Гипербелсенділік пен зейін жетіспеушілігінің белгісі (ГЗЖБ)
ГЗЖБ ерекшеліктері, диагностикасы, себептері мен емі.

- Қол жетімді:
- русский
- Қазақша
Көп жағдайда ата-аналар баласының бір жерде отырмай, көп қозғалып, асығып-үсігіп жүретіндігін, айналып жүретіндігін және басқа балалар мен ересектерге кедергі келтіре отырып, қатты сөйлейтіндігін көріп жатады. Бұндай балалар өз қозғалыстарында икемсіз болады және қозғалыс координациясы мен бұлшықеттік бақылау әлсіз болғандықтан барлығын түсіріп, сындырып, жиі сүрініп, құлай беретін болады. Бұндай балалар әдетте бір нәрсеге ойларын жинақтай алмайды, не болса соған алаңдап, сұрақты өте көп қойып, жауабын тыңдамастан, кейіннен тағы да тез жалығатын басқа істерді бастап кетеді.. Осылардың барлығы қысқа уақыт аралығында болып жатады. Кейде осындай баланың энергиясы бірнеше адамға жететін секілді көрінеді. Сондықтан оларды гипербелсенді деп атайды.
Гипербелсенділік пен зейін жетіспеушілігінің белгісі
Ата-аналар баласының аса жоғары белсенділігінің бірінші белгілеріне сәби кезінен-ақ ұшырасуы мүмкін. Әрине, энергиясы шамадан тыс асып , желігіп тұрған кез-келген баланы жүйке жүйесінің бұзушылығы бар немесе ауруы бар балалар санатына жатқызуға болмайды. Егер балалар кей-кейде қырсығып немесе айтқанды істемей жатса – бұл бірқалыпты жағдай. Мысалы, ұйықтайтын уақыт болғанда балалар төсек үстінде жүгіріп, ұйқыдан ерте тұрып алса немесе дүкенде наз көрсетіп, жүріп алса бәрі нормаға сәйкес жайт. Алайда ата-аналар осы жағдайды өз бетінше жоя алмай, бала ашулы және импульсивті халде қала берсе, онда мамандарға жүгіну қажет болады.
ГЗЖБ көптеген балаларда кездеседі (әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша шамамен осы белгіден сәбилердің 10 % зардап шегеді) және бұл белгі олардың әлеуметтік бейімделуіне кедергі етеді . Осы белгі қыздарға қарағанда ұлдарда 4-5 есеге жиі кездеседі.
ГЗЖБ бастапқы пайда болуын кейде бала өмірінің бірінші жылында-ақ байқауға болады. Бұндай балалар әр түрлі қоздырғыштарға (мысалы, жасанды жарыққа, дыбыстарға, баланың күтіміне байланысты анасының әр түрлі әрекеттеріне т.с.с) аса сезімтал болады, олар қатты жылаумен, ұйқысының жиі бұзылуымен (әрең ұйықтайды, аз ұйықтайды, сергектігі басым) айрықшаланады, қимыл-қозғалыстық әрекеттерінде аздап қалыс қалушылық байқалуы, (1-2 ай кейін аунап, еңбектеп, жүре бастауы мүмкін), сондай-ақ кеш сөйлеуі мүмкін, олар инертті, пассивті және айтарлықтай эмоционалды болмайды.
Сәбидің бірінші жылында ата-аналар үшін баланың аса көп қозғалуы, олардың бейберекеттігі (қозғалыстық тынышсыздығы) уайым болады. Осындай балаларды бақылаған кезде дәрігерлер олардың сөйлеу мәнерінің дамуында кідірісті байқайды (балалар кеш сөйлай бастайды) , балаларда моторлық икемсіздік (ебедейсіздік) байқалады және олар күрделі қозғалыстарды (секіруді) кеш жасайды.
Бір қалыпты даму жағдайында үш жас - бала үшін ерекше жас болып табылады. Бір жағынан осы жаста баланың зейінділігі мен есте сақтау қабілеті қарқынды дамыса, , екінші жағынан дамудың бірінші дағдарысы байқалады. Осы кезеңдегі негізгі проблемалар баланың өз -өзімен және белсенді болғаннан басқа теріс қылықтың (негативизм), қырсықтық пен асаулықтың артуы болады. Осы жаста бала жеке адам ретінде өзінің ықпал ету шекарасын белсенді түрде қорғап, өзінің «Менін» көрсетеді.
