Қазақстандық балалардың цифрлық өмірінде туындайтын мәселелер мен перспективалар

ЮНИСЕФ және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірі туралы зерттеуді аяқтады.

20 Желтоқсан 2023
Kazakhstan kids online
UNICEFKazakhstan/2023/ArmanMustafin

Астана, 2023 жылғы 20 желтоқсан – БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірі туралы «Kazakhstan Kids Online» атты зерттеуді аяқтады. 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен 2023 жылы жүргізілген зерттеу балалардың интернетті пайдалануына байланысты мүмкіндіктер мен тәуекелдерді анықтауға, сондай-ақ цифрлық әлемде тәуекелдерді азайту және балаларды қолдау стратегияларын әзірлеуге бағытталған. 

Көптеген әлеуметтік желілер мен ойын платформаларын пайдалану шарттары 13 жасқа толмаған балалардың жеке аккаунттарының болуына тыйым салады. Нәтижелер әлеуметтік желілер мен ойын платформаларында 9-10 жас аралығындағы балалардың 60%-ының және 11-12 жас аралығындағы балалардың 66%-ының жеке аккаунттары бар екенін көрсетті.  

«Балалардың цифрлық қауіпсіздік дағдыларын жетілдіруді жалғастыру, сондай-ақ балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың интернетті қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етудегі ата-аналардың рөлі туралы хабардарлығын арттыру қажет және ата-аналарды ата-ана бақылауы сияқты қолданбаларға қосу үшін кең ауқымды науқан жүргізетін боламыз. Біз ата-аналар, мұғалімдер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы, сондай-ақ БАҚ маңызды рөл атқарады деп санаймыз», - деді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Оспанова Насымжан Жамбекқызы.  

Kazakhstan Kids Online зерттеуі Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірін терең түсінуге бағытталған бірегей әрекет болып табылады. Кешенді әдістемені қолдану арқылы жүзеге асырылған зерттеу балалардың және ересектердің, сондай-ақ Қазақстанның барлық аймақ өкілдерінің мұғалімдеріне сауалнама арқылы жүргізілді.  

«Бұл зерттеудің нәтижелері бізге Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірінің жан-жақты көрінісін береді. Ұсыныстар балалардың дамуы, оқуы, қарым-қатынасы, бірлескен жұмысы және қауіпсіздігі үшін интернетті және цифрлық өнімдерді пайдаланудағы сауаттылықты арттырудың одан әрі көзқарасын немесе жеке кешенді жоспарын қалыптастыруға, сондай-ақ балаларды желідегі ықтимал қауіптерден қалай жақсы қорғау керектігіне негіз болады деп үміттенеміз», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің міндетін атқарушы Татьяна Адерихина. 

Global Kids Online (GKO) халықаралық жобасына негізделген Қазақстандағы алғашқы зерттеу балалардың желілік ортамен әрекеттесуін зерттейді. Ол цифрлық ортада балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетіп, БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы сияқты құқық қорғау құралдарымен берілген ұсыныстарды алға тартады. 

Зерттеу нәтижелері балалардың желіде қауіпсіздігін сақтау қажеттілігін және ата-аналар мен мұғалімдерді цифрлық әлемде балаларға қолдау көрсетудің тиімді әдістеріне үйретудің маңыздылығын көрсетеді. 

Медиа байланыс

Надира Есетова
Қоғаммен байланыс бөлімінің ассистенті
ЮНИСЕФ
Тел: +77079500969

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.