BeKind волонтерлік бағдарламасы

мектептерде қауіпсіз ортаны құру

23 Қаңтар 2020
CRC
UNICEF/Zhagiparov

Бізде тағы бір волонтерлік мүмкіндік бар! ЮНИСЕФ еріктілеріне қосылып, мектептерді қауіпсіз етуге көмектескіңіз келеді ме? Онда келесі сауалнаманы толтырыңыз:

Сіз:

- 18 бен 35 жас аралығындасыз,

- Шымкент қаласы, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облысында тұрасыз,

- Мектеп оқушылары буллинг пен келеке етуден зардап шекпеулері үшін жұмыс істегіңіз келеді,

- BeKind кампаниясының амбассадоры болуға дайынсыз.

 

Онда сауалнаманы толтырыңыз! Өтінімдерді қабылдау дедлайны – 9 ақпан 2020 жыл.

Іріктеуден өткен волонтерлер 2020 жылдың 29 ақпаны мен 1 наурыз аралығында өтетін тренингке шақырылады.

Жолға, тұруға, тамақ пен оқу материалдарына кететін шығындарды жоба ұйымдастырушылары – ЮНИСЕФ пен Ұлттық волонтерлік желі өтейді.

Медиа байланыс

Олександра Гаскевич
Серіктестік және қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: + 7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.