Қазақстандық жастар экологиялық мәселелер үшін инновациялық шешімдерді ұсынады
24-25 ақпанда Қарағанды қаласында және 2-3 наурызда Алматы қаласында ЮНИСЕФ және Әлеуметтік-экологиялық қор экологиялық хакатондар өткізді.
Экотонның қатысушулары климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық өмір салты мәселелеріне қызығушылық танытатын, сондай-ақ осы қалалардағы жағдайды жақсартуға үлес қосқысы келетін Қарағанды, Теміртау және Алматы қалаларынан келген балалар мен жастар болды.
Экотондарда климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы және экология мәселелері бойынша сарапшылар балалармен өз білімдерімен бөлісті, сондай-ақ экологиялық проблемаларды шешудегі инновациялардың маңыздылығы туралы айтты. Шақырылған сарапшылар қазылар алқасының назарына инновациялық шешімдерді әзірлеу мен ұсынуда экотон қатысушыларына тәлімгерлік қолдау көрсетті.
Экотондар барысында қатысушылар жалпы Қазақстан үшін және нақты олардың елді мекендері үшін өзекті экологиялық проблемалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін 12 командаға бірікті. Командаларда балалар өз елді мекенінде қоршаған ортаның ластануы мен климаттың өзгеруі мәселелерін шешу бойынша стартап-жобалар әзірледі. Хакатон қорытындысы бойынша қатысушылар стартаптарды іске асыру және масштабтау үшін Әлеуметтік-экологиялық қор мен ЮНИСЕФ-тен қаржылық, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау алады.
Экотондарды “Салауатты орта дені сау балаларға” бағдарламасы аясында Қазақстанда Әлеуметтік-экологиялық қор, ЭКОЦЕНТР және БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырды.
Сондай-ақ, сіз Абира Қуандық – ЮНИСЕФ волонтерлер бағдарламасының үйлестірушісіне [email protected] немесе Анна Стативкина – ЮНИСЕФ климаттың өзгеруі бағдарламасының үйлестірушісіне [email protected] электронды поштасына хабарласу арқылы кез келген командаға қолдау көрсете аласыз.
Барлық стартаптардың қысқаша сипаттамасымен төменде танысуға болады.
Қарағанды мен Теміртау қаласындағы экотон топтары:
Қарағанды қаласының аудандарын зерделеу және пластик қоқыспен ең ластанған орынды анықтау негізінде балалар отандық өндірістің Қазақстандағы алғашқы фандоматын (пластик бөтелкелер мен қаңылтыр банкаларды қабылдау автоматы) жасады, ол қайта өңделетін қоқыстарды жинаудың төмен деңгейі және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған.
Балалар қазақстандықтар мерзімі өткен дәрі-дәрмектерден арылып, оларды кәрізге құйып немесе жалпы қалдықтармен бірге лақтырып тастайтынын анықтады, бұл су мен топырақтың ластануына, улануға және антибиотиктерге төзімділіктің дамуына әкелуі мүмкін. Команданың шешімі Қарағанды қаласының дәріханаларының жанында, адам көп жиналатын жерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған контейнер орнатудың арқасында қоршаған ортаның дәрілік заттармен ластануын болдырмауға бағытталған.
Балалар Қазақстан "суға тәуелді" ел болып табылады деп алаңдайды, өйткені ел аумағының небәрі 2,6 пайызы сумен қамтылған. Осының бәріне халық әлі ауыз суды үнемдеуге үйретілмеген. Олар ауыз су шығындарын азайту үшін еріген суды арнайы резервуарға жинау арқылы мектеп ауласындағы өсімдіктерді суаруды бастауды ұсынды.
Экология тақырыптары бойынша "Монополия" интерактивті ойынын әзірлеу және енгізу арқылы тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты қалыптастыруға және эко-жауапкершілікті арттыруға жәрдемдесуге бағытталған. Сонымен қатар, үстел ойыны балалар мен ересектерді бірге уақыт өткізуге және жасыл өмір салты принциптерін үйретуде біріктіре алады.
Шешім тұрғындардың қоршаған ортаға және бір реттік пластикті көп тұтынуға қатысты немқұрайлылығымен күресуге, сондай-ақ эко-марафон өткізу арқылы оқушылар мен жасөспірімдердің қызығушылығын арттыруға және ақпараттандыруға бағытталған. Осы команданың қатысушылары Қарағанды қаласының 4 мектебінде әлеуметтік желілерде және оффлайн-іс-шараларда инфо ағыны бар қарқынды челленджді іске қосады.
Тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау мен жоюдың маңыздылығын шешуге бағытталған. Команда экологиялық ойлауды қалыптастыруды ерте жастан бастап оқыту, мастер-класстар мен "дармаркалар" өткізу, соның ішінде Қарағанды қаласында эко-шоперлер жасау және оларға пластик пакеттер алмасу арқылы бастауды ұсынды.
Алматы қаласындағы Экотон топтары:
Биоалуантүрліліктің жоғалуына, ауаның ластануына, білім беру мүмкіндіктері шектеулі және жасыл аймақтардың тапшылығына жауап ретінде команда Алматы қаласының мектептерінде шағын қорықтар құруды ұсынады.
Алматы қаласының бір мектебі макулатура мен пластикті сұрыптауға арналған арнайы қоқыс жәшіктерін орнату арқылы өндіретін қалдықтардың мөлшерін азайтуға, сондай-ақ оқушыларды тартуға және оқытуға бағытталған.
Топ мүшелері планетамыздың ресурстарды толықтыруға уақыты болуы және болашақ ұрпақтың тұратын жері болуы үшін, табиғи ресурстарды аз тұтынуға шақырады. Жоба табиғатты қорғайтын және қоршаған ортаны жақсартатын өскелең ұрпақ арасында эко-жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Балалар бұл дағдыларды ойын түрінде ұсынады.
Команда қайта өңдеу және экологиялық іс-шаралардағы жетістіктер арқылы ұпай жинауға болатын платформа құруды ұсынады. Бұл халықтың хабардарлығын, өзара уәждемесін және жасыл өмір салтының қолжетімділігін арттыру мақсатында тәжірибе, идеялар алмасу және экологиялық қозғалысты құру үшін онлайн қауымдастыққа айналады.
Топтың қатысушыларын Алматы қаласындағы ауа сапасы және оның балалардың денсаулығына зиянды әсері мәселесі толғандырады. Олар білім беруде STEAM тәсілін қолдануды және ауа сапасын үнемі өлшеу үшін сенсорларды құрастыру бойынша оқыту жинағын құруды ұсынды.
Олардың қаласында қазірдің өзінде көп нәрсе жасалып жатқанын түсініп, халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында осы топ мүшелері жергілікті экологиялық бастамалар мен экологиялық таза тауарларды сататын дүкендерді қолдау үшін WeCycle сайтын құруды ұсынды.