Баланы қалай мадақтау және тәртіпке келтіру керек?
Мақтау және тәртіпке келтіру ережелері
- русский
- Қазақша
Қай заманда болмасын балаларын мейлінше дұрыс тәрбиелеу мәселесі ата-аналарды толғандыратын: үйлесімді тұлға қалыптасу үшін қалайша мадақтау және жазалау керек?
Мінез-құлықтың күшті реттеуіші – мадақтау, соның арқасында жаңа дағдыны меңгеру жылдамырақ жүреді. Дегенмен, жазалау қашан да зиян болмайтыны секілді кез келген мадақтау пайдалы болмауы мүмкін – тәрбиеде жақсы немесе жаман әдістер жоқ, орындысы немесе орынсызы болады.
Мадақтау мен жазалау екі формада жүзеге асырылуы мүмкін: материалдық және психологиялық. Бүгінгі қоғам ынталандыру мен жазалаудың материалдық түрін артығырақ көреді, яғни «Кәмпит әперемін – кәмпит әпермеймін». Бұл форма отбасына да, мектепке де тән. Қолдау (балаға көңіл бөлу, оған аяныш білдіру, қолдау көрсету, сенім білдіру және т.б.) және жазалау (ренжу, өкпелеу, қаталдықпен сөйлесу) көрінетін адамдардың өзара әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарының психологиялық формасы өте сирек қолданылады. Әрине, психологиялық құралдарды қолдану рухани күш жұмсауды ғана емес, белгілі бір айтарлықтай актерлік шеберлікті және баламен сөйлесе білу өнері мен оған түсінікті тілде түсіндіре алу ептілігін талап етеді. «Мұнда кел» деген сөзді 20 түрлі дауыс ырғағымен айтып үйренбейінше, ұстаз бола алмайсың» деп А.С. Макаренко текке айтпаған. Тек қана материалдық ынталандыру мен жазалау түрлерін пайдаланудан тәуелді, өзін-өзі қадағалауы төмен, негізінен, жағдайға байланысты «Қолға түсемін – түспеймін» деп бейімделетін адам тәрбиеленеді. Ықпал етудің психологиялық формасын қолдану тәртіпті бақылаудың ішкі механизмі ретінде ұят түсінігін қалыптастырады.
Мадақтау немесе «бастан сипау» ережелері
Әрекетіне қарай мадақтау баланы одан да жақсырақ болуға және өзіне-өзі сенімді етуге ынталандырады. Дегенмен де, әр баланың өзіндік мақтау «мөлшері» бар, сондықтан ата-анаға баланың реакциясын бақылаған жөн: ол «бастан сипағанды» қаншалықты қабылдауға дайын?
Шектеулер:
- баланың өз еңбегімен қол жеткізілмеген дүниелер үшін мақтамаңыз (көріктілік, денсаулық және т.б.);
- бір нәрсе үшін екі реттен артық мақтамаңыз;
- аяғандықтан мақтаудың қажеті жоқ;
- ұнау ниетімен мақтамаңыз.
Адамға күніне білдіру әдісі мен дәрежесіне қарай әр түрлі, кемінде 8 «сипалау» қажет. Мәселен, құрметтеу мен мақтауды сөзбен білдірумен қатар, құшақтау, сүйіспеншілікпен нәзік қарау және де тағы басқа бейсезімдік сипалау болуы мүмкін.
Мақтау нормаларына қойылатын жеке талаптар.
Әсіресе мақтауға балалардың келесі санаты мұқтаж:
-
Өзін-өзі кем сезінетін балалар, яғни өз бойынан тек кемшіліктер көретін балалар. Мақтаусыз мұндай балалар қиналады. Мұндай балаларға мадақтау өзінің құндылығын көруге және өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі.
-
Негізделген «шамадан тыс толыққанды» балалар (шынымен де талантты балалар). Мұндай балалар үшін мақтау – өсу гормоны, олар өздерінің артықшылығы жайлы біледі, бірақ қоршаған ортасының мойындағанына мұқтаж болады. Егер балаларды мақтамаса, олар солып қалмайды, дегенмен гүлдеп те шықпайды;
-
Бағалауға сезімталдығы өте жоғары намысқор балалар. Оларға, негізінде, мақтау зиян, бірақ бұл балалар онсыз жүре алмайды. Шешімі: баланы ашық мақтамау керек, алайда басқа балалармен салыстырудан аулақ болып, оған өзінің нақты жақсы жақтары жайлы айту қажет.
Мақтау түрлері:
-
«Өтем». Ауыр кемшілігі бар (дене кемшілігі бар, мінезі нашар, өмірде сәтсіздікке ұшыраған) балаларға қолданылады. Бұларды өздері еңбекпен қол жеткізбесе де, қолдарында жақсы не бар, сол үшін мақтаған жөн. Бұл жерде мөлшерді сақтап, баланың қай қасиетін нығайтқыңыз келсе, соны айтып мақтағаныңыз маңызды.
-
«Аванс» – бұл алдын-ала болатынға мадақтау, яғни озыңқы түрі. Ол адамға өзіне деген сенімділігін ұялатады. Біздің сенімділігіміз мүмкіндікті шынайылыққа айналдырады. Жоққа мақтау айту – қашан да жалған айтумен парапар емес. Сіз баланың жақсы жақтарын белгілеп айтсаңыз, ол өзінің дәл сол жағымды жақтарын көрсетуге талпынатын болады.
