Вакцинациямен қамтудың олқылығынан әлемде қызылша ауруы өршіді
Вакцинациямен қамтудың олқылығынан әлемде қызылша ауруы өршіді
- Қол жетімді:
- русский
- Қазақша
ЖЕНЕВА / НЬЮ-ЙОРК / Астана, 5 желтоқсан 2018 жыл: 2017 жылы қызылшамен ауыру жағдайлары күрт артып кетуі жайлы денсаулық сақтау ұйымдарымен жарияланған жаңа ғаламдық есемтемеде айтылған.
Екпемен қамтудағы олқылықтардың кесірінен қызылшаның таралуы әрбір аймақта орын алған. Өткен жылы осы аурудың салдарынан 110 000 өлім тіркелген.
Баяндамада соңғы 17 жылда қызылшамен ауыру үрдістерінің толық көрінісі келтірілген. Есептемеге сай 2000 жылдан бері 21 миллион адам қызылшаға қарсы екпе жасаудың арқасында аман қалған. Дегенмен, бүкіл әлем бойынша тіркелген жағдайлар саны 2016 жылдан бері 30 пайыздан асып отыр.
«Қызылшаның қайта оралуы қатты алаңдатады, аурудың ауқымды таралуы түрлі өңірлерде, әсіресе, қызылшаны түп-тамырымен жойған немесе жоюға жақын қалған елдерде орын алып жатыр», - деді д-р Сумя Сваминатан, ДДСҰ Бағдарламалар жөніндегі бас директорының орынбасары. «Екпемен қамту аясын кеңейту және көнуге келмейтін деңгейдегі жеткіліксіз немесе мүлдем екпе алмаған балалары бар халық топтарын анықтау бойынша шұғыл шаралар қолданылуы тиіс. Әйтпесе біз ондаған жылдар бойы балаларды және қоғамды осы жойқын, бірақ, бетін қайтаруға болатын аурудан қорғауда жеткен жетістіктерімізден айырылғалы тұрмыз».
Қызылша ауыр, әрі аса жұқпалы ауру болып табылады. Ол қалжырататын немесе өлімге әкеліп соғатын асқынуды, соның ішінде, энцефалит (бас миының ісіп кетуіне әкелетін жұқпа), ауыр диарея және сусыздану, пневмония, құлақ жұқпалары және көру қабілетінен біржолата айырылуды тудыра алады. Тойып тамақтанбайтын және иммундық жүйесі әлсіз нәрестелер мен кішкентай балалар аурудың асқынуы мен оның кесірінен өлімге ұшырау қауіпінің алдында әсіресе қорғансыз болып келеді.
Аурудың бетін қауіпсіз және тиімді екі екпенің дозасымен алдын алуға болады. Алайда, бірнеше жыл бойы қызылшаға қарсы екпенің бірінші дозасымен жаһандық қамту 85 пайызға дейін азайған. Бұл аурудың таралуын болдырмау үшін қажетті 95 пайыздан әлдеқайда төмен болғандықтан көптеген елдердің адамдары осы аурудың алдында қорғансыз болып отыр. Екпенің екінші дозасымен қамтуы 67 пайызды құрап отыр.
Қазақстан Республикасында балаларға вакцинация мен ревакцинацияны жасаудың қамтуы 2017 жылы 98%-ды құрады. 2018 жылдың өткен кезеңінде қызылшаның 93 тіркелген жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 81 (87%)[1].
«Қазақстандағы соңғы онжылдықта жеткен иммундау бағдарламаларының жетістіктеріне қарамастан, иммунизациялау көрсеткіштері төмендеп келеді және қала мен ауыл арасында біркелкі емес. Жалпы алғанда, Еуропа өңіріңдегі елдерде, әсіресе орташа табысы бар елдерде, иммундау проблемаларының ішінде саяси ұстанушылықтың әлсіздігі, нашар басқару және әлсіз денсаулық сақтау жүйелері, сондай-ақ ұлттық иммундау бағдарламаларының қаржылық тұрақтылығы жайлы алаңдаушылық бар», - деп атап өтті Қанат Сұханбердиев, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) балалар денсаулығы және тамақтану бағдарламасының үйлестірушісі.
Жақында болған аурудың таралуына жауап қайтару ретінде денсаулық сақтау органдары жоспарлы екпе салу қызметтерін нығайту шараларымен қатар, иммунизация жүйесіне тұрақты инвестиция салуға үндейді. Аталмыш шаралар негізінен ең кедей, аса маргиналданған топтарда, соның ішінде, қақтығыстардан және мәжбүрлі қоныс аударудан зардап шеккен адамдарды қамту айналасында шоғырландырылуы тиіс.
###
Редакторларға арналған ақпарат
«Қызылшаны өңірлік жою ісіндегі прогресс – бүкіл әлемде, 2000-2017 жылдар» ДДСҰ және АБО (CDC) бірге жариялаған құжат. Ол ДДСҰ Апталық эпидемиологиялық есебінде және АБО (CDC) Апталық ауыру және өлім көрсеткіштері есебінде жарияланған.
2001 жылы басталған қызылша мен қызамықты түп-тамырымен жою бастамасы (M&RI) Американдық Қызыл Крест қоғамы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоры, АБО (CDC), ЮНИСЕФ және ДДСҰ жетекшілігімен іске асырылады. M&RI ешбір бала қызылшадан қайтыс болмауын немесе туа біткен қызамық синдромымен дүниеге келмеуін, сонымен қатар, Жаһандық екпемен қамту жоспарының 2020 жылға қарай кем дегенде ДДСҰ-ның бес аймағында қызылша мен қызамықты түп-тамырымен жою мақсатының орындалуын қамтамасыз етуге ұмтылады.
Қызылшаны түп-тамырымен жою аймақта немесе басқа белгілі бір географиялық ауданда қызылша вирусының 12 ай бойы эндемиялық жолмен таралмауы болып есептеледі. Керісінше, егер вирус қайта оралып, бір жылдан астам уақыт бойы таралуын тоқтатпаса, ел қызылшадан еркін болып есептелмейді.
Баяндаманы 2018 жылғы 29 қарашаның CDC Апталық ауыру және өлім көрсеткіштері есебінде (Morbidity and Mortality Weekly Report) және 2018 жылғы 30 қарашаның ДДСҰ Апталық эпидемиологиялық есебінде (Weekly Epidemiological Record) көруге болады. Иммунизация саласындағы жетістіктер туралы қосымша ақпарат 2018 жылдың қарашасында Иммунизация жөніндегі стратегиялық консультативті сарапшылар тобымен жарияланған 2018 жылғы Екпемен қамту жаһандық жоспарын бағалау туралы баяндамасында (2018 Assessment Report of The Global Vaccine Action Plan) да келтірілген.
Толығырақ ақпарат алу келесі байланыс арқылы хабарласыңыздар:
Зарина Нұрмұхамбетова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің Қоғаммен байланыс үйлестірушісі, тел.: +7 777 734 30 19; эл. пошта: znurmukhambetova@unicef.org
Әсел Садуова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі, тел.: +7 701 640 71 87; эл. пошта asaduova@unicef.org
[1] ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ
ЮНИСЕФ барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.
ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында.