Кішкентай балалардың еркеліктері мен истерикасы

Еркеліктердің себептері және ата-аналарға арналған кеңестер

ЮНИСЕФ
Girl with mother
UNICEF/UN045725/Kim
13 Қазан 2020

Егер барлық кішкентай ұлдар мен қыздар әрқашан өздерін жақсы ұстап, тек ата-аналарының  рұқсат еткен нәрсесін орындайтын болса, қандай керемет болар еді! Ол кезде балаларды ешқашан ұрып, жазалаудың қажеті болмас еді. Өкінішке бұл мүмкін емес, мінсіз адам болмайды және бұл балаларға да қатысты.

Кейде балалар еденге құлап, айқайлап, жан-жағындағы адамдарды жұдырықтайтын эмоциялар тасқынын көрсетеді.  Балаларда болатын жаман көңіл-күй мен мінез-құлықтың пайда болу себептерін түсіну ата-аналарға жағымсыз эпизодтарды алдын-алу шараларын қабылдауға көмектеседі.

Балалардың жаман мінез-құлқының өршіп кетуі әдетте, олар шаршағанда, аш болғанда және бірдеңеден көңілі қалғанда  орын алады.

Көбінесе бұл мінез-құлық ересектердің қандай да бір тыйым салулары (қандай да бір затты алуға, шалшықта ойнауға рұқсат болмағанда) кезінде немесе ойыншықты, шоколадты сатып алудан бас тарту кезінде  жауап ретінде пайда болады

Кейде мұндай ыза құрдастарымен қақтығыстың салдары болуы мүмкін: мысалы, бір бала екінші баланың ойыншығын алып қойған кезде екінші бала осы ситуацияда не істейтінін білмей, үлкендердің назарын тарту және өзінің ренішін білдіру мақсатында осы қылықтарды көрсетуі мүмкін.

Психологтар мінез-құлықтың бұзылуы негізіндегі төрт маңызды себептерді анықтады:

1.      Бала өзіне назар аудартқысы келгенде;

2.      Ересектерге бағынғысы келмегенде;

3.      Ересектерге үстем болғысы келгенде;

4.      Өзін жақсы көрмегені және ренжіткені үшін ересектерден кек алғанда.

Ойыншықтар

Кейбір жағдайларда балалардың жаман мінез-құлқының өршуі дамудың физиологиялық және психологиялық нормалары болып табылады. Жаман мінез-құлық балалардың дамуының келесі кезеңдерінде пайда болатыны анықталды: екі-үш, бес жас, жеті-сегіз жас және жасөспірім кезеңінде. Бұл сыни кезеңде балалар өзінің дара екенін  мәлімдеуге ұмтылып, өзі және қоршаған орта арасындағы көзге көрінбейтін шекараны жасауға тырысады. Әдетте, олардың сыни жас кезеңдеріндегі сөйлеу қабілетінің дамуы олардың эмоционалды дамуына сәйкес келмейді. Бала өзінде болып жатқан өзгерістерді ауызша сипаттауға қабілеті жетпей, солайша өз сезімдері мен тілектерін білдіре алмайды. Бұдан басқа осы жас кезеңдерінде балалардың жүйке жүйесі сезімтал, осал болып, сондықтан  жаман мінез-құлыққа бейімделгіш болады.

"Не істеу керек?"- дерсіз сіз. Балаңыздың эмоцияларына көбірек назар аударуға тырысыңыз. Олардың пайда болу себептерін түсінуге, сондай-ақ, балаға әртүрлі эмоциялар және олардың қалай пайда болатындығы туралы айтып беруге тырысыңыз.

Егер истерика пайда болса, келесі тактика ұсынылады:

  1. Егер бала ересек адамның бас тартуына немесе тыйым салуына жауап ретінде истериканы көрсете бастаса, ата-аналарға өз шешімдерінен тайынудың қажеті жоқ және балаға "жоқ" деп нық айтқаны дұрыс (әрине, егер тыйым шынымен қажет болса) болады.

  2. Егер баланың өзі қолға сұранса, оның өтінішін орындау қажет, бірақ бұл сәтте оған ақыл айту ерте болады.

  3. Бала ашулы болып отырған кезде оны еденнен көтеріп алуға, күштеп қолға алуға тырыспаңыз.

  4. Истерика кезінде  баланы бір өзін қалдыруға болмайды. Бұл қауіпсіз емес.

  5. Алайда, ересек адам қатты ашуланып, өз әрекеттерін басқара алмаса, баладан аулақ болғаны дұрыс.

Ата-аналар ашулы тұрған кезде балаға айқайлайды немесе (соққы күшін есептемей) баланы қатты соққыға алып жатады. Кейіннен осы үшін кінәсін сезініп, өкініш білдіріп жатады. Сондықтан олар қате жасамас үшін балаларды тәртіпке шақырған кезде  алдымен өз эмоцияларын бақылауы тиіс.

Ашудың ең жоғары қарқыны кезінде бала ересектердің көндіруіне бой бермей, оларды естімеуі мүмкін, бірақ "эмоционалдық қызу" төмендеген кезде баланы басқа нәрсеге алдандырып, назарын қандай да бір әрекетке немесе затқа аудару қажет.

Енді ерке балаңызбен қатысу кезінде өз мінез-құлқыңыздың стилін қалай құруға болатындығы туралы бірнеше ұсыныстар.

  1. Мінез-құлқыңыз арқылы балаңызға дұрыс үлгі көрсетіңіз-эмоцияларыңызды ұстауға тырысыңыз себебі,  бала өз мінез-құлқын көрсету кезінде Сізге еліктейді;

  2. Балаға жеткілікті дәрежеде көңіл бөліңіз, ол өзін ешқашан ұмытылғандай сезінбесін, бірақ  сонымен бірге балаға басқа шаруалардың шығып қалуы мүмкін екенін  және оны түсіністікпен қабылдау керек екенін түсіндіріңіз;

  3. Соңғы амалдарға бармаңыз: Балаға ойына келген нәрсені жасауға жол бермеңіз , бірақ сонымен біруақытта бәріне тыйым салып тастамаңыз, өзіңіз үшін не мүмкін және не мүмкін емес екенін нақты шешіп, ол туралы отбасының барлық мүшелерімен келісіңіз;

  4. Есіңізде болсын, дұрыс эмоционалды даму және өзіне деген сенімділік үшін балаға ата-аналардың 8-10 мейірімді достық құшағы мен  күн сайын бірнеше мақұлдап қараған жылы шырайы қажет;

  5. Истерикалық шабуылдарды бала көбінесе өзіне назар аударту немесе аяушылық және жанашырлық сезімді ояту мақсатында жасайтынын түсініңіз. Баланы бетінен қақпай, бар өзіңіз қоятын  талаптарды өзгертіп өсіруге болмайды. Бала тынышталған кезде оған неге басқаша емес, неге  тура осылай жасау керек екенін түсіндіріңіз.

  6. Егер баланың барлық күш салуларға қарамастан истериялар жиі орын алатын болса маманға жүгініңіз.

*Бұл материал "3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жақсы ата-аналары болуға үйренеміз" деп аталатын  оқу құралы негізінде дайындалды.