ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметі төтенше жағдайларға дайындықты және тиісті шараларды қолдануды қамтамасыз еті үшін белгіленген екі сынақ дәліздерінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын

ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметі төтенше жағдайларға дайындықты және тиісті шараларды қолдануды қамтамасыз еті үшін белгіленген екі сынақ дәліздерінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын

23 Қазан 2018
MoU on testing drones
UNICEF

АСТАНА, Қазақстан/НЬЮ-ЙОРК, 22 қазан 2018 жыл – Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ төтенше жағдайларға дайындықты және тиісті шараларды қолдануды қамтамасыз еті үшін белгіленген екі сынақ дәліздерінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА/әрі дрон деп те аталады) сынау бойынша бірлескен бастаманы жүзеге асыруға кірісті.

Бүгін Қазақстанның елордасы Астанада ЮНИСЕФ Өкілі Юрий Оксамитный және Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Төтенше жадайлар комитетінің Төрағасы Владимир Беккер Өзара түсіністік туралы меморандумға және жоба жоспарына қол қойды.

«Қазақстанға төтенше жағдайлар кезінде түрлі миссиялар аса қажет», - деді Төтенше жадайлар комитетінің Төрағасы Владимир Беккер. «Сондықтан, біз ЮНИСЕФ-пен бірлескен осы бастаманы қолдаймыз және біздің сынақ дәліздерінде дрондардың ұшу қабілетін тексеру қолжетімді технологиялардың ең үздігін таңдауға, ал артынша сондай технологияны бүкіл елдегі төтенше жағдайлар кезінде шара қолдану топтарында енгізуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз».

Қазақстандағы дәліздер ЮНИСЕФ-тің дрондарды гуманитарлық мақсаттарда қолданысқа енгізуге қатысты айнымас мақсатының бір бөлігі болып табылады. Бар жобалар ашық бастапқы код және пайдаланушы арналған дизайн сынды ерекшеліктерге басты орын беретін инновацияларға қатысты қатаң қағидаларды ұстанады. Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттары өнеркәсібі, соның ішінде, оларды жобалау, фюзеляж/корпус өндіру және бағдарламалық қамсыздандыру әзірлеудің бастапқы сатысы дамып келеді. Дегенмен, елдегі ҰҰА мамандарының біліктілігін арттыру және дрондарды ұшқышсыз авиация жүйесінің (ҰАЖ) ықтимал клиенттері пайдалануына септесу қажет.

«Қазақстандағы су жаңа дәліздер ЮНИСЕФ-тің ҰҰА саласындағы жұмысы үшін орасан зор мүмкіндіктер тудырады және ЮНИСЕФ-тің басқа елдерде қолданыстағы дәліздерін толықтырады», - деді Кристофер Фабиан, Нью-Йорктегі ЮНИСЕФ Жаһандық инновациялар бөлімшесінің бас кеңесшісі. «Бұл жұмыстың өмірлік маңызы бар, себебі, біз ашық бастапқы код қолданылатын технологиялар саласында жергілікті әлеуетті және білімді қалыптастырамыз және дрондарға бүкіл әлемдегі балаларға өмірлік маңызы бар қызметтер көрсетуге мүмкіндік беру үшін қажетті жаңа нормативтік және құқықтық жүйелерді түсіну үшін үкіметтегі серіктестерімізбен бірге жұмыс жасаймыз».

Жаңа дәліздер елдің екі түрлі өңірінде (солтүстігінде және оңтүстігінде) орналасып, ұшқышсыз ұшу технологияларын түрлі жағдайда және климатта сынауға мүмкіншілік береді. Олар ҰҰА сынауға арналған сынақ базасына айналады, әрі корпоративтік секторға, ғылыми топтарға және басқа да ықтимал серіктестерге ұшқышсыз авиация жүйесін қоғамға пайдалы қызметтер көрсету үшін пайдалану жолдарын зерттеуге, сонымен бірге, сәйкес технологиялар әзірлеуге/беймдеуге арналған кеңістік ұсынады.

ҰҰА технологиялары келесі мақсаттарды орындау қабілетін тексеру үшін сыналады:

- кең және тегіс далада (солтүстік дәліз) немесе биік тауларда (оңтүстік дәліз) адасып кеткен адамдарды іздеуге және құтқаруға қатысу;

- топан су (солтүстік дәліз) және көшкін/қар көшкіні (оңтүстік дәліз) болған аймақтарды анықтау және картаға түсіру, сонымен қатар, келтірілген шығынды есептеу;

- апат орын алған аудандарда, әсіресе, жету қиын аумақтарда арнайы уақытша байланыс желілерін (Wi-Fi немесе ұялы байланыс) орнату;

- халықаралық/өңірлік үйлестіру жұмыстарына ерекше иек арта отырып, шалғай аудандардағы орман өрттері болған аймақтарды анықтау және картаға түсіру.

Жақын айларда ЮНИСЕФ өтініш беруші компаниялармен және мекемелермен келісімдер жасайды. Қазақстандағы дәліздер өз жұмысын 2019 жылдың ақпанында толыққанды бастайтын болады. Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ өңірдегі табиғат апаты орын алған жағдайда жұмыс жасайтын ықтимал ҰАЖ операторларын да анықтайды және төтенше жағдайда жылдам шара қолданылуын қамтамасыз ету үшін қосалқы келісімдер де жасайды.

 

Медиа байланыс

Олександра Гаскевич
Серіктестік және қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: + 7 778 021 19 12

Редакторларға арналған ескертпе

Қазақстанда дрондарды сынау дәліздері  
Әуе дәліздерінің сипаттамалары Қазақстанның Азаматтық авиация комитетімен кеңесе отырып және елдегі әуе кеңістігін пайдалану ережелеріне сәйкес анықталды.

Техникалық сипаттамалары:

  • Ең ұзақ қашықтық – 100 шақырымға дейін (солтүстік дәліз)
  • Теңіз деңгейінен биіктік – жерден 5000 м дейін
  • ҰӘЖ дәліздері 1-2 жыл бойы жұмыс жасайды.

Дәлізде сыналған барлық ҰАЖ технологиялары ЮНИСЕФ-тің инновацияларға қатысты қағидаларына сай болуы тиіс, яғни, ашық бастапқы код, бөлісуге және ауқымын кеңейтуге болатын ашық мәліметтер.

Компаниялар мен жеке тұлғалар сынақ дәліздерін пайдалануға деген қызығушылығын https://bit.ly/2S5LKpD сілтемесі арқылы тіркелу және онлайн үлгіні толтыру арқылы білдіре алады.

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Бізді Twitter және Facebook аңдаңыз