Бала неге жылайды?

Баланың жылау себептері және ата-аналарға практикалық кеңестер

UNICEF Kazakhstan
crying baby
UNICEF
13 Қазан 2020

Жылау - бұл баланың ерекше тілі және ересек адамның оны түсінуі баламен болатын қарым-қатынасқа байланысты болады. Бір жастан бастап бала өзінің қажеттіліктерін жылаумен ғана емес, сөзбен де білдіре алады, дегенмен жылау сезімдерді білдірудің негізгі құралы, сондай-ақ, басқалармен байланыстың маңызды түрі болып қала береді.

Баланың көз жасы ата-аналарға оның аш екенін, шаршағанын, қандай да бір қолайсыздықты сезініп тұрғанын немесе ішінің ауырғанын білдіртуге мүмкіндік береді. Сондықтан  жылау арқылы болатын шақыруларға құлақ салып, оларды дұрыс түсіну  маңызды болады.

Төменде баланың  жылауының бірнеше мысалдары келтірілген.

Аш болғанда.

Бұл жаңа туған нәрестелердің кеңінен таралған жылауының түрі және бұл жағдайда оларды жұбату оңай. Арнайы зерттеулер  бала аш болғанда оның жылауын  тек тамақ, яғни сүт тоқтата алатынын көрсеткен. Балаға су немесе емізік берсеңіз, ол бір –екі секундке тоқтап,  содан соң қайтадан айқайлай бастайды.

Ауырғанда.

Баланың біржері ауырған кезде ол бірден, тіпті өмірінің алғашқы минуттарынан бастап жылай бастайды, бірақ тілі жоқ баланың ауырып тұрғаннан немесе басқа нәрседен жылап тұрғанын анықтау қиын болады. Мысалы, ол ересек адам  қолына алған кезде  жылауын тоқтатуы, бірақ ізінше кекіруі немесе іші желдетуі мүмкін. Сонда бұл жерде оның жанына батып тұрғаны ішінің желдетуі деп ойлайсыз. Себебі, баланы қолға алғаннан кейін  ішіндегі желі  сыртқа шықты емес пе. 

Жүйке жүйесін жеңілдету.

Кейде бала жаңбырдың еріксіз жаууы секілді іштегі нәрсесін сыртқа шығарып,  разряд алу және жүйке жүйесін жеңілдету үшін жылайды. Бала үшін аса қарқынды қоздырғыштар: кенеттен болған дыбыстар немесе аса қатты дыбыстар. Кенеттен жанған жарық, өткір және ащы дәм, салқын қолдың ұстауы,  лақтыру және қысу секілді факторлар  нәрестеге қатты әсер етіп, жылау ұстамасын тудыруы мүмкін. Жылау кезінде пайда болатын жеңілдік белгілі бір дәрежеде оның көңіл-күйінің жақсаруына алып келеді.

Ересек адамға баланың эмоционалдық және физикалық жағдайына назар аудару қажет. Бала ұйқысы келмей, өмірге риза болып, тоқ болып отырған кезде сізбен қуана ойнайды және егер керісінше ұйқысы келіп ашулы отырса болмаса аш болса сол ойын жылаудың себебі болады. Қатты шаршап және өзін нашар сезініп отырған баланы ойынға алдандырмай, сипалай отырып, өзіңе жақын ұстау керек немесе тербету керек , ал аш болса тамақтандыру керек.

Физикалық байланыстың болмауы.

Кейбір сәбилер өздерін  қолға алмағанға дейін айқайлайды. Ата-аналар ортасында сәбидің осындай мінез-құлқы көбіне  дұрыс түсіндірілмейді. Ата – аналар баланың бұндай қылығын бала бұндайды талап етпеуге тиіс, бұл балаға «мойынсұнудың» басы, мінез-құлқындағы (қыңырлық, есірітктік) бірқатар  проблемалардың батауы деп санайды. 

Ал шындығына келгенде бала өзін қолға алмағаны үшін емес, ата-аналарының өзімен физикалық байланыста болдырмай, керуетке жатқызып қойғаны үшін жылайды. Ал жаңа туған бала үшін ең табиғи нәрсе – ата-аналардың дене жылуын сезіну қажеттілігі болып табылады. Баланы қолыңызға алып, кеудеңізге басқан кезде ол бірден жылауын тоқтатады. Ал егер бала жақын алғаныңызға қарамастан жылай беретін болса, оны жүріп, көтеруге, жеңіл тербетуге, ақырындап тынышталдыруға тырысыңыз, сол кезде ол тынышталады.

Ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңестер:

  1. Аффект жағдайында жылап тұрған бала ескертулерді, бұйрықтарды түсініп болмайды, сондықтан оны тура сол сәтте тәрбиелеудің пайдасы жоқ.
  2. Жылап жатқан  баланы жазалауға болмайды, себебі, ол кейін неге жазаланғанын ұмытуы мүмкін , оның үстіне жылап тұрған бала жазадан кем болмайтын күйініш жағдайында болады.
  3. Еметін сәбиді түнімен ұйықтамағаны үшін немесе киіндіріп жатқан кезде айнала бергені үшн жазалауға болмайды, сәби өзінің не істеп жатқанын білетін немесе өзі мен жаза арасындағы байланысты анықтайтын жаста емес.
  4. Жылауды бірден тоқтатып тастауға асықпаңыз, баланың біршама уақыт жылап алғанынан қорықпаңыз (ол тіпте өкпеге пайдалы деп саналады) , бірақ даусын аңдып, даусынан жәй қырсықтықтан болмаса шын күйінуден жылап отырғанын ажыратып алуға тырысыңыз. Бұл ретте баланың керуетіне жақындамас бұрын есік жанында бес минуттай тұрып,  тыныш, жұмсақ дауысыңызбен бірдеңе айтыңыз және жылаудың тоқтауын күтіңіз.
  5. Егер сіз жылауға мүлдем мән бермейтін болсаңыз, онда сіз ересектердің жауап беру қабілетіне деген баланың  сенімділікке орны толмас зиян келтіресіз; жылауды тыныштықпен шешу керек, бұл тек сенімді байланыс пен жазасыз қарым-қатынасты орнату арқылы ғана мүмкін.
  6. Жылауды кейбір жағдайларда балалардың агрессиясын тоқтата отырып,  тілектестік, шаттық атмосфераны орнату және әр алуан, эмоционалды ойындарды ұйымдастыру арқылы бала-бақшаның тәрбиешісі алдын ала-алады және балалардың өзіне деген сенімділігі мен мүмкіндіктерін арттыруға себеп бола алады.

Егер қабылданған шараларға қарамастан бала жылауық бола берсе, бұл демек мамандардың кеңесін талап ететін аурудың, эмоционалдық күйзелістің белгісі болуы мүмкін.