Стигманы жеңіп, дәрігерді тыңдау керек

Қарағанды медициналық университетінің профессорлары мен студенттері АИТВ-ахуалды балалар мен жасөспірімдерді қолдау қадамдарының өзгергені жайлы баяндайды

Маргарита Бочарова
Студенты обсуждают учебный материал, г. Караганда, Казахстан.
UNICEF/2022/LianaSholkova
18 Сәуір 2022

«Мектепте мұғалімдеріміз АИТВ-инфекциясы туралы сынып сағатын өткізген болатын. Ақпарат дұрыс жеткізілмегендіктен, біз оларды түсініп, қолдамақ түгілі, керісінше маған жағымсыз болып көрінді. Бұл қорқытуға көбірек ұқсайтын еді», – деп еске алады Қарағанды медициналық университетінің 7 курс студенті Анастасия Шутова.

Аталмыш университет БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен бакалавриат бағдарламасы мен резидентураға АИТВ-мен өмір сүріп жатқан және басқа да созылмалы кеселдерге душар болған балаларға психоәлеуметтік қолдау жөніндегі білім беру модулі енгізілген еліміздегі бірінші жоғары оқу орны. Жоба АИТВ-ахуалды балалар мен жасөспірімдерді қолдау сапасын жақсартып, олардың емделуге деген ықыласын сақтап, психологиялық денсаулығына байланысты туындайтын мәселелерді тежеп, көпшіліктен оқшауландырмай әрі өмір сүру сапасын жақсартуды да көздейді.

Қазақстан дермотология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының есебі бойынша, 2021 жылы 14-29 жас аралығындағылар арасында АИТВ жұқтырудың 669 жаңа оқиғасы тіркелген. Дегенмен Қазақстан 2021 жылы 14-29 жас аралығындағылар арасында тіркелген вирус жұқтырудың 2020 жылғы деңгейінде (668) қалған. Ал 14-17 жастағы жасөспірімдер үлесі 2,8% (19) болса, қалған 97,2%-ы 18-29 жас аралағындағы жастар.

«Өкінішке орай, мұндай балалардың мінездері тұйықталып, құрдастарымен араласуды доғарады. Мен бұл туралы оқығанға дейін осы мәселе соншалықты өткір екенін аса түсінбеуші едім», – дейді Қарағанды медициналық университетінің 7 курс студенті Алина Азекенова.

Ол өз курстарымен бірге АИТВ-ахуалдыларды психоәлеуметтік оңалтуға арналған модульді меңгерген.

«Бұл курс маған АИТВ инфекциясын жұқтырған балаларды психоәлеуметтік тұрғыда қолдау өте қажет екендігін түсінуге көмектесті. Мұнан да бөлек, дәрігерлер үшін ең маңызды аспектінің бірі, ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша отбасылардың бағалауынан өтуім мен үшін жаңалық болды», - дейді білім бағдарламасы туралы әсерімен бөліскен Алина.

Алинаның группаласы Евгения Сапалиди де созылмалы аурулары бар балалармен қарым-қатынас құрудағы жаңаша көзқарасы туралы: «Баламен әңгімелескен кезде дерті туралы бірден сөйлесуге болмайды. Оның алдында біраз уақыт бұрын, сіздің ойыңызша бала оны білуге дайын болғанда, мұндай ауру бар екенін білген кезде ғана оның осы кеселге шалдыққаны туралы біртіндеп айта бастауға болады», - дейді.

Профессор кафедры неврологии и психиатрии объясняет учебный материал студентам
UNICEF/2022/LianaSholkova
Неврология және психиатрия кафедрасының доценті Лариса Мациевская Қарағанды медициналық университетінің студенттеріне білім материалдары туралы түсіндіріп отыр (солдан оңға қарай): Евгения Сапалиди мен Алина Азекенова, Қарағанды қаласы, Қазақстан.

Дәріс кезінде студенттерге дәрігердің де, және ата-ананың да орнында болып көру мүмкіндігі жасалды: мұндай машықты меңгеру «өмірлік» қиын жағдайларды тәжірибе жүзінде өткеруге құрылды. Командалық ойындардағы өз рөлдерін Анастасия алғыспен еске алады: «Меніңше, бұл бізді біріктіріп, пациентке жақын болып және оның басындағы жағдайды түсіну үшін не істеу қажет екендігін ұқтырды. Алайда, медициналық университеттің студенттері тәжірибе жүзінде мұндай клиникалық жағдайлармен бетпе-бет келмесе де, олар АИТВ-ахуалды балалар мен жасөспірімдерге қажетті қолдауды көрсете алатындықтарына күмәнданбайды. Біз барлық нұсқаларды оқытушыларымызбен бірге егжей-тегжейлі түрде талқыладық. Мұндай жағдайда сол адаммен өзіңді қалай ұстау қажет екендігін шама-шарқымша түсінемін», – дейді Анастасия.

Студенты обсуждают учебный материал
UNICEF/2022/LianaSholkova
Қарағанды медициналық университетінің студенттері кітапханада білім материалдарын талқылап отыр (солдан оңға қарай): Евгения Сапалиди, Анастасия Шутова. Қарағанды, Қазақстан.

«Бізге баладан оның дерті туралы ақпараттарды жасырудың қажеті жоқ екендігін түсіндірді, бірақ оны дұрыс жеткізе білу керек. Егер де сіз оған: «Сенде АИТВ бар» десеңіз, бала оны түсінбейді. Себебі ол бұл туралы ақпараттарды әлі білмейді – дұрысы қандай да бір ойын түрінде жеткізген дұрыс», - дейді студенттер білім алу барысында алған машықтары жайлы.

