Қазақстандағы балалар ауа сапасын өлшеуді үйренеді
Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Әлеуметтік-экологиялық қор (ӘЭҚ) ағымдағы жылдың басында климаттың өзгеруі және қоршаған орта мәселелеріне жастарды қатыстыру жөніндегі жобаға қатысушы 22 мектепке ауа сапасын өлшеуге арналған датчиктерді берді

Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Әлеуметтік-экологиялық қор (ӘЭҚ) ағымдағы жылдың басында Алматы, Қарағанды және Теміртау қалаларындағы климаттың өзгеруі және қоршаған орта мәселелеріне жастарды қатыстыру жөніндегі жобаға қатысушы 22 мектепке ауа сапасын өлшеуге арналған датчиктерді берді.
Ауа сапасын өлшеуге арналған датчиктер берілген мектептер қалалық білім басқармалары арқылы анықталды. Датчиктерді мектеп оқушылары мен жоба волонтерлері сабақтарда практикалық дағдыларды дамыту үшін пайдаланады. Мұндай тәсіл балаларға қоршаған орта сапасын бақылауға және оны қорғауға белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
БҰҰ-ның экологиялық құқық жөніндегі сарапшысы және Әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Вадим Ни Алматы, Қарағанды және Теміртау мектептеріне үй-жайлар ішіндегі PM2,5, PM10 және CO2 диапазонын өлшеуге арналған 22 датчикті беру балаларға ауа сапасына мониторинг жүргізу дағдыларын игеруге, дербес өлшеулер жасауға, сондай-ақ ауаның ластануы салдарынан олардың денсаулығына төнетін қауіпті түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Жастардың осындай бастамаларға қатысуы эко-саналы өмір салтын қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады және нәтижесінде еліміздің барлық балалары үшін неғұрлым таза және салауатты орта құруға әкелуі тиіс", - деп ЮНИСЕФ Қазақстан климаттың өзгеруі жөніндегі бағдарламаның үйлестірушісі Анна Стативкина атап өтті.
2023 жылы БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті тез өзгеретін климат мәселесіне назар аудара отырып, балалардың таза, сау және тұрақты ортаға құқығын растады. 2023 жылдың 28 тамызында жарияланған «Климаттың өзгеруіне ерекше назар аудара отырып, балалардың құқықтары мен қоршаған орта туралы №26 жалпы тәртіптегі ескертулерде» климат саласындағы төтенше жағдай, биоалуантүрліліктің жойылуы және қоршаған ортаның кеңінен ластануы туралы ашық айтылған, сонымен қатар балалардың өмірі мен болашағын қорғауға қарсы шаралар белгіленген.
Қазақстандағы Әлеуметтік-экологиялық қор мен ЮНИСЕФ 2023 жылдың күзінде күш біріктіріп, Қазақстанның балалары мен жастарын экологиялық қызметке тарту және климаттың өзгеруі, энергияны тұрақты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ілгерілету мақсатында #Volunteers4climate бағдарламасын іске қосты. Бұл бастама әлемнің 14 елінде, соның ішінде біздің елімізде “Салауатты орта дені сау балаларға” бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
#Volunteers4climate бағдарламасына қатысу жас қазақстандықтарға ауа сапасы туралы деректерді талдап қана қоймай, «жасыл» дағдыларды игеруге және оларды қоршаған ортаның ластануы мен климаттың өзгеруіне барынша бейім беруге өңірлердегі оқушыларға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Қазақстандағы ӘЭҚ мен ЮНИСЕФ Алматыда, Қарағандыда және Теміртауда экологиялық хакатондар өткізуді қолдады және өз қалаларында балалар мен қыздардың экологиялық шешімдерін іске асыруды қаржыландырады. Бағдарлама 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың мамырына дейін жүзеге асырылады.