Қызылорда облысындағы жасөспірімдер арасында психикалық денсаулықты нығайту және суицидті
Тысқары тәуелсіз бағалаудың негізгі нәтижелері және өнегелі тәжірибе жөніндегі есеп

Қысқаша ақпарат
2015 жылдың мамырынан бастап 2017 жылдың мамырына дейінгі аралықта Қазақстан Үкіметі Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің қолдауымен Қызылорда облысында «Жасөспірімдер арасында психикалық денсаулықты нығайту және суицидтің алдын алу бағдарламасын» (әрі қарай – Бағдарлама) пилоттық тәртіпте енгізді.
Осы қысқаша шолуда аталмыш Бағдарламаның негізгі нәтижелері мен тысқары тәуелсіз бағалаудың ұсынымдары келтірілген.
Есеп 2018 жылдың шілдесінде Itad («Халықаралық дамуға арналған мониторинг және бағалау», Ұлыбритания) компаниясымен дайындалған және компанияның 2017 жылдың қазаны мен 2018 жылдың сәуірі аралығында жүргізген тәуелсіз бағалауының нәтижелеріне негізделген.