Міндетті түрде таңертең және ұйқыға жатарда мақтау қажет. Өзін-өзі одан сайын жақсартуға жасалған аз да болсын қадам үшін мақтау керек.
Алдын-ала мақтаудың келесі түрлерін атап кетуге болады:
- шындыққа қарамастан, бала бірдеңені жақсырақ жасайтынына сендіру;
- өзін жеңудегі шағын қадамдары үшін мақтау және қолынан келмей жатса да, ұрыспай, оның орнына қателіктерінен қандай пайдалы сабақ алуға және оларды шешудің жаңа шешімдерін табуға болатынын көрсетіп көмектесу керек;
- жаман қылықтары бірқалыпты деңгейде тұрса, оларды байқамауға тырысу қажет, ал егер жағдай жақсаратын болса, онда оны аңғарып, сол үшін мақтау қажет.
Авансты мақтауды қолданған кезде баланың шамасы жететін нәрсені, қолжетімділікті таразылап, оның аражігін аттап кетпеген жөн және шындықтан тыс шығатын нәрсеге ынталандыра отырып, баланы жаңылдырмау қажет.
-
«Көтерме» мақтау. Егер балаға қойылатын талапты күшейтетін болып жатсақ, жаңа ерлікке шабыттандыру ретінде мақтаудан бастаған жөн.
-
Қосалқы мақұлдау. Мақтауды қажет етпейтін мақтау, яғни көмек, кеңес сұрау және т.б. Басқа адаммен әңгімелесу барысында сөз арасында бала еститіндей етіп, ол жайлы жақсы, жағымды сөздер айту қажет. Бұл сөздер баланың құндылықтарын растау деңгейінде болу керек, бұл жерде баланың жағымсыз қасиеттерін айтуға мүлде болмайды.
-
«Махаббат шашуы» (жедел психологиялық көмек). Ерекше жағдайларда, бала дағдарысты жағдайды бастан кешкен кезде пайдаланылады. Балаға мейлінше көп махаббат пен көңіл бөлу, сөйтіп оның тез қалпына келуіне көмектесу керек.
Тәртіпке келтіру (жазалау)
Тәрбие берудің бұл әдісі жайлы көзқарастар қайшы келіп жатса да, ол қолдануға тұрарлық, себебі бұл әдіс ата-ананың балаға деген селқостығын емес, керісінше, сүйіспеншілігін білдіреді, сонымен қатар, оған өмірге деген түсіністік пен бейімділік береді. Сондықтан балалар жазалануға және оны, тіпті, өз мақсаттарында пайдалануға тырысады.
Көптеген ата-аналар тіл алмаушылықты тоқтату үшін алдын-алу шараларына қарағанда дереу жазалағанды мейлінше дұрыс деп есептейді. Кез келген жазалау әдісі қаншалықты сирек қолданылса, соншалықты әсерлі болатынын ұмытпаған жөн. Жазалауды жиі қолданған сайын балалар өтірікші, жалтарғыш бола бастайды, олардың бойында қорқыныш пен агрессия пайда болады.
Жазалаудың сендіргіштік ықпалы бар, егер ол жайлы балаға алдын-ала ескертілсе, себебі түсінікті және теріс қылығына сәйкес келеді де, сирек қолданылады.
Жазалау формалары
- ештеңе істемеуге мәжбүр болу – арнайы креслода, бұрышта және т.б. отырады;
- мадақтау мен артықшылықтан айырылу;
- қылығын айыптау.
Ешқашан болмайды:
- Күш көрсетуге, тіпті жай ғана шапалақтың өзін қолдануға болмайды.
- Жазалау ретінде қолмен немесе мимен жасалатын жұмысты пайдалануға болмайды.
Жазалау ережелері
- Жазалай отыра, ойланыңыз: Неге? Не үшін?
- Жазалау ешқашан денсаулыққа зиян келтірмеуі тиіс.
- Егер, жазалау керек пе, жоқ па, күмәніңіз болса, жазаламаңыз! Өзіңіз тым жұмсақ және мейірімді болып сезініп тұрсаңыз да, «артық болмас» деген оймен ешқандай жазалау болуы тиіс емес.
- Бір ретте бір ғана жаман қылық үшін жазалауға болады. Жазалаулар «салаты» балаларға қатысты қолданылмайды.
- Кешіктіріп жазаламаңыз – уақыты өткен соң, бәрі сызылып тасталуы тиіс.
- «Жазаланды — демек, кешірілді!», өмір бетін парақтап жіберу керек, ешқашан еске салмаңыз.
- Кез келген жазалау баланың беделін түсірумен қоса жүрмеуі, еш жағдайда үлкеннің күшінің кішінің әлсіздігіне қарсы жасалған жеңісі болып көрінбеуі тиіс.
- Бала ренжітпеуі мүмкін емес – бұл қалыпты нәрсе, сондықтан оған сәйкесінше қараған жөн. Баланы қайта өзгертуге тырыспаңыз, сондай-ақ оның жаза алдында қорқынышпен өмір сүргенін болдырмаңыз.
Махаббатыңыздан айыру арқылы жазалауға болмайды! Себебі тек сіздің махаббатыңыз ғана балаға одан да жақсырақ болуға және үйлесімді тұлға болып өсуіне көмектеседі.