Қазақстанда АИТВ және басқа да созылмалы аурулармен ауратын балалар мен жасөспірімдерді психо-әлеуметтік қолдау стандарттары жақсарады

Психо-әлеуметтік қолдаудың жаңа әмбебап стандарттары ұлттық медициналық білім беру жүйесіне енгізілуде

09 Желтоқсан 2019
Baurzhan
UNICEF/Mary Gelman

Нұр-Сұлтан, 9 желтоқсан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «АИТВ және басқа да созылмалы аурулармен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді психо-әлеуметтік қолдау» оқу модулін ұсынды. Тұсаукесер республикалық кеңес барысында, Қарағанды медицина университеті, облыстық ЖИТС орталықтары, Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Қазақстан денсаулық сақтау саласында әсерлі нәтижелерге қол жеткізді, оның ішінде бұл балаларға да қатысты. Сонымен қатар, денсаулық – бұл тек физикалық жағдай ғана емес,  сонымен бірге психикалық әл-ауқат та деген түсінік таралуда», - деп атап өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен. «Гепатит, туберкулез, АИТВ және диабет сияқты созылмалы аурулармен өмір сүру тіпті ересек адамдар үшін де оңай емес. Созылмалы аурулармен ауратын балалар ерекше қолдауға мұқтаж және бұл үшін кешенді түрде жұмыс істеу қажет. Біз бұл түсінігімізді негізгі одақтастарымыз – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында көруге қуаныштымыз».

Қазақстанда соңғы жылдары АИТВ-ны жұқтыру және анадан балаға инфекцияның берілу жағдайлары төмендеді, дегенмен, АИТВ жойылған жоқ. Елімізде АИТВ-ның оң мәртебесімен 531 бала мен жасөспірім тіркелген.

«Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдер үшін терапияны ұстану, қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы білімді нығайту, сондай-ақ өмірлік дағдыларды дамыту өзекті мәселе болып қалуда», - деді ЮНИСЕФ бағдарламасының денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі үйлестірушісі Қанат Суханбердиев. «Сондай-ақ, адамдар АИТВ - үкім емес екенін түсінуі үшін АИТВ туралы дақпыртты сейілтіп,  хабардарлықты арттыру қажет».

Кеңес беру және әлеуметтік қолдау АИТВ-мен ауыратын жасөспірімдерге және оларға күтім жасайтын адамдарға емделуге бейімділікті сақтауға, психикалық денсаулық проблемаларының дамуын болдырмауға және өмір сүру сапасын арттыруға көмектесе алады. «АИТВ-мен және басқа да созылмалы аурулармен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдерді психо-әлеуметтік қолдау» оқу модулін енгізу – бұл балалар тобын, әсіресе әлеуметтік жағынан осал балаларды қолдауды жақсартуға үлкен қадам.

«Біз бұл модульдің АИТВ-мен өмір сүретін балалармен ғана емес, сонымен қатар басқа да созылмалы аурулармен жұмыс жасау сапасын жақсарту үшін медицина қызметкерлерін даярлайтын жоғары оқу орнына дейін және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына енгіземіз деп үміттенеміз», - деді Бауыржан Байсеркин, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры. 

ЮНИСЕФ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп мамандардың, әлеуметтік және медициналық қызметкерлер мен ата-аналардың АИТВ-мен ауратын балалар мен жасөспірімдерді және олардың ата-аналарын/ қамқоршыларын психоәлеуметтік қолдау мәселелері бойынша әлеуетін дамытады. Бұл қызмет 2019-2021 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясы індетіне тартылған балалар мен жасөспірімдерді және олардың ата-аналарын психологиялық-әлеуметтік қолдау мен бейімделуін дамыту» бірлескен бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.

Кеңес қорытындысы бойынша оқу орындарының бағдарламаларына модульді енгізу жоспары әзірленді. Модуль дәрігерлерді, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді созылмалы аурулармен ауыратын балалармен және жасөспірімдермен сапалы жаңа деңгейде жұмыс істеуге дайындайды.

Толығырақ ақпарат алу үшін:
Зарина Нұрмұхамбетова, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы +7 778 021 19 12, znurmukhambetova@unicef.org

Әсел Садуова, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қоғаммен байланыс бөлімінің маманы тел.:+7 701 640 71 87, asaduova@unicef.org
 

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова
ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)
Әсел Садуова
Қоғаммен байланыс маманы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (144)
Тел: .

О ЮНИСЕФ:

ЮНИСЕФ осуществляет свою деятельность в целях обеспечения прав и благополучия каждого ребенка. Совместно со своими партнерами ЮНИСЕФ действует в 190 странах и территориях мира в целях претворения в жизнь своих обязательств, уделяя при этом особое внимание проблеме охвата наиболее обездоленных и изолированных детей; на благо детей, во всех уголках мира.

Подробности о деятельности ЮНИСЕФ на сайте www.unicef.org.

Подпишитесь на наши страницы в Instagram, Facebook и Twitter