Сондықтан 3-4 жастағы балалардың ата-аналары бұндай мінез-қылықты бірқалыптыға жатқызып, дәрігерге көрінбей жүре береді де кейіннен бала-бақшаға барған кезде тәрбиеші баланың тәрбиеге бағынбайтынын айтқан кезде немесе мұғалімі баланың гипербелсенділігіне және сабақ кезінде бір жерде тыныш отырып, тапсырманы орындай алмайтынына шағымданған кезде олар үшін қолайсыз жайт болады. Осы барлық «күтпеген» мінез-құлықтар гипербелсенді баланың жүйке жүйесіне түскен физикалық және психикалық жүктемелердің ауыр болуына байланысты және оның өзіне қойылған жаңа талаптарды еңсере алмауына байланысты орын алып жатады.
Бұндай бала кейіннен өз қылықтарының неге апаратынын білгісі келмей, жасөспірім кезінде кейде агрессиямен ұштасатын импульсивтілігімен қоғамға қайшы келетін қылықтарды көрсетіп, беделді адамдарды мойындамайтын болады.
Қандай жаста болмасын өз балаларынан осындай бұзушылықтарды байқаған ата-аналар баланы невропатологке немесе психиатрға апарып , тексертіп алуы тиіс. Себебі, кейде ГЗЖБ бетпердесінің астында одан да күрделі басқа аурулар жасырынып жатуы мүмкін.
ГЗЖБ диагностикалау
Бар белгілерге қарай осы диагноздың үш нұсқасы айқындалған
- Зейіннің жетіспеушілігісіз гипербелсенділік.
- Гипербелсенділіксіз зейін жетіспеушілігі (бұл көбіне қыздарда байқалады, олар байсалды, тыныш, қияли болады).
- Гипербелсенділік пен зейіннің жетіспеушілігі
Бұдан басқа бұл диагноздың қарапайым және күрделі түрі болады. Егер осы белгі бірінші жағдайда тек зейінсіздікпен және гипербелсенділікпен сипатталса, екінші жағдайда осы белгіге бас аурулары, дене тартулары, кекештену, ұйқының бұзылуы секілді қолайсыз бұзушылықтар қосылады.
Зейіннің жетіспеушілігі бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да туу кезіндегі зақымдаулар мен ЦНС инфекциялық зақымдаулары секілді басқа аурулар нәтижесінде туындауы мүмкін.
Мінез-құлықтың ерекшеліктері
Баланың еті тірі, қозғалып қалған, белсенді болса несі бар ? Оның үстіне ол кішкентай болғанына қарамастан компьютерді әжесінен бұрын жақсы меңгеріп, күрделі ойыншықты қозғалысқа келтіре алды деп ақталуымыз мүмкін. Оның қажеті болмайды, себебі, дәрігерлер баланың дамуына кідіріс бар деген жоқ. Алайда оның тынышсыздығы, баймаздығы, жүгірісі, жыбырлақтығы, шыдамсыздығы, түсініксіз жауаптары кез-келген адамның ашуына тиюі мүмкін.
Кез-келген ширақ баланы гипербелсенділер қатарына жатқызуға асықпаңыз. Егер балаңыздың энергиясы шегінен асып, бойына сыймайтындай көп болып, кейде қырсығып жатса немесе тіл алмай жатса бұл гипербелсенділікті білдірмейді. Егер сіз ұзақ уақыт құрбыларыңызбен сөйлесіп , ол ашуға салып, тыныш тұра алмаса немесе тыныш отыра алмаса – бұл да қалыпты жағдай. Сонымен бірге бұндай балаларды ұзақ сапарлар, көшіп-қонулар, мерекелер , қонақтар мен басқа да «ісшаралар» қатты шаршатуы мүмкін.
