«Біз бұнан да икемді әрі әмбебеп болуға тиіспіз»

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-хатшысы жалған ақпарат, жаңа дағды мен өзін өзі тұрақты дамытудың маңыздылығы туралы

Айдана Киндирова
Пресс-секретарь Управления Здравоохранения Алматинской области
UNICEF/2022/OlgaCho
06 Шілде 2022

2022 жылдың 10, 11 наурызында Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, MediaNet халықаралық журналистика орталығымен серіктесе отырып және АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен ҚР денсаулық сақтау саласы баспасөз қызметінің қызметкерлері үшін «Қазақстандағы иммундау туралы жалған ақпаратқа қарсы тұру» тренингін ұйымдастырды. Тренинг аралас форматта, Нұр-Сұлтан қаласында – оффлайн, еліміздің барлық 17 облысының аудандық денсаулық сақтау басқармаларының баспасөз хатшылары үшін онлайн-байланысы арқылы өтті.

Ләйлім Ахметжанова – Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі, баспасөз хатшысы. Ләйлім денсаулық сақтау саласында 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Оның медиа саладағы тәжірибесі бай: 1998 жылы Алматы халықаралық журналистика институтын бітіргеннен кейін Ләйлім түрлі басылымдар мен телеарналарда жұмыс істеген, сонымен бірге Алматыдағы Көкіл мектеп-колледжінде парсы тілінен дәріс берген.

Кейіпкерімізді денсаулық сақтау саласына тартқан жәйт – баспасөз хатшысы бола тұрып, журналист және редактор ретінде алған барлық дағдыларын қолдана алатындығы: медиа-жоспармен жұмыс істеу, веб-сайт пен әлеуметтік желілерді басқару, сұхбаттар алу, баспасөз хабарламаларын жазу.

«Маған дәрігерлермен жұмыс істеу өте қызықты. Олармен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, жұмыстарының соншалықты күрделі де жауапты екендігін түсінесің. COVID-19 белең алған кезде дәрігерлердің әрбір пациенті үшін қаншалықты уайымдайтынын түсіндім. Мен олардың науқастарды жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырған кезде қалай қуаныш пен бақытты бастан кешетініне куә болдым. Бұрын мен дәрігерлерде аяушылық жоқ, олар салқынқанды болуы тиіс деп ойлайтынмын. Мен енді олармен жұмыс істегенімнің арқасында бәрі басқаша екендігін түсіндім», – дейді Ләйлім.

Пресс-секретарь обсуждает рабочие вопросы
UNICEF/2022/OlgaCho
Ләйлім Ахметжанова, Алматы облысы Денсаулық, сақтау басқармасының баспасөз, хатшысы Индира Бектұрғановамен жұмыс мәселелерін талқылауда. Талдықорған, Қазақстан.

Кейіпкердің айтуынша, баспасөз хатшысының жұмысындағы ең бастысы – мақсатты аудитория үшін статистикалық деректерді дұрыс және қызықты форматта бере білу.

«Егер маман ақпаратпен жақсы жұмыс істей алса, онда бұл материалды БАҚ-та жариялату оған аса қиын болмайды. Ресми ақпаратты дұрыс беру арқылы қоғамның дұрыс ұстанымын қалыптастыруға болады», - дейді сенімді түрде Ләйлім.

Ләйлім басқарманың ресми өкілі ретінде, ақпаратты таратпас бұрын оны мұқият тексереді, өйткені әдетте онда статистикалық мәліметтер көп болады.

«Егер мен БАҚ-тан шындыққа жанаспайтын ақпараттарды көрсем, дереу жауап беруге тырысамын. Өйткені, негізінен көбінесе журналистер материалдарында статистикаға қатысты қателер жібереді. Мысалы, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар туралы күнделікті статистика ұсыну қажет болғанда, өңірде ақпараттық жұмыс жүргізу үшін Алматы облысының басқармаларының ресми өкілдері мен журналистерден құралған топ құрдық. Осылайша, журналистер жаңартылған статистиканы барынша жедел және күнделікті алып отырды да, бұл оларға оқырмандарына шұғыл өзекті ақпараттар ұсынуға мүмкіндік берді».

Ләйлім БАҚ өкілдерімен барынша ашық жұмыс істейді. Алматы облысының журналистері ресми сауал жолдауға мүмкіндіктері болмаған жағдайда да, кез келген уақытта телефон соғып немесе оның жекесіне хат жазып, қызықтырған сауалдар бойынша жедел жауап ала алатынын біледі.

Пресс-секретарь Управления Здравоохранения Алматинской области, фотографирует директорa
UNICEF/2022/OlgaCho
Ләйлім Ахметжанова, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Жұмахан Молдақұловты суретке түсіреді. Талдықорған, Қазақстан.

COVID-19 таралған кезде жалған ақпараттардың саны күрт өсті. Ләйлім осынау кезеңде әріптестерімен бірге екі есе, тіпті үш есе көп жұмыс істеуге тура келгенін айтады.

«Біз апта сайын брифингтер өткізіп, онда біздің департаменттің басшысы COVID-19 жұқтырғандардың статистикасы туралы есеп беріп отырды. Сондай-ақ олар Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде дәрігерлермен тікелей эфирде хабарлар жүргізіп, кеңестер беріп, коронавирус туралы дақпырттарды жоққа шығарды және тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Аудиторияны кеңірек қамту үшін біз блогерлермен де басқа да ықпалды және танымал адамдармен жұмыс істедік. Мәселен, блогерлер әлеуметтік желілердегі парақшаларында әкімшіліктің ресми деректерін жариялады. Әншілер, артистер мен спортшылар вакцина туралы ресми ақпаратпен бөлісіп, осылайша елді екпе алуға шақырды».

