Интернетте қудалау: ол не және онымен қалай күресу керек?

Интернетте қудалау туралы жасөспірімдер білгісі келетін 10 факт

UNICEF
Cyberbullying
UNICEF
18 ақпан 2022

«Интернетте қудалау туралы сендер не білгілерің келеді?» Біз жастарға осы сұрақты қойып,  бүкіл әлем бойынша мыңдаған жауап алдық.

Біз ЮНИСЕФ мамандарын, сол сияқты интернетте қудалау және балаларды қорғау бойынша халықаралық сарапшыларды жинадық та, сұрақтарға жауап беру үшін және интернетте қудалаумен күрес тәсілдері туралы өзіміздің кеңесімізді беру үшін Facebook, Instagram және Twitter желілерінде біріктік.

Интернетте қудалау дегеніміз не?

Интернетте қудалау (кибербуллинг) – цифрлық технологияларды пайдаланып қорқыту. Ол әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформаларында және мобильді телефондарда орын алуы мүмкін. Бұл қайталанбалы әрекет, ол қудаланушыларды қорқытуға немесе масқаралауға бағытталады. Мысалға мыналарды келтіруге болады:

  • әлеуметтік желілерде өтірік ақпарат тарату немесе қайсыбіреудің оның атына кір келтіретін фотосуреттерін салу;
  • мессенджер арқылы жәбірлейтін немесе сес көрсетілген хабарламалар жіберу;
  • басқа біреудің атын жамылып, оның атынан басқаларға хабарламалар жіберу.

Өзімен кездесу кезінде қорқыту мен интернетте қудалау көбінесе бір мезгілде орын алуы мүмкін. Сонымен бірге интернетте қудалау цифрлық із – жазба  қалдырады, ол пайдасын тигізуі мүмкін және қатыгездікті доғаруға көмектесетін дәлелдерді қамтамасыз ете алады.

Егер сізді өз қауіпсіздігіңіз немесе интернетте ұшыраған жағдайыңыз алаңдатса, дереу өзіңіз сенім білдіретін ересек адаммен сөйлесіңіз немесе өз еліңізде көмек алу үшін Халықаралық балаларға көмек көрсету желісіне кіріңіз

COVID-19-ға байланысты жаңартылған ақпарат: Коронавирустың жаһандық пандемиясы балалардың, әсіресе олардың мектепке бармайтындарының қауіпсіздігі мен амандығы тұрғысынан өз проблемаларын туғызып отыр. Қосымша ақпарат алу үшін коронавирус (COVID-19) мәселелері бойынша ақпараттық орталыққа кіріңіз .

Интернетте қудалау тураны негізгі 10 сұрақ

1. Менің интернетте қудаланғанымды қалай түсінуіме болады? Қалжыңды қудалаудан қалай айыруға болады?

2. Интернетте қудаланудың салдары қандай?

3. Мен интернетте қудалансам, кіммен сөйлесуіме болады? Бұл туралы айту неліктен маңызды?

4. Мен интернетте қудаландым, бірақ мен бұл туралы өз ата-анама айтуға қорқамын. Мен олармен қалай сөйлесуіме болады?

5. Өз достарыма олардың интернетте қудаланғаны туралы айтуына, әсіресе олар бұл туралы айтқысы келмесе, қалай көмектесуіме болады?

6. Интернетте қудалануды интернетке қолжетімділікті жоғалтпай отырып қалай тоқтатуға болады?

7. Әлеуметтік желілерде айлы-шарғы жасау үшін немесе мені қорлау үшін менің жеке ақпаратымды пайдалануды қалай болдырмау керек?

8. Интернетте қудалау үшін жаза бар ма?

9. Интернетте қудалаумен және қуғынға ұшыратумен интернет-компаниялардың ісі жоқ сияқты әсер туады. Оларға қандай да бір жауапкершілік жүктелген бе?

10. Қудалаудан балалар мен жастарды қорғау үшін қандай да бір онлайн-құралдар бар ма?

Cyberbullying
UNICEF

1. Менің интернетте қудаланғанымды қалай түсінуіме болады? Қалжыңды қудалаудан қалай айыруға болады?

