"Менің алғашқы COVID пациентім 11 айлық болды"

Өтебалиева Майя Бахтағалиқызы, дәрігер-педиатр, Атырау қ. емханасындағы жұмыс күндері туралы

Назира Қайымова
UNICEF Kazakhstan/2021/Nazira Kaiymova
UNICEF Kazakhstan/2021/Nazira Kaiymova
20 Тамыз 2021

«Менің алғашқы COVID-19 пациентім 11 айлық сәби болды. Оның ауруы ЖРВИ ретінде өтті: температурасы 2-3 күн бойы түспеді. Емдеу үшін қызуды түсіретін препараттар қолданылды және бір рет тамшы қойылды», - деп еске алады екінші санатты педиатр Майя Бахтағалиқызы. Майя Бахтағалиқызы 42 жаста, оның 20 жылдық еңбек өтілі бар. Қазір ол Атырау қаласындағы Western жеке клиникасында жұмыс істейді.

UNICEF Kazakhstan/2021/Nazira Kaiymova
UNICEF Kazakhstan/2021/Nazira Kaiymova
Майя Бахтағалиқызы емханадағы өз кабинетінде қабылдау жүргізуде

Бұл 2020 жылғы жаздың басы еді. Осы кезеңде Қазақстанның көптеген қалаларындағыдай, Атырауда да дәрі-дәрмек тапшылығы болды. Үрейге бой алдырып, дүрліккен жұрт дәрі-дәрмектің бәрін жаппай сатып ала бастағандықтан, осындай тапшылық жағдай орын алды. Майя Бахтағалиқызының пациенттері көмек сұрап, педиатрға өтініш жасай бастады. Сол күндері ол қызу түсіретін дәрілер мен антибиотиктерді сұрағандарға өзінің үйіндегі дәрі-дәрмектерді таксимен жіберген болатын. Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі 2-3 аптаға созылды, содан кейін бәрі қалпына келді.

2020 жылдың желтоқсанында және 2021 жылдың мамырында Қазақстан Үкіметінің COVID-19 пандемиясымен күрестегі қорғау шараларын қолдау үшін БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Еуропалық Одақпен әріптестікте Атырау облысына 11 400 дексаметазон ампуласын және 68 пульсоксиметр жеткізді. Жалпы, осы серіктестік аясында Еуропалық одақтың Қазақстанға гуманитарлық көмегі ретінде 330 000 ампула дексаметазон мен 2 000 пульсоксиметр әкелінді».

«Қазір біз үйреніп кеттік. Өткен жылдың наурыз-сәуір айларында бәрі дүрбелеңге түсті, өйткені ақпарат жеткіліксіз болды. Пациенттердің медициналық білімі жоқ және олар әлеуметтік желілерде мен әртүрлі ақпараттық бюллетеньдерде таратылған жалған ақпаратты оқыды. Біз де үрейлендік, бірақ оны байқатпауға тырыстық. Егер дәрігерлер де дүрліксе, онда мүлде тәртіпсіздік орын алар еді. Біз Еуропадан келген әріптестерімізбен емдеу хаттамаларын салыстырдық. Негізінде, біз бірыңғай хаттамаға келдік», - дейді Майя Бахтағалиқызы.

Қазіргі уақытта емдеу алгоритмдері мен хаттамалары бір қалыпқа келтірілген.

UNICEF Kazakhstan/2021/Nazira Kaiymova
UNICEF Kazakhstan/2021/Nazira Kaiymova
Майя Бахтагалиқызы өзінің пациентінің дем алысын тыңдауда

Науқастар емханаға келгенде, олардың температурасы өлшенеді. Температурасы жоғары болғандар фильтрге жіберіледі, онда пациенттерді еркін педиатр қабылдайды. Инфекцияны анықтау үшін талдау жасалып, сосын бала үйіне жіберіледі. Ауруды анықтағаннан кейін, дәрігерлер пациенттердің үйлеріне барады. Асқынған жағдайда, пациенттер ауруханаға жатқызылады.

Майя Бахтағалиқызының тәжірибесіне сүйенсек, 2020 жылы оң ПТР диагнозы 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге қойылған, ал 2021 жылы негізінен 3 айдан 4 жасқа дейінгі балалар ауырды.

«Балаларда ауру салыстырмалы түрде жеңіл өтеді. Негізінен, біз ауруды кездейсоқ анықтаймыз. Егер отбасының бір мүшесі ауырса, онда бәрі ПТР тестінен өтеді. Сол кезде барып балаларда ауру анықталады. Негізінен, оларда ешқандай симптоматика болмайды», - дейді Майя Бахтағалиқызы.

2021 жылы мамыр айының соңында және маусым айының басында Атырауда аурудың балалар арасында таралуы шыңына жетті. Балалардың қызуы көтерілді. Бірақ коронавирустық инфекция энтеровирустық инфекциямен сәйкес келді. Бұл аурулардың ұқсас белгілері бар: дене температурасы жоғары, бөртпе пайда болуы мүмкін. Алайда, маусым айында ПТР оң нәтиже көрсеткен балалар көп болды.

«Біз балаларды ересектер сияқты ЖРВИ-дан емдейміз. Аурудың ағымын және онымен байланысты патологияларды қарастырамыз. Егер температура көтерілсе, біз оны қызу түсіретін дәрілермен түсіреміз, егер тамақ немесе мұрын ауырса, біз осы органдарды емдеу дәрілерін тағайындаймыз», - дейді Майя Бахтағалиқызы.

UNICEF Kazakhstan/2021/Nazira Kaiymova
UNICEF Kazakhstan/2021/Nazira Kaiymova
Майя Бахтагалиқызы өзінің пациентінің дем алысын тыңдауда

Пандемия басталысымен, бүкіл әлемдегі көптеген дәрігерлер сияқты, педиатр Майя Бахтағалиқызы да жұмыс кестесін өзгертті. Бірнеше ай бойы қысқартылған жұмыс күні тәртібімен жұмыс істеді, ал 2021 жылдың шілдесінен бастап қайтадан толық жұмыс күні тәртібіне көшті. Қабылдаулар арасындағы уақыт аралығы да өсті. Бұл шаралар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау үшін қабылданды.

UNICEF Kazakhstan/2021/Nazira Kaiymova
UNICEF Kazakhstan/2021/Nazira Kaiymova
Майя Бахтағалиқызы өз кабинетіндегі баланы орау үстелшесінің қасында

«Қазір адамдардың санасы өзгерді - олардан бетперде киюді, қолды антисептикпен өңдеуді сұраудың қажеті жоқ. Олар өз денсаулығына жауапты. Өйткені, COVID-19 пандемиясы әрбір отбасына әсер етті», - дейді Майя Бахтағалиқызы.

Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ гуманитарлық көмек аясында қаржыландырылады. Айтылған пікірлер мен көзқарастар тек авторға (авторларға) ғана тиесілі және міндетті түрде Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ-тің көзқарасын білдірмейді. Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ олар үшін жауап бермейді.

Фотосуреттерде бейнеленген балалар дәрігерінің тәжірибесінен сипатталған жағдайларға қатысы жоқ.