Анар Рахимбаева Копенгагендегі ЮНИСЕФ Халықаралық кеңесінің отырысына қатысты

Кездесу жаһандық филантроптар қауымдастығы мен ЮНИСЕФ басшылығының басын қосты.

Эльвира Яушева
Анар Рахимбаева на встрече Международного совета ЮНИСЕФ
ZhanarZhaxylyk
28 Сәуір 2026

Қазақстандағы ЮНИСЕФ Консультативтік кеңесінің тең төрағасы Анар Рахымбаева Копенгагендегі БҰҰ қалашығында (UN City) өткен ЮНИСЕФ Халықаралық кеңесінің (UNICEF International Council) Еуропалық өңірлік кездесуіне қатысты.

Кездесу балалардың әл-ауқаты жолындағы негізгі сын-қатерлерді талқылау мақсатында жаһандық филантроптар қауымдастығы мен ЮНИСЕФ басшылығының басын қосты. Күн тәртібінің өзекті мәселелері — тамақтану бағдарламаларын тұрақты қаржыландыру, өмірлік маңызы бар тауарлардың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету және вакцинацияға қолжетімділікті арттыру болды.

Анар Рахимбаева принимает участие в Европейской региональной встрече Международного совета ЮНИСЕФ
ZhanarZhaxylyk Анар Рахимбаева ЮНИСЕФ Халықаралық кеңесінің Еуропалық өңірлік кездесуінің талқылауларына қатысуда.

Сондай-ақ қатысушылар ЮНИСЕФ-тің Жаһандық жабдықтау және логистика орталығында (UNICEF Supply Division) болды. Бұл — БҰҰ жүйесіндегі ең ірі логистикалық хаб. Ол арқылы жыл сайын дүние жүзіндегі миллиондаған балаға вакциналар, дәрі-дәрмектер, білім беру жиынтықтары мен көмекші технологиялар жеткізіледі.

ЮНИСЕФ Халықаралық кеңесі — балалардың құқықтарын қорғау және тұрақты шешімдерді әзірлеу үшін өз ресурстары мен тәжірибесін біріктіретін филантроптар мен бизнес көшбасшыларының жаһандық қоғамдастығы.

Анар Рахимбаева Қазақстандағы ЮНИСЕФ Консультативтік кеңесінің атынан жұмыс сессиялары мен сарапшылық талқылауларға қатысып, балаларды қорғаудағы отбасыға бағытталған тәсілдерді дамыту бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті. «Ана үйі» қоғамдық қорының негізін қалаушы ретінде ол көптеген жылдар бойы баланың өз отбасында қалуын, ал бұл мүмкін болмаған жағдайда баланы баламалы отбасына орналастыруды көздейтін тәсілді ілгерілетіп келеді.

Бұл жұмыстың нәтижесі тек сандармен ғана емес, мыңдаған баланың тағдырымен өлшенеді. Бүгінде қордың ресурстық орталықтары бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейді. Уақтылы көрсетілген қолдаудың арқасында 7800-ден астам жаңа туған нәресте өз аналарымен қалды. Сонымен қатар, жобаның қолдауымен 2000-нан астам бала асырап алушы отбасын тапса, 1200-ден астам бала интернаттық мекемелерден өз отбасыларына қайтарылды. Жетімдіктің алдын алудың қазақстандық моделі бүгінде шетелде де сәтті қолданылып, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Малайзияда іске асырылуда.

Члены Международного совета ЮНИСЕФ
ZhanarZhaxylyk ЮНИСЕФ Халықаралық кеңесінің мүшелері Копенгагендегі өңірлік кездесуде.

Ұлттық консультативтік кеңестер өкілдерінің қатысуы ЮНИСЕФ-тің жаһандық сараптамасы мен ел деңгейіндегі практикалық шешімдер арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. ЮНИСЕФ-те мұндай тәжірибе алмасу мен серіктестік бүкіл әлемде балалар мен отбасыларды қолдаудың тиімді модельдерін кеңейтуге көмектесетінін атап өтті.

ЮНИСЕФ Халықаралық кеңесі әрбір баланың мүддесі үшін жаһандық күн тәртібін дамытуға үлес қосатын әлемнің түкпір-түкпірінен 170-тен астам қатысушының басын қосатын стратегиялық диалог алаңы болып табылады.