ЮНИСЕФ:

Достардың барлығы бір-бірімен қалжыңдасады, бірақ қайсыбіреу жай көңіл көтергісі келгенін немесе сіздің жаныңызға тиюге тырысқанын кейде, әсіресе интернетте, айыру қиын. Кейде адамдар күліп, «біз жай ғана қалжыңдасып жатырмыз» немесе «бұны соншама жақын қабылдама» деп жатады.

Бірақ егер сіз өзіңізді жәбірленген сезінсеңіз немесе басқалар сізбен бірге күліп отырған жоқ, сізді күлкі етті деп ойласаңыз, онда қалжыңның өте әріге кеткені. Егер бұл жағдай сіз ол адамнан доғаруын өтінгеннен кейін де жалғаса берсе және бұл сізді әлі де жабырқататын болса, онда бұл қудалаудың дәл өзі болуы мүмкін.

Қудалау интернетте орын алған жағдайда, бұл көп адам тарапынан, соның ішінде таныс емес адамдар тарапынан ұнамсыз назар аударылуына әкелуі мүмкін. Бұл қай жерде орын алса да, егер сіз ырза болмасаңыз, онда сіз бұған көнуге міндетті емессіз.

Бұл қалай аталса да, егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз және қудалау тоқтатылмаса, онда көмек сұраған жөн. Интернетте қудалауды тоқтату – бұл жәбірлеушілерді айыптау ғана емес, сонымен қатар интернетте де, сол сияқты шынайы өмірде де барлық адам құрметтеуге тұрарлық екенін мойындау да. 

Cyberbullying
UNICEF

2. Интернетте қудаланудың салдары қандай?

ЮНИСЕФ:

Қудалау интернетте орын алған кезде, сіз өзіңізді жан-жақтан, тіпті өз үйіңізде де шабуылдауға ұшырап жатқан сияқты сезінуіңіз мүмкін. Сіз бұдан құтылмайтындай болып көрінуі мүмкін. Бұның салдары ұзақ уақыт сақталуы және адамға түрлі тәсілдермен әсер етуі мүмкін:

  • Ментальді – абыржу, имену, өзін ақылсыз, тіпті ашулы сезіну.
  • Эмоциялық – өзін ұятты сезіну немесе жақсы көретін нәрселеріне қызығушылықты жоғалту.
  • Физикалық – шаршау (ұйқының бұзылуы) немесе іштің ауыруы және бастың ауыруы сияқты симптомдарды сезіну.

Басқаларға күлкі болғанын немесе қорланғанын сезіну адамның ішіндегіні сыртқа шығарап айтуына немесе проблеманы шешуге тырысып көруіне кедергі келтіруі мүмкін. Шегіне жеткен жағдайларда интернетте қудалау тіпті өз-өзіне қол жұмсауға да әкелуі мүмкін.

Интернетте қудалау біздерге әртүрлі тәсілдермен әсер ете алады. Бірақ бұны еңсеруге болады және адамдар өзіне сенімі мен денсаулығын қайтара алады.

Cyberbullying
UNICEF

3. Мен интернетте қудалансам, кіммен сөйлесуіме болады? Бұл туралы айту неліктен маңызды?

ЮНИСЕФ:

Егер сіз жәбірлендім деп санасаңыз, алдымен өзіңіз сенетін адамға, мысалы, ата-анаңыздан, отбасының жақын мүшесінен немесе өзіңіз сенетін басқа ересек адамнан көмек сұрау керек.  

Өзіңіз оқитын мектепте сіз консультация берушіге, спорт жаттықтырушысына немесе өзіңіз жақсы көретін мұғалімге айтуыңызға болады.

Ал егер таныстарыңыздың бірімен әңгімелесу сізге ыңғайсыз болса, кәсіби консультация берушімен әңгімелесу үшін өз еліңіздегі «сенім телефонын» тауып алыңыз. 

