Ашу-ызаны басқару

Баланы өз эмоцияларын түсінуге және білдіруге қалай үйрету керек

UNICEF Kazakhstan
гнев
UNICEF
13 Қазан 2020

Балалар туралы айтпағанда, көптеген ересектердің өзі, олардың көңілінде не болып жатқанын, неге көңілдерінің толмайтының айтып жеткізе алмайды. Ал егер адам өзінің рухани жағдайын бағалай алса және түсінсе, онда бұл өзіне де және басқаларға да жеңілірек болады.

Өзін-өзі түсінуді дамыту үшін баламен бірге жасауға болатын келесі әдістерді ұсынамыз:

Келесі сұрақтарды қоя отырып, балаңызды өз көңіл-күйін және сезімдерін сипаттап беруін сұраңыз (олардың кейбірін таңдай отырып немесе дәйекті түрде қоюға болады):

"Өзіне құлақ сал. Егер сенің көңіл-күйінді бояуға болатын болса, онда оның түсі қандай болар еді? Сенің көңіл-күйін қандай жануарға немесе өсімдікке ұқсайды? Бұл сезімнің түрі қандай? Ол дененің қай жерінде орналасқан? Ал қуаныш, қайғы, үрей, қорқыныштың түстері қандай?"

"Көңіл-күй мен сезім күнделігін" жүргізуге болады. Онда бала күн сайын (күніне бірнеше мәрте де ) өз көңіл-күйі мен сезімінің суретін салатын болады. Оған не ұнайтынына байланысты, бұл смайлдар, пейзаждар, адам фигуралары болуы мүмкін. Ең бастысы баланы сезімдерді ажыратуға және сипаттама арқылы оларды бастан кешіруге көмектесу.

Сіз ашу-ызаны білдірудің келесі жолдарын қолдана аласыз:

  1. Сүйікті әнді қатты шырқау.
  2. Нысанаға (дартс) дротиктерді лақтыру.
  3. Ашудың суретін салып, оны жыртып, лақтырып тастау.
  4. Үй жануарларымен ойнау.
  5. Сабын көпіршіктерін үрлеу.
  6. Бірнеше парақ қағазды жұмарлап тастау, содан кейін оларды лақтырып тастау.
  7. Сүйікті іспен айналысу.
  8. Ермексаздан өкпелетуші мүсінің жасап оны қиратып тастау.
  9. Бокс грушасымен "жекпе-жек" ұйымдастыру.
  10. Үстел футболын (баскетбол және т.с.с.) ойнау.
  11. Үйдің айналасында бірнеше шеңберді жүгіріп өту.
  12. Жылы ванна, душ қабылдау.
  13. Достарға қоңырау шалу.
  14. Шай ішу.
  15. Сүйікті музыканы тыңдау.
  16. Өкпелетушіге өз сезімдері туралы айту.
  17. Өз сезімдерін жақын адаммен бөлісу, онымен болып жатқан оқиғаларды талқылау.

Сондай-ақ, ашу-ызаны басқаруға көмектесетін келесі арнайы жаттығуларды жасауға тырысыңыз,:

  1. "ТОҚТА" тыйым салатын белгісін бірге салыңыз және бала қатты ашулана бастағанын сезінгеннен кейін, бұл белгіні бірден алып, дауыстап немесе ішінен "Тоқта!" деп айтсын. Сіз өзіңіз де ашу-ызаны басу үшін осындай белгіні қолдануыңызға тырысып көруге болады. Бұл әдістемені пайдалану дағдыны бекіту үшін бірнеше күн бойы жаттығуды талап етеді.
  2. Баланы да (өзіңізді де) ашуды қолайлы түрде білдіруге үйретіңіз. Ата-аналармен немесе достармен барлық жағымсыз жағдайларды талқылау керек екенін түсіндіріңіз. Баланы ашу-ыза мен ашулануды білдірудің ауызша формаларына үйретіңіз ("Мен ренжідім, мені бұл ренжітті, мен ашулымын").
  3. Теріс эмоцияларды сыртқа шығару үшін "сиқыр-заттарды" пайдалануды ұсыныңыз:
    1. шыныаяқ (оның ішіне айқайлауға болады);
    2. қағаз парақтары (оларды жұмарлауға, жыртуға, күшпен қабырғадағы нысанаға лақтыруға болады);
    3. ермексаз (одан өкпелетуші мүсінің жасауға болады, содан кейін оны езіп немесе қайта жасауға болады);
    4. "Бобо" жастығы (оны лақтыруға, ұрып-соғуға болады). "Бәсеңдеу үшін" бөлек жастықты белгілеңіз, оған көз бен ауызды тігіп қоюға болады, бұл мақсат үшін жұмсақ ойыншықтар мен қуыршақтарды қолдануға болмайды, бірақ бокс грушасы жарап қалады.
    5. Аталған барлық "сиқыр заттарды" ересектер де қолдана алады!

Сіз енді өз эмоцияларыңызды жоққа шығарып, оларды өзінен жасыруға тырысқанның өте зиянды екенін түсінген шығарсыз?

Мұндай әрекеттердің салдарынан жүрек аурулары, невроздар, үлкен жаста жоғары қан қысымы, сондай-ақ айналасындағылардың түсініспеушілігі, жоғары ашушандық, агрессияшылдық, қарым-қатынас мәселелері туындауы мүмкін. Сондықтан баланы өзіне және айналасындағыларға зиян келтірмей, эмоциялар мен сезімдерді сау тәсілдермен "білдіруге" және оларды қабылдауға үйретіңіз және өзіңіз үйреніңіз. Сондай-ақ, кез келген эмоция ары кеткенде 15 минутқа созылатының, сондықтан оның өткінші екенін білу қажет және егер де сіз оны қабылдап, бастан кешуге мүмкіндік берген болсаңыз, жағымсыз жағдайды еске түсіріп оны күшейтудің қажеті жоқ.

Негізгі тұжырымдар

Өз эмоцияларын қабылдау және түсіну денсаулықты (физикалық және психикалық) сақтау үшін маңызды дағды болып табылады, ал өз мәселелерімен бөлісу және оларды басқалармен ортақтасу мүмкіндігі өзімен және қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.