ЮНИСЕФ Украина мен көрші елдердегі балалар мен отбасыларға қайырымдылық қаражат жинау шарасын бастады
ЮНИСЕФ гуманитарлық көмек ауқымын кеңейтуде
- Қол жетімді:
- русский
- Қазақша
НҰР-СҰЛТАН, 05 Наурыз 2022 ж. – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі Украина мен көршілес елдердегі балалар мен олардың отбасыларына өмірлік маңызы бар көмек көрсету үшін қайырмалдық қаражат жинауды бастағандығын жариялайды.
Украинадағы қақтығыстың күшеюі елдегі 7,5 миллион баланың өмірі мен амандығына тікелей және артып келе жатқан қауіп төндіруде. Қақтығысқа ұшыраған балалар мен отбасыларға көмек дәл қазір қажет.
Соңғы сегіз жыл ішінде Украинаның шығысындағы қақтығыс қарама-қарсы екі жақтағы да балаларға елеулі және ұзақ залал келтірді. Енді қасірет бүкіл елге таралып отыр.
Украинада гуманитарлық көмекке деген қажеттілік сағат сайын артып барады. Сумен жабдықтау жүйелерінің инфрақұрылымының бұзылуына байланысты жүздеген мың адам таза ауыз сусыз қалуда, сондай-ақ адамдардың көпшілігі денсаулық сақтау сияқты басқа да өмірлік маңызы бар қызметтерге қол жеткізе алмауда. Адамдарға өмірлік маңызды медициналық құралдар мен жабдықтар жетіспеуде, соның салдарынан полиомиелит өршуіне қарсы бағытталған шұғыл шаралар тоқтатылды.
ЮНИСЕФ қақтығысқа ұшыраған балалар мен отбасыларды денсаулық сақтау, білім беру, қорғау, сумен жабдықтау және санитария сынды негізгі қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында серіктестерімен жұмыс жасауда.
Сондай-ақ ЮНИСЕФ көрші елдердің шекарасын кесіп өткен балалар мен отбасылардың шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша өз қызметінің ауқымын ұлғайтуда. Бұл балалар мен аналарға осы қызметтерді пайдалана алатындай транзиттік бағыттар бойымен қауіпсіз Blue Dot ("көк нүктелер") кеңістіктерін құруды қамтиды.
Қазақстанда жиналған қаражат Украина мен көрші елдерде зардап шегіп отырған отбасылар мен балаларға гуманитарлық көмек көрсету аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жиналған қаражат тез өсіп келе жатқан гуманитарлық қажеттіліктерді, соның ішінде жедел медициналық көмек, маңызды дәрі-дәрмектер, медициналық құрал-жабдықтар, ішу және гигиеналық мақсаттар үшін таза ауыз су, үйлерін тастауға мәжбүр болған адамдарды баспана және қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуге көмектеседі.
«ЮНИСЕФ балалардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Қазақстандықтардың қосқан үлесі гуманитарлық көмек көлемін арттыруға ықпал етеді», - деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.
Веб-сайтымызда қайырымдылық жасау арқылы ЮНИСЕФ-тің Украинадағы және көршілес елдердегі балалармен жұмысына қолдау көрсете аласыз: https://uni.cf/3pKMJ18
ЮНИСЕФ-ке қақтығыстардан зардап шеккен жүздеген мың балаларға көмек көрсетуге көмектесіңіз. Сіздің үлесіңіз жағдайды өзгереді.
Редакторларға арналған ақпарат:
ЮНИСЕФ Украинаға және көршілес елдерге қандай көмек көрсетеді:
- Қақтығыс орын алған аудандарға қауіпсіз су жеткізуді.
- Төтенше жағдайлардағы медициналық, гигиеналық және білім беру құралдарын қарсыластық шебіндегі елді мекендерге барынша жақын орналастыруды; және мұқтаж балалар мен отбасыларға кідіріссіз көмек көрсетілуін қамтамасыз ету үшін муниципалитеттермен ынтымақтасуды қамтиды.
- ЮНИСЕФ қолдауымен созылмалы қауіпсіздіктен зардап шеккен балаларға психоәлеуметтік қолдау көрсететін мобильді топтарды құру. Балаларды қорғау жұмысын жүргізетін бұл мобильді топтар зорлық-зомбылық, қатігездік, отбасынан ажыратылу, гендерлік зорлық-зомбылық, психикалық денсаулық және психиканың бұзылуы жағдайларына, сол сияқты мүгедектік жағдайларында көмекке келеді.
- Жол үстіндегі отбасыларына көрсетілетін көмекті күшейту үшін Молдовада, Польшада мен Румыния «Көгілдір нүкте» қауіпсіз аймақтарының жұмысы қалпына келтірілді.
- Бүлінген мектептер мен балабақшаларды, сонымен қатар өмірлік маңызды сумен жабдықтау және санитария объектілерін жөндеуге қолдау көрсету.
Мультимедиа
Қосымша медиа ресурстар
ЮНИСЕФ-тің Украинадағы жұмысы туралы көбірек біліңіз
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ туралы
ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.