Егер қудалау әлеуметтік желіде орын алса, жәбірлеушіні бұғаттап, оның әрекеті туралы өз платформаңызда ресми хабарлама жасау мүмкіндігін қарастырыңыз. Әлеуметтік желілер өз пайдаланушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Дәлелдер жинау – әлеуметтік желілердегі мәтіндік хабарламаларды және постылардың экрандағы суретін жинау - пайдалы болуы мүмкін. 

Қудалауды тоқтату үшін оны сәйкестендіру қажет, ал бұл үшін ол туралы хабарлау өте маңызды. Бұл сонымен қатар жәбірлеушіге оның әрекетінің жол беруге болмайтын іс екенін көрсетуге де көмектесе алады.

Егер сізге тікелей қауіп төнсе, сіздің еліңіздегі полициямен немесе шұғыл көмек қызметімен байланысуыңыз керек. 

Қудалауды тоқтату үшін оны сәйкестендіру қажет, ал бұл үшін ол туралы хабарлау өте маңызды. 

Facebook/Instagram:

Егер сіз интернетте қудалауға ұшырасаңыз, біз сізге ата-анаңызбен, мұғаліммен немесе өзіңіз сенетін басқа адаммен әңгімелесуді ұсынамыз – сіздің қауіпсіздікке құқығыңыз бар. Сіз сонымен қатар кез келген қудалау туралы тікелей Facebook немесе Instagram желілеріне хабарлама жіберуіңізге де әбден болады.

Сіз біздің командамызға Facebook немесе Instagram желілеріндегі постыдан, комментарийден немесе баяндалған оқиғадан анонимді есеп жібере аласыз.

Біздің бұл есептерді тәулік бойы және демалыссыз бүкіл әлем бойынша 50-ден аса тілде қарап отыратын командамыз бар, біз қорлайтын немесе қорқытатын хабарламалардың барлығын алып тастаймыз. Бұл хабарламаар әрқашан да анонимді.

Facebook желісінде біздің қудалаудың мән-жайын түсінуге немесе егер сіз басқа адамның қудалауға ұшырағанын көрсеңіз - не істеу керектігін түсінуге көмектесетін жетекшілігіміз бар.

Instagram желісінде де интернетте қудалау мәселелері бойынша ата-аналар, қамқоршылар және беделді ересек адамдар үшін ұсынымдар берілген біздің ата-аналарға арналған жетекшілігіміз және біздің қауіпсіздік құралдарымыз туралы білуіңізге болатын арнайы орталығымыз бар.

Twitter:

Егер сіз интернетте қудалауға ұшырадым деп ойласаңыз, ең маңыздысы – өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету. Уайымыңыз туралы әңгімелесетін адамның бар болғаны өте маңызды Ол мұғалім, өзіңіз сенетін басқа ересек адам, ата-анаңыз болуы мүмкін. Сіз немесе сіздің досыңыз интернетте қудалауға ұшыраған жағдайда не істеу керектігі туралы өз ата-анаңызбен немесе достарыңызбен сөйлесіңіз. 

Біз адамдарды біздің қағидаларымызды бұзуы мүмкін адамдар туралы хабарлауға шақырамыз. Сіз бұны біздің анықтамалық орталығымыздағы қолдау көрсету парақтарында немесе «Твитте хабарлау» опциясын басып, Twitter-дегі хабарлау тетігінің көмегімен істей аласыз.

Cyberbullying
UNICEF

4. Мен интернетте қудаландым, бірақ мен бұл туралы өз ата-анама айтуға қорқамын. Мен олармен қалай сөйлесуіме болады?