Университетке келешекте енгізілетін жаңа бағдарламаның бірінші айғағы ЮНИСЕФ-тің халықаралық кеңесшісі Мада Конвейдің 2018 жылы Қазақстанға келуі еді. Ол жергілікті мамандарды АИТВ-мен өмір сүріп жатқан балалар мен жасөспірімдері психоәлеуметтік тұрғыда қолдау негіздеріне баулыды.

Преподаватели вместе со студентами
UNICEF/2022/LianaSholkova
Қарағанды медициналық университетінің оқытушылары студенттермен бірге оқу материалдарын талқылап отыр. Қарағанды қаласы, Қазақстан.

«Мен білім алу барысында оның өте жақсы жүйеленгенін көрдім, ол ауруды емдеуді ғана емес, сонымен қатар баланың отбасына қамқор болудын да қарастырады», - дейді Қарағанды медициналық университетінің неврология, нейрохирургия, психиатрия және реабилитология кафедрасының доценті Лариса Мациевская.

Пациент-орталықтандырылуға тереңдеу қадамы оған сәйкес оқу-методикалық құралдарын құру ниетіне ұласты.

«Неге біз психоәлеуметтік қолдау мәселесіне соншалықты қызығушылық таныттық? Өйткені біздер дайындығы бар аудитория болатынбыз. Біз мұндай мәселелермен айналысып көргенбіз», - дейді Қарағанды медициналық университетінің инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының доценті Анна Кнаус.

Халықаралық және отандық мамандардан құралған толайым авторлар тобы оқу-методикалық құралын дайындап болғаннан кейін, ЮНИСЕФ-тің қолдауымен профессор өз әріптестерімен бірге тікелей білім беруді ұйымдастыруға кіріседі.

Профессор әртүрлі кафедраларда психоәлеуметтік қолдау бес бөлек тақырып ретінде қалай енгізілгені туралы баяндай келе: «Бұл соншалықты көлемді жұмыс! Бұл үлкен ауқым!», – дейді. Осылайша студенттер оны АИТВ мен туберкулез, қант диабеті, БЦП мен балалар арасындағы ерте аутизмді оқыту аясында меңгереді.

Профессор обсуждает обучающий материал
UNICEF/2022/LianaSholkova
Неврология және психиатрия кафедрасының доценті Лариса Мациевская мен инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының доценті Анна Кнаус АИТВ-мен өмір сүріп жатқан және басқа да созылмалы кеселдерге душар болған балаларға психоәлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі білім материалдарын талқылау үстінде. Қарағанды, Қазақстан

Студенттерден бөлек, жобаның мақсатты аудиториясына әлеуметтік қызметкерлер мен елдің медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары енді. «Соншалықты тез арада және білім алғысы келетіндер соншалықты көп болғандықтан, біз оқытуды тіпті кейінге қалдырдық. Өйткені, бізге өтінімдер үсті-үстіне түсіп жатты», - дейді Анна Кнаус курстың әріптестері арасында күптеген жерден үлкен сұранысқа ие болғаны жайында. Соңғы оқыту курсына тіпті, 150 шақты ЖОО маманы қатысып, олардың арасында терапевтер, жалпы практика дәрігерлері, психологтар мен психатрлар, педиатрлар мен эпидемиологтар болған.

«Іс жүзінде біздер біздің мультидисциплинарлы бригадаға қажетті барлық мамандарды қамтыдық», - дейді ол созылмалы аурулары бар балаларды психоәлеуметтік тұрғыда оңалтудың маңызды құрамасына ерекше мән беріп.

«Жалғыз инфекционист немесе терапевт АИТВ-ахуалды, яки қант диабеті бар пациентпен комплаенске* келу жоспарын игере алмайды. Бұл жерде медбике де көмекші ретінде қажет. Және пациент бала болса, әке-шешесімен де жұмыс істеу керек. Әлеуметтік қызметкер, мүмкін заңгер болар, міндетті түрде қажет болады. Міне, бәріміз бір команда болып жұмыс істегенде ғана оңды нәтижеге жетеміз», - дейді Анна Кнаус.

«АИТВ-инфекциясына шалдыққан пациенттер дәрі-дәрмектерін ішуге ұялады, өйткені стигма мен мазақтан қаймығады. Өздері туралы біліп қоя ма деп қорқады. Бұл үрей олардың өмір сүруіне, емделуі мен әлеуметке бейімделуіне кедергі келтіреді», - дейді Анна Кнаус.

Анна Кнаус сөзін толықтыра келе: «Тіпті АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы білімнен хабардар дейтін медициналық университеттің бірінші курс студенттерінің арасында стигма таралған», - дейді.

Қазіргі таңда қауымдастырылған профессор қазақстандық медицина қызметкерлерінің арасында балалар мен жасөспірімдерге олардың оң АИТВ-ахуалды екендігінен хабардар етуге қатысты ортақ мәміле жоқ екендігін мойындайды (ЮНИСЕФ айтуға кеңес береді). Сондай-ақ отандық дәрігерлер де барлық кезде кәсіпқой тұрғыда кеңес беруге немесе пациент ішуге тиіс препараттарды неге қабылдаймайтынын анықтай алмайды. Алайда, осыған қарамастан, қоғамда қалыптасқан жағымсыз таптаурын көзқарастарды жоюдың жалғыз жолы қазірге осы.