Plastic Free волонтерлік бағдарламасы

экологияны қорғау

23 Қаңтар 2020
CRC
UNICEF/Muldasheva

ЮНИСЕФ волонтерлерді іздестіруде!

Егер сіз 18 бен 24 жас аралығындағы Нұр-Сұлтан немесе Ақмола облысының тұрғыны болсаңыз және сізді қоршаған орта мәселесі қызықтырса, онда сауалнаманы толтырып, Қазақстандағы пластик қолданылуын тоқтатуға көмектесіңіз!

Жоба аясында волонтерлер мектеп оқушыларына Plastic Free мәдениетін дамытуға бағытталған дәрістер өткізеді.

Іріктеуден өткен волонтерлер 2020 жылдың 29 ақпаны мен 1 наурыз аралығында өтетін тренингке шақырылады.

Жолға, тұруға, тамақ пен оқу материалдарына кететін шығындарды жоба ұйымдастырушылары – ЮНИСЕФ пен Ұлттық волонтерлік желі өтейді.

 

Медиа байланыс

Олександра Гаскевич
Серіктестік және қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: + 7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.