ЮНИСЕФ:

Егер сіз онлайн қудалансаңыз, өзіңіз сенетін ересек адаммен немесе өзіңізді оның қасында қауіпсіз сезінетін басқа біреумен сөйлесу сіз жасауыңызға болатын ең маңызды алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Ата-анасымен әңгімелесу бәріне бірдей оңай емес. Бірақ сіз әңгімелесуге ықпал ете алатын бір нәрсе бар. Әңгімелесуге ата-анаңыз сізге бүкіл назарын бөле алатын өзіңіз білетін уақытты таңдаңыз. Проблеманың сіз үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіріңіз. Мынаны есте сақтаңыз: ата-анаңыз технологиялармен сіз сияқты деңгейде таныс болмауы мүмкін, сондықтан, бәлкім, оларға не болып жатқанын түсінуге көмектесу керек болады. Олар сізге тез арада жауап таба алмауы да мүмкін, бірақ олар, бәлкім, көмектескісі келеді және сіздер бірге шешім таба аласыздар. Екі адам қосылып ойластырған әлдеқайда артық! Егер сіз не істеу керектігіне қатысты әлі де сенімді болмасаңыз, өзіңіз сенетін басқа адамдармен сөйлесу мүмкіндігін қарастырыңыз. Көбінесе сізге қамқор және сізге көмектескісі келетін адамдар сіз ойлағаннан әлдеқайда көп!

Cyberbullying
UNICEF

5. Өз достарыма олардың интернетте қудаланғаны туралы айтуына, әсіресе олар бұл туралы айтқысы келмесе, қалай көмектесуіме болады?

ЮНИСЕФ:

Кез келген адам интернетте қудалаудың құрбаны болуы мүмкін. Егер сіз бұндай жағдайға сіздің таныстарыңыздың бірі ұшырағанын көрсеңіз, қолдау көрсетуді ұсынып көріңіз.

Досыңызды тыңдап шығу маңызды. Ол интернетте қудаланғаны туралы неліктен айтқысы келмейді? Ол өзін қалай сезінуде? Оның не туралы болса да ресми хабарлауға міндетті еместігін, бірақ өзіне көмектесе алатын біреумен сөйлескені маңызды екенін білдіріңіз, 

Досыңыз өзін әлсіз сезінуі мүмкін екенін есте сақтаңыз. Оған мейірімді болыңыз. Нені және кімге айтуға болатынын ойластыруға көмектесіңіз. Егер досыңыз қудалау туралы айту шешімін қабылдаса, онымен бірге баруды ұсыныңыз. Бәрінен маңыздысы – досыңыздың қасында екеніңізді және көмектескіңіз келетінін оның есіне салыңыз. 

Егер сіздің досыңыз оқиға туралы әлі де айтқысы келмейтін болса, оған бұл жағдайды еңсеруге көмектесе алатын беделді ересек адамды табуға көмектесіңіз. Белгілі бір жағдайларда интернетте қудалаудың салдары өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін есте сақтаңыз.

Әрекетсіздік адамды жұрттың барлығы өзіне қарсы немесе ешкімнің онымен жұмысы жоқ сезінуіне әкелуі мүмкін.  Сіздің сөздеріңіз бұл жағдайды өзгерте алады.

Кез келген адам интернетте қудалаудың құрбаны болуы мүмкін.

Facebook/Instagram:

Өзіңізді жәбірлеген адам туралы айту қиын болуы мүмкін екенін біз білеміз. Бірақ кімді де болмасын қудалауға жол берілмеуі тиіс.

Facebook немесе Instagram желілерінде контент туралы айту біздің платформаларымызда сіздің қауіпсіздігіңізді жақсырақ қамтамасыз етуімізге бізге көмектесе алады. Қудалау мен қуғындау өте жеке сипатқа ие, сондықтан көп жағдайларда біз жәбірлеушіні сәйкестендірмес бұрын немесе есептік жазбаны бұғаттамас бұрын, бізге мұндай әрекет туралы адамның өзі хабарлағаны керек.

Интернетте қудалау туралы хабарлама Facebook немесе Instagram желілерінде әрқашан да анонимді және сіздің мұндай әрекет туралы хабарлағаныңызды ешкім ешқашан біле алмайды.

Сіз өзіңіздің қандай жағдайға кезіккеніңіз туралы хабарлауызға болады, бірақ егер қосымшада тікелей қолжетімді құралдарды пайдалансаңыз, достарыңыздың бірі тап болған қандай да бір жағдай туралы да хабарлай аласыз. Қандай да бір жағдай туралы қалай хабарлау керектігі туралы ақпарат  Instagram-ның анықтамалық орталығында немесе  Facebook-тың анықтамалық орталығында келтірілген.

