Ұрпақтар арасындағы хикаялар жинағы
Хикаялар жинағы
- русский
- Қазақша
Қысқаша ақпарат
«Ұрпақтар арасындағы хикаялар жинағы» Қазақстандағы ЮНИСЕФ пен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жұмысы аясында, Еуропалық одақтың қолдауымен дайындалды. Жинаққа мектеп оқушыларының, соның ішінде қақтығыс әсер еткен аумақтардан оралған балалардың әлеуметтік бірлігін, ұлттық бірегейлігін және азаматтық белсенділігін нығайтуға арналған ертегілер мен әңгімелер енгізілді.
Жарқын бейнелер, ертегілік оқиғалар мен өмірлік хикаялар арқылы кітап балалар мен жасөспірімдерге жақсы әдеттердің, денсаулыққа қамқорлықтың, тіл мен мәдени мұраның маңызын түсінуге көмектеседі, сондай-ақ құрметке, өзара көмекке және өз күшіне сенуге үйретеді.
Жинақ тегін таратылады және оны педагогтар мен ата-аналар балаларды тәрбиелеу мен дамытуға қосымша материал ретінде пайдалана алады.