«Балалар тіл білмеген кезде, өздерін көрсете алмайды»

Астаналық мектеп мұғалімінің Akelius платформасында балаларды сауаттылыққа үйрету тәжірибесі туралы

Маргарита Бочарова
Учитель едет занятие по русскому языку
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
04 Шілде 2022

Елордадағы «Юго-Восток» шағын ауданында қалалық ірі мектептердің бірі – №53 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейі жұмыс істейді. Оқу мекемесі Нұр-Сұлтан қаласында тұрғыны тығыз ауданда орналасқандығымен ғана емес, сонымен қатар БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қолдауымен миграциялық процестердегі балалардың сауаттылығын көтеру, сонымен қатар білімін толықтыруды қажет ететін балаларды қолдау жөніндегі қанатқақты бағдарламасына қатысуымен де ерекшеленеді. Аптасына екі рет орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санаттағы мұғалімі Гүлнар Рахымғазина өзінің Қытай, Әзербайжан мен Өзбекстаннан келген оқушылары үшін сабақ өткізеді.

Учитель проводит занятие с учениками.
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Мұғалім Гүлнар Рахымғазина оқушылармен сабақ жүргізеді. Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

«Мен үшінші сыныптан бастап ұстаз болғым келетіндігін жаза [шығармаларда] бастаған шығармын. Мен балаларды жақсы көремін, мен оларды оқытқым келеді», – дейді 35 жылдық еңбек өтілі бар педагог. Бүгінде Гүлнар Мырзағалиқызы қазақтілді сыныптарға орыс тілі пәнінен сабақ бере отырып, жаңартылған бағдарламада грамматикаға аса көп уақыт бөлінбейтіндігіне мұң шағады.

«Алайда, біз бәрібір балалардың сауатты болуына, олардың білім көкжиегінің дамуына мән беріп, оқушыларды барынша оқуға ынталандырамыз», – дейді мұғалима.

Гүлнар Мырзағалиқызы мұндай қадамды Akelius платформасында арнайы жасалған курсты пайдалана отырып, балалардың сауаттылығын арттыруда да қолданады.

Оның тобында — 15 оқушы бар. Олардың екеуі Қарағандыдан онлайн қатысса, қалғандары міне, бір жыл бойы бейсенбі және сенбі күндері күндізгі сабақтарға келеді. «Мендегі балалардың жастары да білім деңгейлері де әртүрлі. Алты ұл, тоғыз қызым бар», – дейтін Гүлнар Мырзағалиқызы өзінің ерекше тобы туралы әңгімелей отырып, «тамаша жасақталған» курс аясындағы балалармен жұмыс істейтіндігіне қуанатынын да мойындайды.

Гүлнар Рахымғазина – жобаға қатысуға шақырылған кездейсоқ педагог емес. Біріншіден, ол он жылданастам уақыттан бері астанаға Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан көшіп келген мектеп оқушылармен жұмыс істейді. Екіншіден, оның басқа елдерден көшіп келген ересектер үшін де орыс тілі пәнінен сабақ беру тәжірибесі бар.

«Біздің Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданына қоныс аударған отбасылар өте көп болды, оларды, Қытайдан келген қандастарымызды қолдау өте қажет болды. Олар кешке келетін [мектепке], ал мен оларға сабақ беретінмін. Мен осы жобаның әліппесін қандастардан бастадым», – деп еске алады педагог.

Ученик на занятии по программе Akelius
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Теймур Ибрахимов, Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің кеңсесінде Akelius бағдарламасы бойынша сынып оқушысы. Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Қазір ол осының бәрін алғыс сезімімен еске ала отырып, осы тәжірибе балалармен жұмыс істеу барысында талай қателіктен қашуға мүмкіндік беретініне сенеді. Гүлнара Мырзағалиқызы әрбір шәкірті туралы толығырақ баяндай отырып, олармен жеке жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті: мәселен. кейбірі мұғалім алдына мүлде тіл білмей келсе, ал кейбірі тек әліппені ғана таниды.

«11 сыныпта оқитын бала тек әріп қана танитын еді. Жәй автоматты түрде көшіріп жазғанымен, тіл білмейді. Оған мәтіндегі сөз не жайлы екені беймәлім болатын», – деп еске алады орыс тілі пәнінің мұғалімі өзінің Қытайдан келген 15 жастағы оқушысы туралы.

Айлар өте келе ауыр жұмыс өзінің алғашқы нәтижелерін бере бастады: «Олар енді 3-4 сыныптың оқулықтарын оқитын болды. Иә, тіпті еркін сөйлей бастады. Олардың араласатын ортақ тілдері бар: бір бірімен сөйлесіп, керек жерінде қажетін сұрай алады», – дейді педагог. Әсіресе, Гүлнар Мырзағалиқызына әріптестерінің пікірі ұнайды.

«Мысалы, Қарлығаш Бақытқызы Шахсанамның орысшасы түзелді дейді. Ол қазір өздігімен БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау – ред. ескертпесі) орындай алады. Қазір ол оқып отырғанын түсінеді», – дейді мұғалима өзінің Өзбекстаннан келген шәкірті жайлы.