Сіз сол сияқты досыңызға Instagram-дағы Restrict («Шектеу») атты құрал туралы айтып беруіңізге болады, біреуді бұғаттау басқа адамдарға дөрекі көрінуі мүмкін, ал бұл құралдың көмегімен сіз өзіңіздің есептік жазбаңызды ешкімді бұғаттамай-ақ қорғай аласыз.

Twitter:

Біз сырттан бақылаушылардың хабарламасы сияқты мүмкіндікті қостық, бұл сіз оқиға туралы басқа адамның атынан хабарлай аласыз дегенді білдіреді. Енді мұны жеке ақпарат туралы және бөгде біреудің атын иемдену туралы хабарламалар үшін де қолдануға болады.

Cyberbullying
UNICEF

6. Интернетте қудалануды интернетке қолжетімділікті жоғалтпай отырып қалай тоқтатуға болады?

ЮНИСЕФ:

Интернетке қолжетімділік көп артықшылықтар береді. Алайда, өмірдегі көптеген нәрселер сияқты, бұл да тәуекелдермен байланысты, сіз олардан қорғануыңыз керек. Егер сіз онлайн қудалауға ұшыраған болсаңыз, қалпыңызға келу үшін өзіңізге уақыт беру үшін, сіз белгілі бір қолданбаларды алып тастауыңызға немесе біршама уақыт автономды режимде қалуыңызға болады. Бірақ интернеттен шығып кету ұзақмерзімді шешім болып табылмайды. Сіз еш жамандық істеген жоқсыз, ендеше сіз неліктен қолайсыз жағдайда болуыңыз тиіс? Бұл сізді жәбірлеушілер үшін бұрыс белгі ретінде  болып, оларды жол берілмеуі тиіс әрекетке ынталандыруы мүмкін.

Біздің бәріміз интернетте қудалауды тоқтатқымыз келеді және бұл интернетте қудалау туралы хабарлаудың неліктен соншалықты маңызды екендігінің себептерінің бірі. Алайда өзіміз көргіміз келетін интернетті құру үшін қудалауды хабарлау ғана керек болып қоймайды. Біз өзіміздің бөлісетіндеріміз немесе айтатындарымыз басқа адамдарды ренжітетіні-ренжітпейтіні туралы ойлануымыз керек. Біз интернетте және шынайы өмірде бір-бірімізге мейірімді болуымыз керек. Бәрі де дәл бізге байланысты!

Біз өзіміздің бөлісетіндеріміз немесе айтатындарымыз басқа адамдарды ренжітетіні-ренжітпейтіні туралы ойлануымыз керек.

Facebook/Instagram:

Instagram мен Facebook өз пікірін білдіру үшін қауіпсіз және позитивті кеңістік болып қалғаны біз үшін маңызды: адамдар өздерін қауіпсіздікте сезінген жағдайда ғана олардың бір нәрселер жөнінде бір-бірімен бөлісе алуына ыңғайлы болады. Алайда біз интернетте қудалау кедергі келтіруі және теріс тәжірибе қалыптастыруы мүмкін екенін білеміз. Осы себепті де Instagram мен Facebook-та біз интернетте қудалаумен күресуге тырысамыз.

Біз мұны негізгі екі тәсілдің көмегімен істейміз. Біріншіден, адамдар қудалауға кезігетін жағдайлардан аулақ болуға мүмкіндік беретін технологиялардың көмегімен. Мысалы, адамдарды қорлау немесе олардың көңіліне қаяу түсіруді мақсат ететін келемеж комментарийлерді автоматты түрде сүзгілеу және жасыру үшін жасанды интеллект технологиясы пайдаланылатын баптауды қосуға  болады.

Екіншіден, біз адамдардың Instagram мен Facebook-та өз тәжірибесін қалыптастыруы үшін құралдар беріп, позитивті әрекет етуді және өзара әрекеттесуді ынталандырамыз. Restrict  сіз өзіңіздің есептік жазбаңызды қорғай алуыңызға және сонымен бірге жәбірлеушіні қадағалауыңызды жалғастыруыңызға арналған құралдардың бірі болып табылады.

