Созылмалы аурулары бар жасөспірімдерді олар ересектерге көрсетілетін медициналық қызметке ауыстырылған кезде қалай қолдау керек?

Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салалардың 200-ден аса маманы отбасыларға сапалы қолдау көрсетуге оқуда

17 ақпан 2022
UNICEF Kazakhstan/2019/Mary Gelman
UNICEF Kazakhstan/2019/Mary Gelman

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан 2021 ж. – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілдігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (ЕХӘҚМ) брлесіп, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызмет ұйымдарының мамандарын созылмалы аурулары бар балалар мен олардың отбасыларына есею кезеңі бойы сапалы қолдау көрсетуге дайындауды жүргізді. Тренингке пилоттық өңірлер - Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының басымдығымен Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен дерлік мамандар қатысты.

Созылмалы ауру медициналық мекемеде ұзақ уақыт бойы және үздіксіз диспансерлік бақылауды қажет етеді. Бала жаста және жасөспірімдік кезеңде созылмалы ауру тұрмыс дәстүрін өзгертеді. Қант диабеті, В және С вирустық гепатиті, АИТВ инфекциясы сияқты созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер ер жеткен кездерінде өз ауруларының медициналық аспектілері туралы анағұрлым хабардар болуы тиіс. Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге сауатты қолдау көрсету болашақта олардың өмір сүру сапасын қамтамасыз етеді. Қолдауды 3 бағытта: медициналық, психологиялық және әлеуметтік бағыттарда жүргізу ұсынылады.

Тренингті ЮНИСЕФ-тің жоғары білікті жаттықтырушылар командасы – дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар өткізді. Тренинг шеңберінде мамандар келесі бағыттар бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларға иә болды:

· созылмалы аурулары бар балаларды медициналық-әлеуметтік қолдаудың қазіргі заманғы тәсілі

· стигманы және кемсітушілікті жеңу

· АИТВ және басқа да созылмалы аурулармен өмір сүру

· аурудың мәртебесін ашу

· ақпараттың құпиялылығын сақтау

· баланың құқықтарын қорғау және АИТВ және басқа да созылмалы аурулары бар балаларға достас мекемелердің тұжырымдамалары.

Бұдан бұрын 2021 жылғы мамырда ұлттық сарапшылар көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және АИТВ ауруы бар жасөспірімдердің мамандардың бақылауынан қалыс қалуын болдырмау үшін ЖИТС орталықтары мен АМСК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек) мамандарына арнап АИТВ ауруы бар балалардың 18 жасқа толғаннан кейін ересектерге көрсетілетін қызметке өтуі бойынша арнайы алгоритм әзірледі. Алгоритм педиатриялық қызметтің мамандары, ересектерге көрсетілетін қызмет мамандары, ата-аналар/қамқоршылар үшін созылмалы аурулары бар балаларды өз жағдайларын өз бетінше бақылауға, медициналық ұйымдарға өз бетінше баруға және қажетті рецептілер мен дәрілік препараттарды өз бетінше алуға ауыстыру бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық жасауға көзделген.

«Жасөспірімді педиатриялық бөлімнен ересектерге арналған бөлімге ауыстыруды дұрыс өткізу жасөспірімнің (жас адамның) денсаулығын барынша ұзақ уақыт бойына сақтаудың, өмір сүруінің жоғары сапасы мен әлеуметтік қоғамдық өмірге сәтті бейімделуінің маңызды факторларының бірі болып табылады», - дейді Шымкент қ. «Ана мен бала» реабилитация орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алевтина Кужелева.

Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мәліметтері бойынша, елімізде АИТВ жұқтырған 580 баламен жасөспірім бар. 2020 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің және ЮНИСЕФ-тің мамандары созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-әлеуметтік қолдау бойынша ұлттық стандарттардың алты пилоттық өңірде ендірілуін бағалады. Сарапшылар жасөспірімдердің созылмалы аурудың ерекше емін үзуі, ересектерге көрсетілетін медициналық қызметке ауысқан кезде олардың физикалық және менталдық денсаулығының нашарлауы жағдайларын анықтады.

«Ауыстыру бойынша алгорит әлеуметтік жұмыскердің жетекші рөл атқаруымен ЖИТС және АМСК қызметтері тығыз өзара ықпалдасқанда ғана сәтті іске асырылатын болады», - деп сенеді ЮНИСЕФ-тің консультация берушілері: психолог Мәдина Аманова және педагог-әлеуметтанушы Аягөз Әубәкірова.

«Әр баланың өмір сүрудің жоғары сапасына құқығы бар. Осал балаларға, соөылмалы аурулары бар балаларға ерекше назар аударылуы тиіс. Мұндай жағдайларда медициналық-әлеуметтік көмектің әрдайым жоғары деңгейін, динамикалық бақылау мен тиімді ем көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету маңызды», - деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы бағдарлмаларының үйлестірушісі Нодар Каримов.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ туралы 

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады. 

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org

Біздің InstagramFacebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.