ГЗЖБ пайда болуы
-
Зейінсіздік:
- Бұндай бала кез-келген тапсырманы (мектепте, балабақшада) орындау кезінде өзі қателіктер жіберіп алған жерге зейінін салуға қабілетті болмайды;
-
өзіне айтылған сөзді тыңдамайды және басқалардың сөздері мен ескертулерін мүлдем елемейтін секілді әсер береді;
-
бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізбейді және өзіне ұнамаған жұмысқа наразылығын осылай білдіретін болады, сондай-ақ, ол жұмыс ережелерін біліп, оларды ұстануға тырыспайды
-
өз қызметін ұйымдастыру кезінде үлкен қиындықтарды сезінеді;
-
ұзақ күрделі ақыл жұмысын қажет ететін тапсырмалардан барынша аулақ болуға тырысады;
-
мектепте және үйде қажет болатын заттарын жиі жоғалтады: анасы алдын-ала барлығын жинап, салып берген болса да балабақшада қалпағын, сыныпта қаламын немесе күнделігін таба алмай жүреді.
-
сыртқы ынталандырмаларға оңай алаңдап кетеді;
-
үнемі бірдеңені ұмытып жүреді.
-
Гипербелсенділік:
- бала тынышсыз, мазасыз, себепсіз қолды, аяқты көп сермей береді, орындықта шайқалақтайды, үнемі артына қарай береді;
- орнында ұзақ отыра алмайды, рұқсатсыз ұшып тұрады, сыныпта ерсілі-қарсылы жөнсіз жүре береді және т. б.;
- бұндай баланың әдетте қозғалу белсенділігі белгілі бір мақсатқа ие болмайды. Ол жай ғана жүгіріп, айналып, көтеріліп, кейде қауіпті болатынына қарамастан бір жерге мініп алуға тырысады.
- тыныш ойындарды ойнай алмайды, демалып, тыныш отыра алмайды, белгілі бір нәрсемен айналыса алмайды;
- көп сөйлейді.
-
Импульсивтілік:
- бала көбінесе сұрақтарға ойланып алмастан және соңына дейін тыңдап алмастан жауап береді, кейде жауабын айқайлап айтады;
- жағдай мен ситуацияға қарамастан, өз кезегін әрең күтеді;
- әдетте басқаларға кедергі келтіріп, әңгімелерге, ойындарға араласып кетеді, басқаларға жабысады;
- шыдамсыздық танытып, өз қалауының дереу қанағаттандырылуын талап етеді.
- кейде басқа да қосымша белгілері болады:
- нәзік қимыл-қозғалыстардың (бауларды байлау, қайшыларды пайдалану, бояу, жазу, сурет салу) бұзылуы;
- тепе-теңдіктің бұзылуы (балалар велосипед пен коньки тебуді әрең үйренеді);
- көру-кеңістікті үйлестіру қабілетінің бұзылуы (спорттық ойындарға, әсіресе допқа қабілетсіздік);
- құрдастармен және ересектермен қарым – қатынас кезіндегі қиындықтары- баланың гипербелсенді мінез-құлықтары ата-аналар мен мұғалімдерінің ашуын тудырып, соңында бала қатты болып, айтқанға бағынбайтын жағдайға алып келетін қоршаған ортаның қабылдамау жағдайына ұшырауы мүмкін.
ГЗЖБ пайда болу себептері
ГЗЖБ пайда болуында генетикалық механизмдер маңызды рөл ойнайды. Егер осындай баланың отбасында балалық шақта осындай проблемаларды бастан өткерген жақын туыстары болса, гипербелсенділіктің даму қаупі шамамен 30% құрайды.
ГЗЖБ пайда болуына алып келетін жағдайлардың жартысының жуығында жүктілік пен босану кезінде болған келесідегідей қолайсыз факторлар жетекші рөл ойнайды:
- ұрықішілік гипоксия (оттегінің жетіспеушілігі); түсік түсіру қаупі; жүктілік кезінде ананың темекі шегуі және дұрыс тамақтанбауы;
- жүктілік кезіндегі стресс;
- баланың шала болып туылуы (баланың салмағы 2500 г-дан төмен болып туылғанда);
- мерзімінен бұрын туу немесе ұзақ уақытқа созылған босану, туу белсенділігін қолдан ынталандыру.