Twitter:

Twitter-де миллиондаған адам өз ойымен бөлісетіндіктен, келіспеушіліктер болатыны таңданарлық емес. Бұл артықшылықтардың бірі болып табылады, өйткені құрметімізді білдіре отырып, келіспеу мен пікірталас тәжірибесі арқылы біздің барлығымыз бір нәрселерді үйрене аламыз.

Бірақ кейде, сіз қайсыбір адамның көзқарасы туралы бірқатар уақыт бойы тыңдағаннан кейін, сіздің бұдан былай бұл адаммен байланыста болмауды қалауыңыз мүмкін. Мұндай адамдардың өзін танытуға құқығы сіз оларды тыңдауға міндеттісіз дегенді білдірмейді. 

Cyberbullying
UNICEF

7. Әлеуметтік желілерде айлы-шарғы жасау үшін немесе мені қорлау үшін менің жеке ақпаратымды пайдалануды қалай болдырмау керек?

ЮНИСЕФ:

Интернетте бір нәрсе жариялар алдында немесе онымен бөліспес бұрын, жақсылап ойанып алыңыз: бұл интернетте мәңгіге қалуы мүмкін және сізге зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін. Сіздің мекенжайыңыз, телефоныңыздың нөмірі немесе мектебіңіздің нөмірі сияқты жеке деректерді хабарламаңыз.

Әлеуметтік желілер үшін өзіңіз жақсы көретін қолданбалардың құпиялылық баптаулары туралы біліңіз. Мұндай қолданбалардың көпшілігінде сіз:

  • Өз есептік жазбаңыздың құпиялылық баптауын өзгертіп, сіздің бейініңізді кім көре алатынын, сізге тікелей хабарлама жібере алатынын немесе сіздің постыларыңызға комментарий жасай алатынын шеше аласыз.
  • Сіз қорлайтын комментарийлер, хабарламалар және фотосуреттер туралы хабарлай аласыз және оларды жоюды талап ете аласыз.
  • Достарыңыздан тізімінен алып тастаудан басқа, сіздің бейініңізді көрмеуі үшін және сізбен байланыса алмауы үшін сіз адамдарды толық бұғаттауыңызға болады.
  • Сіз сонымен қатар белгілі бір адамдардың комментарийлерін олардың тек өздеріне ғана көрінуі үшін жасырып, мұндай адамдарды толық бұғаттамауыңызға болады.
  • Сіз өз бейініңіздегі постыларды жоя аласыз немесе белгілі бір адамдардан жасыра аласыз.

Сіз жақсы көретін әлеуметтік платформалардың көбінде адамдар оларды сіздің бұғаттағаныңызды, сіздің бейініңізге қолжетімділігін шектегеніңізді немесе олардың әрекеттері туралы хабарлағаныңызды біле алмайды.

Cyberbullying
UNICEF

8. Интернетте қудалау үшін жаза бар ма?

ЮНИСЕФ:

Мектептердің көбі қудалауға зор жауапкершілікпен қарайды және онымен күресу үшін шаралар қабылдайды. Егер сіз  басқа оқушылар тарапынан интернетте қудалауға ұшырасаңыз, бұл туралы өз мектебіңізге хабарлаңыз.

Қудалау мен интернетте қудалауды қоса, кез келген зорлық-зомбылық түрлерінің құрбаны болып табылатын адамдардың әділ сотқа және жәбірлеушіні жауапкершілікке тартуға құқығы бар. 

Қудалауға, әсіресе интернетте қудалауға қарсы заңдар салыстырмалы түрде жаңа заңдар болып табылады және барлық жерге тарап үлгермеген. Міне осы себептен де интернетте қудалау үшін көптеген елдер қудалауға қарсы заңдар сияқты басқа тиісті заңдарға сенім артады.

