Тәртіп немесе балаларды қалай тәрбиелеу керек

Тәртіп немесе балаларды қалай тәрбиелеу керек

UNICEF Kazakhstan
baby
UNICEF
12 Қазан 2020

Егер сіз "тәрбие" деген сөздің астарында балаға өз-өзіне көмектесуге септігін тигізу, басқалармен өмір сүруді және ойнауды үйрету, барлық жаңалықтарды абайлап зерделеуге, өз сезімдерін көтеруге, оның мүдделерін дамытуға көмектесуді тұспалдасаңыз, онда тәрбиелеу үлкен мәселе болып табылмайды.

Бұл тіптен оңай емес. Сиқырлы "дұрыс жол" жоқ. Балаңызды тәртіпке келтіретін немесе тәрбиелейтін әдістер отбасыңызды басқалардан өзгешелейтін сол барлық ерекшеліктерге байланысты. Тәртіп - бұл балаға сіз қалаған нәрселерді жасату дегенді білдірмейді. Сіз баланы "жақсы" болуға мәжбүрлей алмайсыз; әрине, кейбір балалар айғай мен шапалақтардан кейін қорыққанынан сізге ұнамайтын нәрсені жасауды доғарады.

Ата-аналары балаларына қарауға үнемі қолдары тимей өз істерімен ғана шұғылданса, ұрыс-керіс немесе қиын уақыттарды бастан кешкен кезде тілазар болады. Сондықтан да, әдетте балалар ата-аналардың мінез-құлқын қайталайтынын есте сақтау маңызды. Бұл жауапкершілікті барынша сезіне отырып өзіңізді қалай ұстайтындығыңызға назар аударыңыз, себебі балалар барлығын тез қабылдап, сіздің жүріс-тұрысыңызды қайталауға тырысады.
Келесі кеңестер сізге балаларды тәрбиелеу мәселелерінен хабардар болуға көмектеседі.

Жазалаудың орнына неғұрлым көбірек мақтаңыз

Кішкентай балалар мақтап-мадақтағанды жақсы көреді, оларға назар аударғанды ұнатады. Егер балалардың сізге ұнайтын мінез-құлықтарын ынталандырсаңыз, бала сізге жағу үшін одан да көп тырысатын болады. Ата-аналардың балаларын құшақтауы, қолпаштауы, күлімсіреп қарауы, не істеп жатқандарына қызығушылық білдіруі, бұның барлығы балаға ең үлкен марапат әрі ынталандыру болып табылады.

Баладан күтетін үміттеріңіз ақылға қонымды болсын

Жігерлі, өте ширақ балалар "ұстамды бол", "тыныш", "күте тұр" және т.б. сияқты сөздерді түсінбейді. Оларға сіз айтып отырған нәрсені ұғынуға уақыт беріңіз, өз мысалыңызбен оны қалай жасау керектігін көрсетіңіз және баламен бірге қажетті іс-шараларды жасай отырып жаңа білімді бекітіңіз және осылайша сіз балаға жаңа мінез-құлықты үйренуге көмектесесіз.

"Жоқ" сөзін ол шынымен қажет болған кезде пайдаланыңыз.

Сіздің рұқсат етілген мінез-құлықтың нақты шектерін белгілеуіңіз бала үшін қажет. Егер балаға барлық жасаған қылықтары үшін ештеңе болмаса, ол абдырап, аң-таң болып қалады, бірақ сіз ненін шынымен маңызды екенін шешуіңіз керек. Сіздің балаңыз егер ережелер көп болмаса, оларға  тез үйренеді.

Баламен келісуді үйреніңіз

Сіз баланы өзіңіз қалаған кезде тамақ ішуге, ұйықтауға және дәретханаға баруға мәжбүрлей алмайсыз. Жаңа қақтығыстарды тудыра бергеннен бала тарапынан сізді тыңдауға қол жеткізе алмайсыз. Балаларда қажетті мінез-құлықты қалыптастыру және баламен алдын ала келісе білу сізге жанжалдарды азайтуға және сіздің баламен қарым-қатынасыңызды реттеуге септігін тигізеді.

Баланың назарын жағымды нәрсеге ауыстыру үшін көңілін аулаңыз немесе өз айла-тәсілдеріңізді қолданып көріңіз

Әдетте кішкентай баланың назарын сіз ұнатпайтын нәрседен жағымды іс-әрекетке аудару оңай. Назарын басқа нәрсеге ауыстыру сіз "бас тартты" дегенді білдірмейді, бірақ оның таңғаларлық жағымды жағы да бар. Егер бала теледидардағы батырмаларымен ойнаса, оған ойын үшін ескі қалта шамды ұсыныңыз немесе теледидарды көрейін дегенде, баладан оны қосуды сұраңыз. Егер қыз бала косметикамен ойнағысы келсе, оған басқа сөмкеге салып, әртүрлі құтылар мен қорапшаларды беріңіз.

Маңызды нәрселерде табандылық таңытыңыз

Балаға ұрысып, оның мазасын алу сізге қажетті нәтиже бермейді. Кішкентай балалар "егер теледидарға тиісуді тоқтатпасаң, мен сені жазалаймын" деген сөздерді тұрақты түрде естіп тұрса, олар бұл сөзді елемеуге тез үйренеді, себебі олар үшін бұл сөздер іс жүзінде ештеңені білдірмейді. Сондықтан түсіндіруді, өз үлгіңізбен көрсетуді және келісуді үйрену, сондай-ақ өз шешімдерінде дәйекті және табанды болу маңызды.