Отбасыда жиі болатын шиеленістер мен қақтығыстар, шыдамсыздық пен шамадан тыс қатаңдықтар баланың осы ауруының дамуына өз үлесін қосады.
Тәрбиедегі қателіктер:
- Тәрбиелеу тәсілдерінің әр түрлі болуы (аталар мен әжелердің, әкелер мен аналардың, тәрбиешілер мен мұғалімдердің тәрбиелеу тәсілдерінің әр түрлі болуы).
- Балаға қойылатын талаптардың тиянақсыздығы (ережелер үнемі өзгеріп отырады, бала оларға үйреніп үлгірмейді).
- Агрессияны басқару бойынша білім мен дағдылардың болмауы және оларды балаларға үйрете алмау.
- Эмоционалды жылудың болмауы: гипербелсенді бала тіпті ең жақын адамдарының өзін жиі шаршатып, қатты ашуландырады.
Емдеу және түзеу қағидаттары
ГЗЖБ-ін емдеу жан-жақты болуы керек, яғни оған медициналық терапия да, психологиялық түзету де кіруі тиіс. Ең дұрысы, бала дәрігердің және психологтың бақылауында болып, ата-аналардың қолдауын сезінуі және олардың емінің оң нәтиже беретініне сенуі тиіс. Бұл қолдау балада емдеу процесінде пайда болатын дағдыларды нығайтады.
Дәрі-дәрмектерді қатаң түрде дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау керек екенін есте ұстаған жөн.
-
Гипербелсенді балалардың психологиялық ерекшеліктері. Олар сөгіс пен жазаға қарсы болып, аздаған мақтауға үлкен мән беретін болады. Бұндай балаларға нұсқауларды анық, нақты етіп тұжырымдап, мейлінше қысқа етіп айту қажет (он сөзден артық болмауы керек), әйтпесе олар сізді тыңдамайтын болады. Ата-аналар оларға біруақытта бірнеше тапсырманы бермей, бір нұсқауларды жеке –жеке беруі тиіс.
-
Ата-аналар тамақтану, серуендеу, ойнау, үй жұмыстары, ұйықтау уақыты секілді күн тәртібінің сақталуын қадағалап, күн режимін нақты реттеуі керек.
-
Артық энергияны шығару үшін балаға жаттығу жасауға, ұзақ уақыт серуендеуге, жүгіруге мүмкіндік беріңіз.
-
Мінез-құлықты түзеу үшін баламен талқылай отырып, жақсы және жаман мінез-құлықты көтермелеу және жазалау жүйесін қолданыңыз; сонымен қатар балабақшада және үйде балаға ыңғайлы болатын жерге мінез-құлық ережелері жиынтығын орналастырып, содан соң баладан оны дауыстап айтып беруін сұраңыз. Бір нәрсеге тыйым салу кезінде тыйымдардың көп болмауы шарт. Тыйымдар баламен алдын-ала келісіліп, нақты түрде тұжырымдалуы керек және бала осы тыйымдардың бұзылу салдарын білуі керек. Жаза дұрыс емес мінез-құлық жасалғаннан кейін бірден, яғни, теріс қылық жасалғаннан кейін бірден қолданылуы керек, әйтпесе бала не үшін жазаланғанын түсінбей қалуы мүмкін.
-
Тапсырмаларды орындау кезінде балаға артық жұмыс беріп шаршатуға болмайды, себебі, онда гипербелсенділік күшейіп кетуі мүмкін. Көпшілік жиналатын іс-шараларға тез қозатын (тез ашуланатын) балалардың қатысуын болдырмау немесе шектеу қажет.
-
Бала ауырған кезде оны бағынбағаны үшін ұрысу пайдасыз ғана емес, сонымен қатар зиянды болады. Мұндай жағдайларда балаға тек қылықтары үшін оң баға, теріс баға (Мысалы, "Сен жақсы баласың, бірақ қазір сен мынаны дұрыс жасамадың, негізі былай әрекет етуің керек еді...")беріп, бағалауға болады.. Қандай жағдай болмасын, өз балаңызды төмен бағалап,оны басқа балалармен ("Леша жақсы, сен жамансың!» деген секілді) салыстырмаңыз.
-
Теледидар мен компьютерлік ойындарды көру және ойнау уақытын қысқарту ұсынылады. Гипербелсенді бала үшін теледидарды ұзақ қарау да және компьютерде ұзақ шұғылдану да шектеулер болуы тиіс (ол компьютерде неғұрлым көп уақыт өткізсе, оның эмоционалды қозуы соғұрлым жоғары болады және оны тыныштандыру соғұрлым қиын болады).
-
Жоғары талаптар мен шамадан тыс оқу жүктемелер баланың тұрақты шаршауына және онда оқуға деген жиіркеніштің пайда болуын алып келетінін есте ұстаған жөн. Сондықтан бұл балаларға топтағы, сыныптағы балалардың ең аз санымен, ең аз сабақ ұзақтығымен және т. б. оқу режимінің аялауыш тәсілін қолдану ұсынылады.
-
Бала үйге келгеннен кейін оған кем дегенде бір сағат назарыңызды салыңыз. Осы уақыт ішінде бала сізге күні бойы өзін не мазалағанын айтып береді. Ұйықтар алдында (2-3 сағат бұрын) баламен серуендеп, ақырын сөйлесу және оның әңгімесін тыңдау арқылы оның көңілін аулаңыз. Шамадан тыс стрессті жеңілдету үшін үнемі тыныштандыратын массажды немесе бойын босаңдататын жаттығуларды жасаңыз. Бұндай балалар әдетте қорқақтау болады. Сондықтан оларға сіздің қолдауыңыз бен мақұлдауыңыз үнемі қажет.
Кейбір балалардың гипербелсенділігі "артта қалып", жасөспірім шағында олардан осы белгілері жойылады. Бірақ ГЗЖБ -мен ауыратын балалардың жартысында осы белгі жасөспірім шағында да, ересек шағында да (әсіресе егер сіз оларды емдемесеңіз)көрініс табуы мүмкін.
Гипербелсенді бала балаларға арналған ойындардың мысалдары:
Зейінді дамытуға арналған қозғалмалы ойындар
"Алып слалом".
Орындықтардан жарысып жатқан командалар артқа қарай жүгіріп, жеңуі керек болатын слаломның екі параллелді "трассалары" жасалады,. Орындықтардың арасын аралап жүгіріп, олардың біреуіне соғып кеткен бала соқпай өту үшін қайтадан ойын алаңы басына оралады. Жеңіске трассадан қатесіз өткен команда жетеді.
"Көшбасшы ізінен қуу".
Жарыстың екі қатысушысы орындықтардан жасалған шеңбердің ар жағында тұрады. Олар шеңбер диаметрінің екі ұшында болады. Сөйтіп старт басталған кезде тізбекті ирек (жылан тәріздес) жүгіріспен алға қарай арқамен жүгіріп, қарсыласын қуып жетіп алуға тырысады. Жеңімпаз бес айналым жасағаннан кейін анықталады. Егер бұған дейін біреу орындыққа үш рет соғып кетсе, онда ол жеңілген болып саналады.
«Ырғақты есте сақтаңыз».
Жүргізуші қатысушылардың өзінің артынан шапалақпен жасалған ырғақты модельді қайталауын сұрайды. Естіген үлгіні есіне түсіре алмағандар үшін арасындағы сызықша-үзіктермен (мысалы, 1-1-3-4-2) шапалақтардың саны көрсетілетін сандық жазба түрінде бағдар беріледі. Тапсырманы жеңілдету үшін олардың көру бейнесіне сәйкес шапалақтардың санын дауыстап санау ұсынылады. Барлық ырғақты әуенді игергеннен кейін қатысушылар шеңберде тұрып, алдымен баяу қарқынмен, содан кейін жылдам қарқынмен ырғақты мелодияны ойнайды. Шапалақтың дыбысы бойынша жаңылған бала ойыннан шығады.
"Машинка".
Бұнда да алдындағы ойын сызбасы секілді әрқайсысы үшін шартты белгілер ойлап табылатын (екі "квадрат", екі "баян", бір "квадрат")және жүйелі қозғалыс топтарынан құралатын пантомимикалық модель игеріледі
"Көрінбейтін қалпақ".
3 секунд ішінде шляпаның астында жиналған барлық заттарды есте сақтап, содан соң оларды атау қажет.
"Доп шеңберде".
Шеңберде тұрған қатысушылар ниеттерін сөздерсіз білдіріп, бір-біріне 1, 2, 3 және одан да көп допты лақтырады. Лақтырылған допты қағып алмаған бала ойыннан шығады.
"Броун қозғалысы"
Жетекші шеңбердің ішінде тоқтамауы тиіс және шеңберден шығып кетпеуі тиіс бірнеше ондаған теннистік допты бірінен соң бірін домалатады.
"Допсыз волейбол".
6 адамнан құралатын екі команда ережеге сәйкес волейбол ойнап жатқандай көзқарастармен және тиісті қозғалыстармен алмасу арқылы допсыз волейболды ойнауға тиіс.
Шыдамдылыққа жаттықтыру
"Қосымша орындық".
Қандайда бір ойыннан шыққан бала ол аяқталғанға дейін орындықта отыруы керек. Егер ол орындықтан тұрса немесе бұрылса, бүкіл командаға айыппұл ұпайы салынады немесе жеңіліс есептеледі.
"Балауыз фигура"
Ойын аяқталғанға дейін әр қатысушы "мүсінші"қалдырған қалыпта қалуы керек.
"Тірі сурет".
Сюжеттік сахнаны бейнелей отырып, оның қатысушылары екінші адам оның кім екенін анықтамағанға дейін сол күйінде қатып тұрады.
"Автомобиль".
Балалар жүгізуші жинайтын автомобильдің бөлшектері ("дөңгелектер", "есіктер", "жүк салғыш", "капот" және т.б.) ретінде шығады.
"Теңіз толқып жатыр" және "Қозғалма, қозғал" секілді ойындар.
"Адалдық күші".
Команданың әр мүшесі кезек-кезек шамасы келгенше еденге кеудесімен түсіп, одан кеудесімен көтеріліп (отжимание) бірнеше рет, бірақ иіле жасамай, тапсырманы "адал"орындауы, яғни кеудесін еденге толық тигізіп, созылған қолдарына толық көтерілуі тиіс. Жаттығуды "адал"орындау қиындаған кезде ойыншыны командадағы серіктес ауыстырып, ал өзі саптың соңында кететін болады. Бірінші орынды жаттығуды (отжиманиені) 100 рет адал орындаған команда алады. Бұл ойынды пресс жасау арқылы да ұсынуға болады.
"Жеуге жарамсыз", "ақ түсті қара түспен киюге болмайды", "иә және жоқты айтуға болмайды" және импульсивті реакцияларды болдырмау үшін өзін-өзі бақылауды қажет ететін ұқсас ойындар.
"Үнсіз айтыңыз".
Ойын шарттары бойынша балалар бір-біріне кеңесті үнсіз айтуға тиіс. Кеңесті дауыстап айтып қойған командаға айыппұл салынады немесе бүкіл команда жазаланады.
"Ырғақты жалғастыр".
Шеңбердегі балалар көршісінен кейін бір рет шапалақпен жасалатын ырғақты үздіксіз жалғастыруға қатысады. Кешігіп жасаған, арадағы паузаны ұстамай кідіріссіз жасаған немесе артық жасаған шапалақ үшін қатысушы ойыннан шығады. .
"Тауға өрмелеп шығушы"
Қатысушылар бос қабырға бойына жармасып, оған бір уақытта кем дегенде екі аяқ және бір қолмен таянып тұруы керек. Бір уақытта бір аяқ пен қолды қозғаған немесе жылжытқан адам «құлаған» болып саналады және стартқа оралады. Қарсы бұрышқа бірінші жеткен команда жеңіске жеткен болып саналады.
*Бұл материал "3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жақсы ата-аналары болуға үйренеміз" деп аталатын оқу құралы негізінде дайындалды.