Интернетте қудалау туралы арнайы заңдар қолданылатын елдерде интернеттегі қасақана елеулі эмоциялық күйзелістер тудыратын әрекеттер қылмыстық әрекет ретінде қаралады. Бұл елдердің кейбірінде интернетте қудалау құрбандары қорғау сұрап жүгіне алады, көрсетілген адамның өзімен байланыста болуына тыйым сала алады және бұл адам интернетте қудалау үшін қолданатын электрондық құрылғылардың пайдаланылуын уақытша немесе біржола шектей алады. 

Дегенмен де, жазалау жәбірлеушілердің әрекетін өзгертудің әрқашан анағұрлым тиімді тәсілі бола бермейтінін есте сақтаған маңызды. Көбіне келтірілген зиянды жойып, қарым-қатынасты дұрыстаруға көңіл қойған жақсырақ.

Facebook/Instagram:

Facebook-та қоғамдастық стандарттарының жинағы бар, Instagram-да қоғамдастық қағидаттары бар, біздің қоғамдастығымыздан соларды ұстануды сұраймыз. Бұл қағидаларды бұзатын контент табылған жағдайда, мысалы, қудалау немесе қуғындау жағдайында, біз оны алып тастаймыз.

Егер сіз контенттің алынып тасталғаны дұрыс емес деп санасаңыз, біз апелляцияны да шешеміз. Instagram-да сіз контенттің немесе есептік жазбаның алынуына қатысты біздің анықтамалық орталық арқылы апелляция бере аласыз. Facebook-те сіз сонымен қатар осы процестен  анықтамалық орталық арқылы те аласыз.

Twitter:

Біз барлық адамдар өзара еркін және қауіпсіз қарым-қатынас жасай алуын қамтамасыз ету үшін біздің қағидаларымыздың сақталуын қатаң қадағалап отырамыз. Нақты айтатын болсақ, бұл қағидалар мына тақырыптарды қоса, бірқатар салаларды қамтиды:

  • зорлық-зомбылық
  • балаларды сексуалды пайдалану
  • қатыгездік/қудалау
  • өшпенділік тұтандыратын әрекет
  • өз-өзін өлтіру немесе дене мүшесін зақымдаушылық
  • шетін сипаттағы материалдар, соның ішінде зорлық-зомбылықтың кескінделуі мен ересектерге арналған материалдар

Контент қағидаларды бұзған жағдайларда, біз осы қағидалар шеңберінде әртүрлі мәжбүрлеу шараларын қабылдаймыз. Егер біз мәжбүрлеу шараларын қабылдасақ, онда біз мұны контенттің белгілі бір фрагментіне (мысалы, жекелеген твитке немесе жеке хабарға) қатысты немесе есептік жазбаға қатысты істей аламыз.

Біздің мәжбүрлеу шараларымыз туралы анағұрлым толық ақпаратты мына сілтеме бойынша қараңыздар.

Cyberbullying
UNICEF

9. Интернетте қудалаумен және қуғынға ұшыратумен интернет-компаниялардың ісі жоқ сияқты әсер туады. Оларға қандай да бір жауапкершілік жүктелген бе?

ЮНИСЕФ:

Интернет-компаниялар интернетте қудалау проблемасына барған сайын жиі назар аударуда. Олардың көбі бұл проблеманы шешудің тәсілдерін ұсынуда және жаңа құралдардың, жетекшіліктің және интернеттегі қатыгездік туралы хабарлау тәсілдерінің көмегімен  өз пайдаланушыларын жақсырақ қорғайды. 

Алайда бұдан да көбірек шаралар керек екені дұрыс. Көптеген жастар интернетте қудалауға күн сайын кезігеді. Нәтижесінде олардың кейбірі тіпті өзіне қол жұмсауға барады.

Технологиялық компаниялар өз пайдаланушыларын әсіресе балалар мен жастарды қорғау үшін жауапкершілік алады.

Егер олар бұл міндеттемелерді орындамаса, біздің барлығымыз оларды жауапқа тартуға тиіспіз.

Cyberbullying
UNICEF

10. Қудалаудан балалар мен жастарды қорғау үшін қандай да бір онлайн-құралдар бар ма?

ЮНИСЕФ:

Әрбір әлеуметтік платформа сіздің постыларыңызға кім комментарий қалдыра алатынын немесе оларды қарай алатынын немесе сізбен автоматты түрде дос ретінде қарым-қатынас жасай алатынын, сонымен қатар қудалау жағдайлары туралы хабарлай алатынын шектеуіңізге мүмкіндік беретін әртүрлі құралдар ұсынады (төмендегі қолжетімді құралдар тізбесін қараңыз). Олардың көбіне пайдаланушыны бұғаттауға, оны еленбейтін пайдаланушылар тізіміне қосуға немесе интернетте қудалау туралы хабарлауға арналған қарапайым қадамдар кіреді. Біз сізге оларды зерделеп шығуды ұсынамыз.

Әлеуметтік желілерде сонымен қатар балаларға, ата-аналар мен мұғалімдерге арналған білім беру құралдары да ұсынылады, олардан интернетте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тәуекелдері мен тәсілдері туралы білуге болады.

Бұдан басқа, интернетте қудалаудан қорғаудағы алдыңғы шеп сіздің өзіңіз бола аласыз. Сіздің ортаңызда интернетте қудалау қайта орын алуы мүмкін екені туралы, сондай-ақ сіздің, мысалы, бұл проблема туралы айтып, жәбірлеушілер туралы хабарлап, өзіңіз сенетін ересектерге жүгініп немесе бұл мәселе бойынша хабардарлығыңызды арттырып көмектесе алатыныңыз туралы ойлаңыз. Тіпті қарапайым мейірімділік ишарасының өзі маңызды рөл атқара алады.

Егер сізді өз қауіпсіздігіңіз немесе сіз интернетке ұшыраған жағдай алаңдатса,  бұл жөнінде дереу өзіңіз сенетін ересек адаммен сөйлесіңіз. Көптеген елдерде арнайы «сенім телефоны» бар, ол арқылы тегін қоңырау шалып, анонимді түрде сөйлесуге болады. Өз еліңізде көмек алу үшін Балаларға көмек көрсету халықаралық желісіне өтіңіз.

Интернетте қудалаудан қорғаудағы алдыңғы шеп сіздің өзіңіз бола аласыз.

Facebook/Instagram:

Бізде жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесе алатын бірқатар құралдар бар:

  • Сіз жәбірлеушіден келген барлық хабарламаларды елемеуіңізге болады немесе сіздің есептік жазбаңызды жасырын қорғау үшін бұл адамға хабарламай-ақ Restrict («Шектеу») құралыңызды пайдалана аласыз.
  • Сіз өзіңіздің постыларыңызға қалдырылған комментарийлерді реттеп отыра аласыз.
  • Сіз жазылған адамдар ғана сізге жеке хабарлама жібере алатындай етіп баптауларды өзгерте аласыз.
  • Егер сіз рұқсат етілгеннің шегінен шығатын бір нәрсе жариялайын деп жатсаңыз, жарияланатын ақпаратты сіздің тағы бір рет  қайтадан қарап шығуығызға түрткі болу үшін Instagram-да біз сізге  хабарлама жібереміз.

Өзіңізді және басқаларды интернетте қудалаудан қалай қорғау керектігі туралы қосымша кеңестер біздің Facebook немесе Instagram-дағы ресурстарымызда берілген.

Twitter:

Егер Twitter-де адамдар сіздің ашуыңызды келтірсе немесе негатив тудырса, бізде сізге көмектесе алатын құралдар бар,  келесі тізбе оларды баптау жөніндегі нұсқаулықтармен байланысты.

  • Mute («Елемеу») – сіздің таспаңыздан есептік жазбаның твиттерін жазылымды жоймай немесе осы есептік жазбаны бұғаттамай алып тастау.
  • Block («Бұғаттау») – белгілі бір есептік жазбалары бар пайдаланушыларға сізбен байланысуға, сіздің твиттеріңізді қарауға және сізге жазылуға тыйым салу.
  • Report («Хабарлау») – қорлайтын әрекет туралы хабарлау.