Кейіпкеріміздің айтуынша, олар тренингте ақпарат ұсынудың әртүрлі тәсілдерін қолдануға ұмтылған: инфографика, тікелей эфирлер, тіпті бір рет мультфильм дайындаған.

«Егер бұрын баспасөз хатшылары бір ғана бағытта, мысалы, ресми ақпарат дайындаумен ғана айналысатын болсақ, енді бізге икемді әрі әмбебеп болу қажет: материалдарды жазып қана қоймай, оларды аудара білу, суретке түсіру, бейнероликтер түсіру. Бұл әсіресе қазір, технологиялар дамыған заманда өзекті», - деп есептейді кейіпкер.

Пресс-секретарь Управления Здравоохранения Алматинской области
UNICEF/2022/OlgaCho
Ләйлім Ахметжанова, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы. Талдықорған, Қазақстан.

Ләйлім да замана көшінен қалмауға тырысады. Журналистерге арналған брифингтерді ұйымдастырумен қатар, ол фото түсіреді, қысқа бейне-баяндар жасап, оны монтаждайды, ресми веб-сайт пен әлеуметтік желілердегі беттерді жүргізеді. Ол кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытудың маңыздылығын атай отырып, тренингтер мен семинарларды біліктілікті арттыру мен жұмыста жоғары нәтижелерге жетудің таптырмас құралы санайды.

«Мен Factcheck.kz мақалаларын оқығанда, олардың материалдарын қалай дайындайтыны, ақпараттың дұрыстығын қандай жолдармен тексеретіні үнемі қызықтыратын. Сондықтан маған «Қазақстандағы иммундау туралы жалған ақпаратқа қарсы тұру» тренингін өткізіп алмау керектігін білдім», - дейді Ләйлім.

Тренингтің бірінші күні фактчекингке, кеңейтілген іздеу функциялары мен тәжірибеге арналды. Сонымен қатар қатысушылар Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің MediaNet-пен бірлесіп жүргізген иммундау туралы жалған ақпараттың таралуына қатысты зерттеу нәтижелерімен танысты.

«Тренингтің ерекшелігі сонда, бізге шын мәнінде қажетті Google және Яндекс карталарымен қалай жұмыс істеу керектігін, журналистік зерттеулерді жазу барысында статистикалық деректерді қалай дұрыс пайдалануды, deep fake, яғни тамырын тереңге жіберген фейктерді қалай анықтау қажеттігі мен және т.б. зерттедік».

«Тренингтің арқасында мен журналистке қандай сенім ұялатса да, жасырын дереккөздерге сілтеме жасауға болмайтынын түсіндім. Фактілерді тексеруші жұмыс істейтін барлық дерек көздері ашық бастапқы өлшемдерге сәйкес келуі керек»

Пресс-секретарь Управления Здравоохранения Алматинской области, обсуждает рабочие вопросы
UNICEF/2022/OlgaCho
Ләілим Ахметжанова, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лейла Серікбаевамен, басшының босандыру және балалар ісі жөніндегі орынбасары жұмыс мәселелерін талқылауда. Талдықорған, Қазақстан.

Ләйлім барлық кезде материалдарды жарияламас бұрын статистиканың қаншалықты дұрыс екендігін тексеріп алады. Кейіпкеріміздің айтуынша, ол ендігі жерде тренингтің арқасында мәліметтерді жинақтау мен тексерудің бірнеше әдісін біледі.

«Ресми ақпараттарды біз ұсынатындықтан, сол үшін жауап береміз. Өйткені БАҚ өкілдері ресми ақпарат көздеріне сілтеме жасайды. Мәселен, ол біздің сайтымыз немесе әлеуметтік желілеріміз. Сондықтан мен үшін сенімді мәліметтерді жинақтап, оларды тексеріп отыру аса маңызды. Тренингте мен осыны үйренгеніме өте қуанамын».

«Екінші күні біз InVid, Youtube Data Viewer, RevEye, Google Maps сияқты басқа да жалған ақпаратты тексеру құралдарын зерттеп, оларды мәтіндерден қалай табуға болатынын меңгердік. Жұмыс барысында тренингте алған дағдыларымды бірден қолдандым. Мысалы, өзім балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы облысының туу көрсеткіші туралы ресми ақпарат бердім. 2021 жылы бұл көрсеткіш 50 мың баланы құраған еді. Осы арқылы журналистердің таратқан ақпаратымызды қалай дұрыс пайдаланатынын тексеріп көруді жөн көрдім. Нәтижелері мені қуантты».

Сонымен қатар Ләйлімді тренингтің қазақ тілінде өткені де қуантқан. Кейіпкеріміздің айтуынша, осыған байланысты қазақ тобына қатысуға тілек білдірушілер өте көп болыпты.

Болашақта Ләйлім мультимедиялық дағдыларды меңгергісі келеді: фотосуреттермен жұмыс істеу, бейнелерді өңдеу, инфографика жасау.

Тренингке қатысу Ләйлімге ұзақ уақыт бойы өзектілігін жоғалтпайтын машықтарды меңгертіп қана қоймай, оның маман ретіндегі беделінің артуына да көмектескен. 2022 жылдың 2 маусымында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы ҚР денсаулық сақтау мекемелері арасында «Денсаулық сақтауды үздік басқару» номинациясы бойынша құрметті үшінші орынды, сонымен бірге республикалық «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында «Үздік сайт» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді.