «Мен Италияға ұшып баруды армандаймын. Және Израильға да. Сол жерден қызық тауып, адамдарына қарағым келеді». Ол өзінің болашақтағы тұрғылықты жері ретінде қазірге Алматыны қарастырады. Жасөспірімнің айтуынша, оның қалада өз үйі болады, себебі пәтерге қарағанда жеке үйді өз қажеттіліктеріне бейімдеу оңайырақ.

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) «Ковчег» отбасылық үйіне тікелей қолдау көрсетпейді, бірақ Қазақстанда да балалар интернаттық мекемелерде емес, өздерінің туған үйлері мен асырап алған отбасыларында тұруы үшін мемлекеттік органдармен және әріптестерімен тығыз жұмыс істейді.

ЮНИСЕФ жиырма жылдан астам уақыт бойы Қазақстандағы балалардың әртүрлі мәселелерін шешіп келе жатыр, оның ішінде отбасылық қамқорлықтарын айырылғандары да бар, және әр баланың үйін табуы үшін тынбай жұмыс істеп істейді.

Қазірге Максимнің өзі болашақта отбасын құрғысы келмейді: «Мүмкін бір-екі итім болатын шығар, тіпті болмауы да мүмкін. Әлде көңілдірек болу үшін, тотықұс болар».


Балаларға қамқор отбасын табуға көмектесіңіз

Кез келген сомаға қайырымдылық жасаңыз, сіздің қолдауыңыз балаларға өздерінің туған отбасыына оралуына немесе асырап алатын ата-аналарын табуға көмектеседі.

Дәл осы сәтте қолдау көрсете аласыз