Школьники на занятии по программе Akelius
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Шохсанам Ержанова және Бахтияр Ержанов - оқушылар Akelius бағдарламасы сабағында Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицей кабинетінде. Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Мұндай ілгерілеу басқа да мұқият жоспарланған сабақтардың арқасында іске асқан. Гүлнар Мырзағалиқызының сабағы әдетте артикуляциялық және сөйлеу жаттығуларынан басталады, содан кейін өткен материалды қайталау, жаңа тақырыпты пысықтау мен оны бекіту, мұғаліммен және сыныптастарымен диалог жүргізу міндетті, ал соңында – қорытынды сынақ. «Кейде біз сабақ арасында балалармен ойнаймыз, бірақ олар жаңа сөздерді меңгеріп, есте сақтап, білуі үшін және оны естігенде дыбыспен қабылдайтындай етіп ойнаймыз», – дейтін мұғалім сол арада ванна, аю мен ай туралы жұмбақ-тақпақтарды келтіреді.

Мұндай нәтижелілікті планшетпен жұмыс істеу да қамтамасыз етеді, соның көмегімен балалар Akelius платформасына кіре алады. «Планшетте бәрі есептелген, деңгейлері жазылған. Әрбір бала бір деңгейден екінші деңгейге өткен кезде ұпай жинайды», - дейді Гүлнар Мырзағалиқызы Akelius білім беру платформасының қағидасын түсіндірген кезде. Басқа уақытта мұғалім оқушыларды тікелей бағалаудан қашады.

«Мен бәріне бірдей қараймын, ананы да, мынаны мақтауға тырысамын. Мұнда бізде еркін орта бар, бірақ мен олардан дұрыс сөйлеуді, дұрыс айтуды талап етемін», - дейді мұғалім.

Учитель проводит занятие с учениками.
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Мұғалім Гүлнар Рахымғазина оқушылармен сабақ жүргізеді. Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Мұғалім мен балалар арасындағы достық қарым-қатынас пен кедергілердің болмауы олардың еркін болуына септеседі: «Олар нені түсінбегінін бірден айтады. Сол кезде бізде қазақ тіліне аударма жасалып, және ол да көрнекі көрсетіледі», – дейді Гүлнара Мырзағалиқызы. Мұнан да бөлек, педагог өз оқушыларына сабақтан тыс кезде де көмектеседі. «Мәдина барлық оқулық, дәптерлерін мысалы, бірінші сынып бағдарламасы бойынша орындай алмаған пәнін алып келеді, мен оған түсіндіремін, білмегенін көрсетемін», – дейді мұғалім Әзербайжаннан келген оқушы қыз туралы. Ал педагог Қытайдан келген тоғызыншы сынып қызын қосымша экзаменге дайындап, тест тапсырмаларын түсіндірген.

Гүлнар Мырзағалиқызына оқушыларының ата-аналары да алғыс білдіріп келіп тұрады. Тоғызыншы сынып оқушыларының бірінің анасы бұған дейін басқа ұлт өкілдерімен араласқан кезде қиындықтарға тап болғанын, ал қазір қызы оған ортаға бейімделуге көмектесетінін, тіпті аудармашы қызметін атқаратынын мойындайды. Дегенмен, бағдарламаның басты бағыты, әрине, балалар болып қала береді – «бұл жерде балалардың әлеуметке кірігуі үшін олардың өздерін жайлы сезінуіне үлкен мән беріледі». Гүлнар Мырзағалиқызы балалардың сауаттылығын арттыру ісіне итермелеген де осы екендігін мойындайды.

Жобадағы басқа да педагогтар сияқты, мұғалімге методикалық және ұйымдастырушылық қолдауды мектеп қана емес, басқа да мүдделі тараптар көрсетеді. Осылайша, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің сарапшылары әртүрлі сәтті әдістерді, соның ішінде бағалауды қолдана отырып, сабақты жоспарлауға, аралас оқытуға әдістемелік қолдау көрсетеді. Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы бағдарламаға мұқтаж студенттерді анықтауға көмектеседі. Сол сияқты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығы да әдістеме бағдарламасы мен үйлестіруді қолдайды.

Ученик занимается по программе Akelius на планшете.
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Ученик занимается по программе Akelius на планшете. Нур-Султан, Казахстан.

Педагог әсіресе, балаларға жүктеменің рұқсат етілген мөлшерден асып кетпеуін ерекше қадағалайды. «Бірден көп нәрсе талап ету мүмкін емес, өйткені басқалар бес-алты жыл мектепте оқыған барлық грамматиканы бір жылда үйрену мүмкін емес», – деп әділін айтады ол. Мейлі, балалар әлі күнге дейін барлық фразеологизмдерді толық түсінбесе де, жалпылама жалғауларды шатастырса да, ең бастысы олар қарым-қатынас барысындағы психологиялық қысымдардан құтылды», – деп есептейді Гүлнара Мырзағалиқызы. Ал қарым-қатынас мүмкіндіктерін кеңейтудің бонусы – цифрлы сауаттылық пен оқуға деген ынтаның артуы болды.

«Олар тіл білмесе, өздері туралы айта да, өз ойларын жеткізе де алмайды, не қалайтынын, өз пікірін білдіре алмайды. Біз осы жерде оларға осыны үйретіп жатырмыз», – деп сөзін түйіндеді Рахымғазина.