Екі зерттеудің негізінде алынған Қазақстандағы инклюзивті білім беру жайлы деректер

Екі зерттеу тарихы

Inclusive education in Pavlodar
UNICEFKazakhstan/2023/GalinaSorokina

Қысқаша ақпарат

JB жүргізген формативті бағалауының мақсаты 2011-2021 жылдар аралығында мемлекеттік білім беру бағдарламаларының қалай жұмыс істегенін инклюзивтілікке ерекше назар аудара отырып зерттеу болды. Бағалау мектепке жасына дейінгі балалар мен орта мектеп жасындағы балаларды қамтыды. Үлкен деректерді қолданумен бағалау немесе “Әлеуметтік желілер мониторингі” (ӘЖМ) балалардың белгілі бір жас тобына ғана бағытталған және мүдделі тараптардың әлеуметтік желілер мен интернеттегі бұқараларық ақпарат құралдары (интернет БАҚ) арқылы көрсетілген әртүрлі көзқарастарын одан әрі түсінуге бағытталды. Демографиялық ахуал Қазақстанның салыстырмалы түрде жас ұлт екенінің көрінісі болып табылады. Жастар әлеуметтік желіні қолдануға бейімірек екенін ескерсек, олар - елде жүріп жатқан талқылаулардың, соның ішінде инклюзивті білім беру мәселелері бойынша талқылаудың маңызды көзі.

Осы қосымша бағалаулардың нәтижелері жиынтығында ЮНИСЕФ-ке, Оқу-ағарту министрлігіне және Қазақстан Үкіметіне, атап айтқанда, инклюзивті білім беруді трансформациялау бойынша болашақ стратегиялар мен саясатты негіздеу үшін ақпарат алуға мүмкіндік берді. Бұл нәтижелер сонымен қатар белсенді қызмет атқаратын немесе инклюзивті білім беруге инвестицияларды қолдайтын үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ғылыми мекемелер үшін пайдалы болуы мүмкін. Осы құжатта зерттеу нәтижесінде алынған нақты деректер жинақталған және елдегі инклюзивті білім беру нәтижелерін жақсарту жөнінде практикалық ұсынымдар берілген.

Автор
Арсений Гурин, Удаян Раторе, Жанар Жақсылықова
Жариялау Күні
Тілдер
Қазақша, Орыс, Ағылшын